«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1-Мамыр Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне «Бірлігіміз жарасқан!» атты іс-шаралардың анықтамасы

19.05.2021

      Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың , ынтымақ пен ырыстың ордасына айналған. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол  ұстасып бірге жүрмек, осыған орай   1-Мамыр  Қазақстан  Халықтарының Бірлігі күніне арналған біздің мектеп-балабақшада «Бірлігіміз жарасқан!»  атты  әр топта тәрбие сағаттары  өтті.     Тәрбие  сағаттарының мақсаты:  Елімізде мекен етіп отырған өзге ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерімен,  олардың өнер мен салт-дәстүрлерімен таныстыру,  «достық», «бірлік» ұғымдар  туралы мағлумат беру,  татулыққа, мейірімділікке, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Бейбітшілік символы көгершін құстары сол күні  топтарды  толтырды, тәрбиеленушілер  әр ұлттың киімдерін киіп, ән шырқап, би биледі.  Сонымен қатар тәрбиешілер бейне таспаларды  қолданып сол күні өтетін шеруді балаларға көрсетіп түсіндірді, достық, бірлік туралы мақал-мәтелдерді үйретті. «Мирас» мектепалды даярлық тобында «Татулық-достықтың киелі бесігі» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Киелі шаңырақ астына әр  ұлт өкілдері жиналып ұлттық тағам,  өнер, дәстүрлерін  паш етіп ортаға салды.

Сыныптарда  оқушылар ынтымақ, бірлік туралы өлең шумақтарын айтып, ән шырқады. «Тату тәтті боламыз...!» атты көріністін мағнасын ашып, 
бір ұлт болып, бір жерде бірігеміз деген пікірге келді. Бір елде мәңгі өмір сүреміз, бірлік, достық айырылмас әніміз, бірге жүріп, бірге оны шырқаймыз. Қазақ, татар, орыс, армян бол,  дос болудан қашпаймыз.

 

Просмотров: 196

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст