«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бестемше» ұлттық ойынын үйретудің әдістемелік ерекшеліктері тақырыбында оқыту семинары.

28.04.2025

Құзыреттілік орталығының жылдық жоспарына байланысты сәуір  айында «Бестемше» ұлттық ойынын үйретудің әдістемелік ерекшеліктері тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды.  Мақсаты: «Бестемше» ойынының әдістемелік ерекшеліктерімен таныстыру, тәжірибе бөлісу. Семинарға аудандық балабақшалар, шағын орталықтардың тәрбиешілері мен дене шынықтыру нұсқаушылары қатысты. Оқыту семинарында республикалық «Алаңдағы бестемше» байқауының жеңімпазы атанған дене шынықтыру нұсқаушысы Сагиндыков М.К. өзінің іс- тәжірибесімен бөлісті. Семинарға қатысушыларға Түркістан қаласында өткен «Түркі халықтарының зияткерлік ойындары: өзектілігі мен болашағы» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми- практикалық конференцияда алған әсерімен, ақпараттарымен бөлісті. Республикалық «Алаңдағы бестемше» байқауы жайлы мағлұмат берді. Өзінің «Бестемше» атты әдістемелік жинағымен таныстырды, жалпы «Бестемше» ойынының шығу тарихы, ойын ережесімен презентация арқылы таныстырып өтті. Соңында семинар қатысушыларымен практикалық жұмыс жасап, ойын ойнатылды. Педагог- психолог Каменова Ж.З. оқыту семинарына қатысушылармен тренинг өткізді.

Просмотров: 133


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст