Текст
«Балабақшадағы баланың киімі»
1. Бала балабақшаға таза киіммен келеді.
2. Топта баланың ауыстыратын аяқ киімі болу керек (еденде із қалдыратын қара табанды аяқ киімдер кигізбеуі қажет)
3. Балабақшада баланың киімдерін сақтайтын арнайы орыны бар, оны ата-анасы ретке келтіріп отырады.
4. Балабақшада әрбір баланың өзінің тарағы және өз орамалы болуы тиіс.
5. Дене тәрбиесіне қатысу үшін баланың арнайы киімі болуы қажет, ол топ тәрбиешісі және ата-аналармен келісіледі. Даладағы дене тәрбиесі оқу іс-әрекетінде бөлек киім болуы керек.