«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз!» атты мерекелік іс-шаралар туралы ақпарат

02.04.2021

               «Балдырған»  мектеп- балабақшасында «Ұлыстың  ұлы күні –Наурыз» атты         мерекелік іс-шаралар  арнайы  құрылған  жоспар бойынша   өткізілді. Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын тәрбиеленушілердің санасына жеткізу.Ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.

                Наурыз  мерекесі – әлемдегі ең көне мейрамның бірі, халықтың тұрмыс-тіршілігімен  байланысты . Наурыз - көптеген шығыс халықтарының көне күнтізбесінде «Жаңа жыл басы» деп санаған.      Мерекеге  барлық  топтар  мен сыныптар  қатысты.  Наурыз мерекесіне  арналып әр топ және сыныптар жеке безендірілді. Ұлттық  дәстүріміздің белгісі ретінде шаңырақ  орнатылып, кереге  құрылды. Киіз  үйдің іші басқа да ұлттық  жабдықтармен  безендірілді. Дастарқан  үсті  ұлттық  тағамдармен  толтырылды.   Дене шынықтыру  нұсқаушылары мен ересек және мектепалды даярлық топтардың тәрбиешілері  қазақтың  ұлттық ойындарынан  спорттық  сайыстар  «Арқан  тарту», «Қол  күресі», «Қыз  қуу»  өткізді.  Ал енді  бүлдіршіндердің , оқушылардың  Наурыз  мерекесіне  арнап дайындаған  өлең, тақпақтарын, әндерін  шырқау мүмкіндігі да болды, яғни балалар онлайн мерекелік  ән-шашуларын ғаламтордағы көрермендерге ұсынды .  Топтарда, сыныптарда  салт-дәстүрден  көріністер көрсетіліп,  әдеп-ғұрыптар туралы бейне таспалар көрсетілді. Сонымен қатар бата беріліп, жайылған дастарханнан наурыз көженің  дәмін  татып,  ұлттық  ойындар «Итеріспек», «Асық  ату», «Орамал  тастамақ», «Тауық  күрес»  ойнатылып және  барлығы ортаға жиналып  «Қара жорға» биін билеп, мерекені қарсы алды.Ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеуде , біздің тәрбиеленушілеріміз  Отанымыздың  болашақ нағыз патриоттары болатынына кәміл сенеміз.

Просмотров: 153


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст