Текст
Бөбекжайымыздың мектепалды топ тәрбиешісі Тулегенова Жанат Копжановна өз педагогикалық тәжірибесін қорытындылап, тарату және жұмыс нәтижесін көрсету мақсатында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқауының аудандық кезеңіне өтініш жіберіп, байқау ережесі бойынша құжаттар тапсырып бағын сынады. Аудандық кезең нәтижесі бойынша Гран ПРИ жеңіп алып, байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алған болатын. Облыстық кезең 2- турдан тұрды. Жанат Копжановна портфолио мазмұны мен эссе бойынша 2- турға өтіп, Көкшетау қаласының «Айша» балабақшасында оффлайн түрде ұйымдастырылған іс- әрекет көрсетті. Байқау нәтижесі бойынша Жанат Копжановна кәсіби шеберлігінің арқасында жүлделі І орынға ие болды. Әріптесімізді құттықтаймыз.