Білім беру cаласы: “Коммуникация”
Бөлімдері: “Сөйлеуді дамыту”
Тақырыбы: “Нұрсұлтан-әсем қала”
Мақсаты: Балаларға еліміздің елордасы - Нұрсұлтан туралы мәлімет беру . Ойын арқылы балалардың ой - өрісін, есте сақтау қабілеттерін арттыру . Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,түсіндіру Билингвальді компонент: Мемлекет-Республика, елорда-столица. Көрнекіліктер: Слайд,макеттер,суреттер. Сөздік жұмыс: Байтерек,Ақорда,Пирамида,Ханшатыр.
Іс- әрекет кезеңдері |
Тәрбиеші әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері Үлкенге де сіз, |
Балалар тәрбиешімен бірге қосылып айтады. |
Ұйымдастыру- ізденушілік
|
Кіріспе сұрақтар: -Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады? -Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз? Балалар бүгінгі біздің оқу қызметіміз ерекше өтеді,себебі біз өз отанымыз,елордамыз жайлы мағлұмат аламыз. Біз қандай мемлекетте тұрамыз? Мемлекет-Республика Қане балалар орнымыздан тұрып біз еліміздің әнұранын айтайық. Еліміздің тұңғыш президенті кім?
Өте жақсы жарайсындар балалар
Слайд көрсету
Макет бойынша жұмыс Балалар мен сендерге шағын көрме дайындадым,мұқият қараймыз. Нұрсұлтан қаласы туралы мәлімет беру - Балалар, мынау Қазақстанның ел ордасы - Нұрсұлтан. Ол жаңадан бой көтеріп келе жатқан жас қала. Ал мынау - Ақорда үйі. Онда біздің елімізді басқаратын президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отырады. Мынау - Бәйтерек. Ол өте биік, оның биіктігі 105метр. Мұнараның жоғары жағында шыныдан жасалған алтын шар бар. Мұнараның жоғарғы жағына көтерілсек, Нұрсұлтан қаласы толығымен көрініп тұрады. Ал мынау- Пирамида. Бейбітшілік және келісім срайы.Ал мынау –Нұрсұлтан қаласының ең ірі ойын-сауық отауының бірі- Хан шатыр . Хан шатырға адамдар көңілдерін көтеру үшін барады .
Балалар сендер шаршаған боларсындар,бір сергіп алайық. Сергіту сәті.
Тақпақтар: Балалар кім Отан, Қазақстан,Елорда туралы тақпақтар біледі?
Гүлдара Ел ордам менің -Астана, Осында жаңа бастама. Сәулетті,зәулім үйлер көп, Көрікті сондай жас қала.
Еркін Астанама қарашы, Елімнің жас қаласы. Неткен ұлы,неткен кең, Қазағымның даласы.
Тасмина Ардақталды Астанам Мәртебелі бас қалам. Көркейе бер күн сайын, Алға қарай, бас қалам.
Арег Отан-сенің ата-анан, Отан-досын,бауырын. Отан-өлкең,астанан, Отан-аудан,ауылын.
Жарайсындар балалар.
Ойын: «Дұрыс құрастыр» Балалар менде сурет қиындылары бар,маған суретті дұрыс жинауға көмектесесіңдер ме? Қандай суреттер құрастырып шықтық?
|
Сәлеметсіздерме. Қыс жыл мезгілі Айнала аппақ қар,дала суық,аяз,боран. Аққала жасаймыз,шанамен сырғанаймыз.
Қазақстан Республикасы
Әнұран орындау Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Сергіту сәтін қимылмен орындайды.
Балалар өз жыр шумақтарын кезекпен айтады.
Ойынды қызыға ойнайды.
Байтерек, Ханшатыр,Пирамида,Ақорда. |
Рефлексивті- түзетушілік. |
Ойын: «Доп лақтыру» ойыны арқылы оқу қызыметті қорытындылау. Біз қандай республикада тұрамыз? Мемлекетіміздің елордасы қандай қаламен таныстық? Жарайсыңдар тақырыпты өте жақсы меңгеріпсіңдер.Балаларды мадақтау. |
Балалардың жауаптары
|
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Қазақстан Республикасы,Нұрсұлтан қаласы,Н.Ә.Назарбаев туралы білімдерінің білуі;
Түсінеді: Елордамыз Нұрсұлтан жаңа дамып келе жатқан қала екенін;
Қолданады: Тақпақтарды,сурет бойынша әңгімелесуді.