«Татулық - достықтың киелі бесігі»
Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен балалар!
«Татулық - достықтың киелі бесігі» атты мерекелік іс - шараға қош келіпсіздер!
Бірлік пен ынтымағы халықтың -
Көгімізде жарасқан жарық күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!- дей келе,
Қазақстан Республика халқының бірлік күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.Құрметті балалар, әріптестер! Сіздерді 1- Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! «Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек. Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір - бірімізбен қоян - қолтық аралас өмір сүрудеміз.
Ағайын - туған - бар адам.
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық! - дей келе әр ұлттың өкілдерімен әңгімемізді жалғастырайық.
Өзбек халқы: Амандасуы:
Тимур:---әссәлам деп қолдарын көкіректеріне қояды да содан әңгімеге көшеді хаммасы яхшымы
Малика: Өзбектердің негізгі тағамы өсімдік, сүт және сүт өнімдерінен жасалады. Сүйікті асы — палау. Басты сусыны шай, көбіне көк шай.
Амина: Ерлер жейде, шапан, тақия, жүн қалпақ, ал әйелдер слан матадан тігілген көйлек, шапан , орамал киді.
Әділ: Өзбектердің дәстүрлі кәсібі — егіншілік, сауда және ұсталық жақсы дамыған.
Хор: : «»
Жүргізуші:
Отаным ордасы ғой игіліктің,
Көңіліне күн орнатқан күлкі жұрттың.
Шаңырағы кң биіктен Отанымның,
Баянды бағы өрлеген әрбір ұлттың!
Орыс халқы: Амандасады:
Арлан: Орыс — ұлты, Ресей Федерациясының негізгі халқы.
Қ:Айзере: Дәстүрлі орыс ерлер киімі қисық жағалы көйлек болып табылады, оның сыртынан әдетте белбеумен буған.
Алижан: Орыс халқында ерекше саналатын салт-дәстүрлердің бірі – ыдыс шағу ырымы. Бұл дәстүр адам өміріндегі өзгерістерге байланысты орын алады.
Ойын: «Гүл жинау»
Жүргізуші:
Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім, шарықтай бер кемелден!
Қазақ халқы: Амандасуы:
Ш.Айзере: Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан.
Айым: Қазақ халқында көптеген салт дәстүрлер мен ырымдар бар. Олардың мән-мағынасы, берер тәрбиесі мол.
Айлана: «Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», - деген ұлы адамдар.
Айзара; Қазақ халқының өмірінде ет тағамдары ең басты орынды иеленеді. Жүргізуші: Екі қазақ кездесе қалғанда жасы кішісі жасы үлкеніне «Ассаламағалейқум!» деп бірінші болып сәлем береді. Жасы үлкен кісі оған «Уағалайқумассалам!» деп жауап қатады. Тек содан кейін ғана егжей-тегжейлі аман-саулық сұрасады. Бұлай сәлемдесу бірін-бірі тіпті танымайтын адамдар үшін де міндетті болып саналады.
Тақпақтар:
Ш.Айзере:
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,
Татулығын жырға қосам ұлттардың
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
Айым:
Тәуелсіздік! Туы бекем тұр елім,
Жұмыр әлем жұдырықтай жүрегім.
О,Халайық, қуанышқа шашайын,
Ел бірлігін айқындайтын той биін.
Тимур:
Жаралған ұят, ар-намыстан,
Азаттық жолында алысқан.
Достықтың киелі мекені,
Сүйікті Отан – Қазақстан.
Қ.Айзере:
Достар биін билегенде халықтар,
Ұлы дүбір бар әлемге шарықтар.
Мамыр айы бейбітшілік бастауы,
Берекені болашаққа алып бар.
Айзаре:
Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Айлана:
Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Би: «Қазақ биі»
Жүргізуші:
Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген «Қырғыз, қазақ - бір туған», «Өзбек - өз ағам», «Түбі бірге түрікмен» деп қырғыз, өзбек, түрікмен және т. б. ұлттарды ынтымақтастыққа шақырған. Бірлік — халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.
Көрініс: «Бірлік»
Автор: Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен екен. Қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әуреленіп, былай бір бума шыбықты сындыра алмайды. Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп - оңай сынады.
Қария: бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке - жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады.
Жүргізуші :
Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білу жеңістен жеңіске жеткізеді. Оған халық куә, тарих куә! Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келеді. Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не?
Балалар:: Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе тыныштық, бірлік.
Балалар: : Әрине, халқымыз ең әуелі тыныштықты қалайды.
Ал, енді «тыныштық» деген сөздің мәнін білесіңдер ме?
Балалар: : Дүниежүзінде соғыс болмаса, тыныштық деген сол. Елдегі тыныштықты халық «береке - бейбітшілік» дейді.
Жүргізуші :
Сәбилер зәресін бұлт алмасын,
Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.
Ақ көгершін аспанымда қалықтап,
Барлық халық бейбіт күнді қолдансын.
Ән: «Балдырғандар әні»
Жүргізуші:
Мына бір аңызға тоқталайын.
«Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды.Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан»,Отан,Отан…. » деп шырылдай береді.Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма,ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жеберейін де,ұшқан жағына қарап,ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды.Сөйтіп торды ашып,құсты босатып жібереді.Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады.Сөйтсе,әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны -ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам.Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!
Жүргізуші:
Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,
Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.
Әлемге дос құшағын жая келген,
Армысын,бар халқымның ынтымағы!
Бармысын,қазағымның ынтымағы!
Би: «Достық биі»
Жүргізуші:
Достықты үлгісанаған,
Бірге біздер тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік атты-Мұ-ра-мыз.
Еркін алға басатын,
Ертегіге жол ашатын.
Ұрпақтардың бақыты,
Ұлы достық Жа-са-сын
Қорытынды:
Бірлік - халық салты. «Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады».
Бейбітшілік құсы, ақ көгершін,
Биік ұшып самғасын.
Тілегімізді жерге жайсын,
Қанаттары талмасын.