Текст
Мектеппен сабақтастық жұмысы қаламыздың Балуан Шолақ атындағы мектеп- лицейімен жасалған шартқа сәйкес құрылды. Биылғы оқу жылына мектеп пен бөбекжай сабақтастығы бойынша жұмыс жоспары құрылып бекітілді. Осы жоспар негізінде «Қарлығаш» мектепалды топ балалары жоспарға сай Балуан Шолақ атындағы мектептің 1 сыныптарына саяхат жасап қайтты. Балалар 1 сынып кабинеттеріне кіріп, оқушыларға сұрақтар қойып, олардың оқу құралдарына зер салып, кабинеттегі оқу үрдісіне қажетті заттарды бақылады. Өздері де партаға отырып, өздерін бір мезгіл оқушы ретінде елестетіп, жақсы әсер алып қайтты.