«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мирас" мектепалды тобында ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті.

06.02.2025

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Математика негіздері

Тақырыбы: 10 көлемінде тура және кері санау.

Мақсаты:10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, сәйкестендіру дағдыларын меңгеруге көмектесу; ойын арқылы алған білімдерін бекіту.

Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын

Көрнекіліктер: 10 көлеміндегі сандар, жұмыс дәптері, ойын карточкалары.

Шаттықшеңбері:

Қолалысып,қанебіз,

Достасайықбәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарыммен бір жүру,

Қандай жақсы дос болу.

Іздену ұйымдастырушылық

- Балалар біз математика негіздері оқу іс-әрекетінде, біз не үйренеміз?

(Балаларжауаптары)

- Дұрысайтасыңдар,бізсандармен, пішіндермен,көлемімен, танысадыекенбізжәнеесепшығарыпүйренеміз.

- Балалар,олайболсаоқу іс-әрекетімізді бастамасбұрынмынаэкранға назар салып, бейнероликті тамашалап алайық.

-Роликте не туралы айтылды?

-нешеге дейін тура және кері санады?

Ияя, балалар бүгін біз 10 көлеміндегі сандармен танысып,салыстырып, сәйкестендіру арқылы танысып бекітетін боламыз.

- Ендеше балалар, әрі қарай жұмысымызды жалғастыру үшін, алдымен топтарға бөлініп алайық, жетекшімізді сайлап алайық

Асықтар арқылы балалар топтарға бөлінеді, Қызыл, Сары, Жасыл.

-Тосын сый:

-балалар , бұл сендерге білім ханшайымынан келген хат екен, онда сендердің білімдерің мен қабілеттеріңді бақылап, тексеру үшін көптеген тапсырмалар жіберіпті. Өз қабілетімізді тексеріп көреміз бе, балалар?

-балалардың жауабы,

(Балалар сандарды ретімен қояды))

- Балалар, сендер 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санай аласыңдар ма?

1. 1 - ден 10 - ға дейін тура санау.

2. 10 - нан 1 - ге дейін кері санау.

-Жақсы балалар, олай болса оқу іс-әрекетімізді әрі қарай жалғастырамыз.

1.«Сандарды жинау» ойыны

Шартты: суреттерді сандармен сәйкестендіріп қосу.

2.«Тез ойла» ойыны

Шарты: карточкаларда берілген сурет бойынша есептерді шығарып, санын жазу.

3. Дәптермен жұмыс:

1-тапсырма Суретке қара. Қандай вагондардың нөмері жоқ? Жаз.

2-тапсырма Сурет бойынша балалар не істеп жүр әңгімелеп бер.

Сергіту сәті: санамақ түрінде

1,2,3,

Ал, қанекей ұш.

4,5,6,7,

Мынау ауыл шеті,

8,9,10,

Ал, қанекей қон.

Асықпада, саспа

  1. ден қайта баста.

4. 1-10 дейін сандарды  жазу.

5. «Тез есепте» логикалық ойын.

1топ: Бес сәбіздің біреуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады,

2 топ: Қолымда 1 алма,

Табақта 2 алма,

Қосқанда барлығын, болады неше алма?

3 топ:Дымбілмес алдында 4 құлпынай, содан кейін 3 құлпынай жеді. Дымбілмесбарлығы неше құлпынай жеді?

6. «Кім жүйрік» ойыны

1.      Құста неше тұмсық бар?

2.      Адамда неше көз бар?

3.      Үшбұрышта неше бұрыш бар?

4.      2 қоянның неше құлағы бар?

5.      Бос ыдыста неше алма бар?

6.      Қоян жүйрік пе, тасбақа жүйрік пе?

7. Ұлттық ойын: «Қазандық»

Шарты: әр ойыншы кубикті тастай отырып, өз ұпайларын тез жинаған ойыншы жеңімпаз болады.

Қорытынды.

Біз бүгінгі сабақта қандай жұмыстар жасадық?

— Балаларбүгінбізқандайсандарментаныстық?

(Балаларжауаптары)

8. «Карусель» ойыны:

Шарты: Ұяшыққа шарды ретімен түсіре отырып, 1ден-10ға дейінгі сандарды тура және кері санату.

Бағалау «Еркін микрофон» әдісі

-Әр топ басшысы өз тобын бағалайды. Ұпайы көп топ жеңіске жетеді.

Просмотров: 1009


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст