«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Наурыз - ұлыстың ұлы күні" -тәрбие сағаты

18.03.2021

Тәрбие сағаты «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»

 

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың 
ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Мерекелік көңілін көтеру,

елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. 

 

Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер, 
киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік. 

Сабақ барысы: 
І. Ұйымдастыру кезені 
 Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сағаты бастаймыз.
— Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам. 
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, 
Нұрға бөлеп міне жатыр манайды! 
Мал біткеннің бал татыған ұызды, 
Қуат болып қанымызға тарайды. 
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері, 
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді. 
Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни, бұл күн біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелер келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз той  құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!

Хор: «Наурыз той»

Әңгімелесу: Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың  құрамынан жасалады.

 - Қане атап беріңдерші?
- Сүр ет, сүзбе, бидай, құрт, тары, май, тұз
- Дұрыс айтасыңдар. Наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды, құнарлы тағамдардың бірі. Ерте кезде үлкен тайқазанға пісірген. Наурыз көже қаншама халықты аштықтан аман алып қалған. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті

 паш етеді.

Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. Өйткені, бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.Сондықтан да, тойшылар бір-біріне «ақ мол болсын», «сауар көбейсін» деген тілектер айтады. Халық аңызы бойынша Қыдыр баба барлық босағаны аттап, қуаныш әкеліп,  жақсылық шашады екен.

Наурыз туралы тақпақтар.

Ш. Анель

Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

Қуанышты ел енді,

Наурыз келді салтымыз.

 Н.Айым

Көгерсін деп халқымыз,

Көшеге тал егеміз.

Жарқырап күніміз,

Жайқалып жас гүліміз.

 Б.Нұрбатыр

Малдар төлдеп, қой қоздап,

Сүттен бұлақ ағызған.

Жаңа жылдың сипаты,

Молшылыққа аңыз боп,

Басталыпты Наурыздан.

Би: «Қара жорға»

-Қандай ырым мен тыйым сөздерді білесіңдер?

Малды теппе,

Ақты төкпе,

Отты шашпа,

Күлді баспа,

Бүйіріңді таянба,

Жағыңды таянба,

Бос бесікті тербетпе,

Бесікті ашық қалдырма.

-Жеті атаңды ата.

Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

-Сүттен   жасалатын тағамдарды ата.

Айран, сүт, ірімшік, құрт, қатық, шұбат, қымыз, қаймақ, май, іркіт т.б.

-Наурыз көже қалай жасалады?

Наурыз көже жеті түрлі тамақ қосу арқылы жасалады.

-Ұлттық ойындарды ата.

Алтыбақан, аударыспақ, қыз қуу, көкпар тарту, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек, тоғызқұмалақ т.б.

-Жеті қазынаны ата.

Ер жігіт, сұлу әйел, білім, жүйрік ат, алғыр тазы, қыран бүркіт, мылтық.

Бата  беру

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыстың ұлы күнінде

Ұлыс оңға қонсын.

Менің берген бұл батам,

Алланың құлағына салынсын! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.

 

 

Просмотров: 206


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст