"Армысың,әз Наурыз!"
Мақсаты:а)Балаларға ұлттық мереке-жыл басы Наурызды халқы-
мыз қалай қарсы алғандығын үйретіп,насихаттау.Наурыз
мерекесі жөніндегі білген,түйгенін одан әрі толықтыру;
ә)Оқушыларға ұлттық өнерімізді,ойындарды,салт-дәстүрі-
мізді еркін меңгеріп,шебер орындай білу дағдыларын
қалыптастыру;
б)Ұлттық салт-дәстүрлеріміздің ұмытылмай,жаңарып,осы
заманғы өмірімізге кірігуіне,құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: киіз үй жихаздары,дастархан,Наурыз туралы даналық
сөздер,мақал-мәтелдер,шарлар.
Жүрісі:
-Қайырлы күн,құрметті қонақтар,ұстаздар,ата-аналар!Әні мен сәні жарасқан "Армысың,әз Наурыз" атты мерекелік ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Армысыздар,жамағат!
Ару көктем,әз Наурызым,ақ күнім,
Ала келген бар әлемнің шаттығын.
Қазан-қазан көже жасап,
Азан-қазан көңілменен күй кешу,
Біздер үшін бақ бүгін.
Ұлан-ғайыр мынау қазақ даласын,
Мекендеген Ұлы,Орта,Кіші жүздің баласы,
Бірлігіңмен,тірлігіңмен басқа елді қаратқан.
-Құрметті ұстаздар,ата-аналар,қонақтар!Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді.
Наурыз тойларың құтты болсын!Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл болсын.
Аман-есен тойдан тойға жетіп,ескі ауыртпалығыңыз ескі жылда кетіп,жаңа жылда жаңа үміт,жаңа тіршілікпен,осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге,жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын.Барлық жақсы ниет,тілектеріңіз қабыл болсын!
Адия: Наурыз келсе,құт келгені,халайық
Есік ашып,шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық.
Рамина: Уа,жарандар,жарандар!
Көңілің бар алаңдар.
Ата менен анаң бар
Үлкен кіші ағаң бар.
Наурыз тойы басталды
Бәрің бері қараңдар.
-Наурыз-өте көнеден келе жатқан мейрам.Наурыз сөзі парсы тілінде "нау"-жаңа,"рыз"-күн деген сөздерден шығып,жылдың бірінші күнін білдірген.Бұл күні күн мен түн теңелетін,жан-жануарлар төлдеп,адамдардың аузы аққа тиетін,жер үстіне шаттық орнаған күн.Қазақ елі осы күнді "Ұлыстың ұлы күні"деп атаған.
Валентина: Наурыз келді!Жыл келді!
Жылмен бірге жыр келді.
Жер бусанып,құс келіп,
Жеріме әсем нұр берді.
Ән: Наурыз әні
Тәрбиеші: Әдет-ғұрып,салт-дәстүрі қазақтың,
Жарасымды,үйлесімді ғажап шың.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттан,жанар таудан қашпайық.
Арқан тарту,асық ойнау,күрес,қыз қуу ойындарын көрсету.
Диас: Қош келдің,Жаңа жылым,
Қош келдің,жаңа күнім!
Айқара құшақ ашып,
Қарсы алды дала бүгін.
Тәрбиеші: -Балалар,халық аңызы бойынша Қыдыр баба барлық босағаны аттап,қуаныш әкеледі,жақсылық шашады екен.
Балалар,бізге де Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті.Кәне,соны шешіп көрейік.
1.-Не тәтті?-Ананың сүті тәтті.
-Не жұмсақ?-Ананың алақаны жұмсақ.
-Не жетім?-Жаңбыр жаумаса-жер жетім,
Басшысы болмаса-ел жетім,
Тыңдаусыз сөз жетім.
2.-Қандай ырым,тыйым сөздер білесіңдер?
1.Малды теппе,ақты төкпе.
2.Отты шашпа.күлді баспа.
3.Бос бесікті тербетпе,бесікті ашық қалдырма.
4.Бүйіріңді таянба.
5.Есікті керме.
6.Тұзды шашпа.
7.Асты оң қолыңмен алып же.
8.Нанды бір қолмен үзбе.
9.Түнде құдыққа барма,құдыққа түкірме.
10.Түнде тырнақ,шаш алмайды.
3.-Жеті ата дегеніміз кімдер?Жеті атаңды ата?
-Әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат.(өзінің жеті
атасын атап шығады)
4.Малды жаятын,бағатын адамды кім деп атайды және
төрт-түліктің пірлерін ата және оларды қалай шақырады?
-Мал бағатын адамды малшы дейді.
1) Сиырдың пірі-Зеңгібаба.Оны ахау-ахау деп шақырады.
2) Жылқының пірі-Қамбар ата.Оны құрау-құрау деп шақырады.
3) Түйенің пірі-Ойсылқара.Оны көс-көс деп шақырады.
4) Қойдың пірі-Шопан ата.Оны пұшайт-пұшайт деп шақырады.
5) Ешкінің пірі-Сексек ата.Оны шөре-шөре деп шақырады.
5.-Жыл аттарын айтып беріңдер?
-Тышқан,сиыр,барыс,қоян,ұлу,жылан,жылқы,қой,мешін,
тауық,ит,доңыз.
6. Қазақтың ұлттық тағамы наурыз көже қалай даярланады?
-Наурыз көже қыстан соғымнан алынып,арнайы сақталып қойған сүр еттен,қазыдан пісіріледі.Оған жеті түрлі дән қосылады.Өйткені, қазақта жеті саны киелі сан болып есептелі-
неді.Оған жүгері,бидай,айран,кеспе,қазы,т.б.қосылады.
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, балалар осымен «Армысың,әз Наурыз» атты ашық тәрбие сағаты аяқталды, барлықтарыңызға рахмет!!!