«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сыныптардың онкүндігінің өтілуі жайлы ақпарат

30.04.2021

«Бастауыш-білім негізі» атты бастауыш сынып онкүндігінің өтілуі жайлы ақпарат

 

«Балдырған» мектеп- балабақшасында  жоспар бойынша бастауыш сыныптардың онкүндігі өтілді. 13.04.21ж «Бастауыш-білім негізі» атты бастауыш сынып онкүндігінің ашылуы болды. Оқушыларға онкүндіктің жоспары мен атқарылатын жұмыстары жайлы түсіндірілді. Әр  күнге жоспарланған жұмыстардың тақырыптарымен таныстырылды.

Өтілген іс- шараларға тоқталсам,

-“Өрт қауіпсіздік ережелері” сурет көрмесі. Бұл тақырыпта оқушылар сурет салып, өрттің қауіпті жау екенін түсініп, оның қалай пайда болатыны жайлы мағұлматтар алды.

-“Өрт қауіпсіздік ережелері” тәрбие сағаты. Балаларға өрттің қаншалықты қауіпті екендігі туралы түсіндіру, оттың тілсіз жау екенін ұқтыру мақсатында оқушылармен тәрбие сағаты жүргізілді. Оқушылармен қауіпсіздік шараларын таныстыру үшін сынып оқушыларына мектеп көрмесіне апарып, әртүрлі әдістерді пайдаланып өрттің алдын алу шараларымен танысты.

-“Көркем жазу - өнер” сайысы. Бастауыш сыныптар арасында өткізілген сауатты, мәнерлі, көркем жазуға машықтандыру. Өнерге құштарлықтарын, эстетикалық талғамдарын, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулу мақсатында жүргізілген сайыс.

Сайысқа қатысушылар 1 сынып оқушылары. Екі сыныптан сайысқа қатысушы оқушылар іріктелініп алынды.

1 “А” сынып оқушылары: Қали Азамат, Шуленова Дарина, Утинова Айгерим

1 “Ә” сынып оқушылары: Қасқырбай Беколжас, Қайыр Мадина, Байтенов Бағдәулет

Сайыс нәтежиелерін әділ-қазылар алқасы шешті. Оқушылардың жазған мәтіндеріне қарай орындар мен мадақтау қағаздар берілді. Сайыс нәтижесі бойынша бірінші орын Қасқырбай Беколжас, екінші орындар Қали Азамат және Шуленова Дарина.

“Фрукты и овощи. Письмо” ашық сабақ. 1 «А»  сыныбында орыс тілі пәнінен ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақта оқушылар хат деген ұғыммен танысып, хат түрлерін таныды. Зиянды және пайдалы тағамдарды ажытарып жазып берді. Кемпірқосақ түстерін пайдаланып көкөністер мен жемістердің суретін сызды.

“Жарық не үшін қажет?” ашық сабақ.  1 «А»  сыныбында жаратылыстану пәнінен ашық сабақ өткізілді. Оқушылардың өткен білімдерін пысықтау ұяшықтарды ашу әдісімен өткізілді. Жаңа сабақ суреттер арқылы түсіндіріліп, әр-түрлі тапсырмалар орындалды. Алған білімдерін пысықтау мақсатында “Күн нұры” кері байланысы пайдаланылды.

Бастауыш сыныптар арасындағы онкүндік жұмыс жоспарының екінші аптасында «Құстарға біз қамқоршымыз!», «Жыл құстарымен математика әлеміне ұш!», «Ана тілің – арың бұл!», «Біз білімді ұрпақпыз!» тақырыптарымен жалғасты.

-«Құстарға біз қамқоршымыз!» тақырыбында оқушылар сурет салып, сурет көрмесін ұйымдастырды, торғайларға ұя жасап және құстарға қамқорлықтарын көрсетті.

-«Жыл құстарымен математика әлеміне ұш!»тақырыпты негізге ала отырып, 1 «Ә» сынып оқушыларына  жыл құстарымен байланыстырып, математикадан сайыс сабақ өтті. Оқушылар үш топқа бөлініп, таныстыру, ұшқыр ой, белес, бәйге, кім жылдам кезеңдері бойынша тапсырмалар орындады, әділ-қазылар әділ бағасын беріп отырды. Әділ-қазылар алқасы: Ш. Ж. Ондасыновна, О.М. Акансерикызы.  Сайыс сабақ нәтижесінде: «Торғайлар» тобы – І орын, «Қарлығаштар» тобы – ІІ орын, «Аққулар» тобы – ІІІ орынға ие болды.

«Ана тілің – арың бұл!» бастауыш сыныптар арасындағы онкүндікте өткен бұл тақырып бойынша екі сынып оқушылары;

1 «А»сынып оқушылары: Медеубай Нұрислам, Жанат Амина,Зупар Інжу.

1 «Ә»сынып оқушылыры: Манатұлы Амирлан,Уатхан Ұлар,Шалкенова Малика көктем және жыл құстарына байланысты өлең шумақтарын жатқа мәнерлеп оқу бойынша конкурсқа қатысты. Әділ-қазылар алқасы: Ш. Ж. Ондасыновна, Р.Г.Койшыбаевна болды. Конкурс нәтижесінде 1 «Ә» сынып оқушысы  Уатхан Ұлар бірінші орынға ие болды. Медеубай Нұрислам, Манатұлы Амирлан екінші орынды иеленді.

«Біз білімді ұрпақпыз!» онкүндіктің соңында өткізілген іс- шаралар қортындыланып, сайыс сабақ және конкурс нәтижелері бойынша оқушылар  громаталармен марапатталды.

 

Просмотров: 275


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст