Әлеуметтік дағды: «Сөйлеуді дамыту»
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаты: Үй жануарлары туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Үй жануарларын еркін атауға үйрету. Үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.
Қолданатын көрнекіліктер: үй жануарларының суреттері.
Қызметтің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық
|
Сәлеметсіздер ме! |
Қонақтармен амандасу. Тәрбиешімен бірге қайталайды |
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
Балалар біз бүгін үй жануарларымен танысамыз. Мынау үй жануары жылқы. Жылқының төлін –құлын. Жылқы шөп жейді Мынау – сиыр. Сиырдың төлін -бұзау дейміз Сиыр шөп, су, шөп жейді. Мынау - түйе. Түйенің төлі-бота Мынау – қой. Қойдың төлін –қозы деп атаймыз Мынау – ешкі. Ешкінің төлін –лақ деп атайды.
Тіл ұстарту жаттығуы: Қо-қо-қо – қой Ла-ла-ла-лақ С-с-с- сиыр Е-е-е- ешкі
Ойын: «Төлін тап» Ойынның мақсаты: Малдардың төлін тауып алу.Төлдерін атау.
Сергіту сәті: «Қошақаны қойдың» Қошақаны қойдың Қайда қалып қойдың Бұртиып тұр бүйірін Қайда қалып қойдың.
Ұлттық нақыштағы ойын: «Кім жылдам» Мақсаты: Балалардың қимыл әрекетін дамыту. |
Балалар мұқият тыңдайды. Тәрбиешімен қайталайды
Балалар қимылмен орындайды. |
Рефлексиялық - түзетушілік
|
-Бүгін сендермен үй жануарлары мен таныстық |
Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілген нәтиже:
Біледі:үй жануарлары туралы жалпы түсінік алды
Игереді:қай жануардан қандай пайдалы
Меңгереді: үй жануарлары туралы ойларын еркін жеткізуге дағдыланады. Жануарларды дауысынан ажыратады және өздері дыбыстай алады.