Күнделікті тәртіптер.
1.Күнделікті тәртіп болғаны баланың өзін қорғаулы сезінуіне көмектеседі және күнделікті өмірінің ретін қалыптастырады. Тұрақты,маңызды нәрселерді бірге істегенде отбасындағы байланыста нығаяды. Балаңыз үнемі жанында қамқор ересектер болатынын біліп жүреді.
2.Балаңызбен бірге ерекше сәттер мен күнделікті тәртіпті жасаңыз.Мысалы,әр түні кітап оғуға және құшақтап еркелетуге уақыт бөліңіз. Түнгі ұйқыға жатар алдында 2-3 сағат бұрын ұялы телефонды көрмеуге кеңес беріңіз, бұл іс-әрекетті баламен келісіп, күнделікті қадағалап отырсаңыз, бала да үйренеді.
3.Балаңыздың күн тәртібін үйренуіне көмектесу үшін әрекеттерді күнде бір уақытта және бір жерде орындауға тырысыңыз. Балаңызға берген уәдеңізді міндетті түрде орындаңыз, балаңыз сізге қарап үйренеді және сізге берген уәдесін орындайды.
4.Есіңізде болсын! Сіз, жасаған іс-әрекеттерді бала міндетті түрде қайталайды. Сол себептен баланың көзінше теріс қылықтарыңызды көрсетпеуге тырысыңыз.
Педагог-психолог: Каменова Ж.З.