Тақырыбы: «Қыс мезгілі» бақылау жұмыстары Мақсаты: Қыстың өзіне тән белгілерімен, қардың қасиетімен, қыстың өзгерістерімен таныстыру. Табиғат құбылыстары туралы түсініктерін толықтырып, жетілдіру. Балалардың сөйлеу қабілеттерін дамыту. Қармен тәжірибе жүргізуге арналған материалдар: Қарға арналған әр түрлі ыдыстар-стақандар, клеенка, лупа, бояу, қылқалам, қант, тұз. Билингвалдік компонент: Қыс-зима, қар-снег.
Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды жанымыз.
Қайырлы таң балалар
-Балалар бүгін біздің іс әрекетін тақырыбын білу үшін жұмбақтың шешуін табайық.
Жұмбақ
Шанамен зырғып желетін
Коньки,шаңғы тебетін
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
-Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
-Дұрыс айтасындар жұмбақтың жауабы қыс мезгілі.
Қазір біз суреттер арқылы қыс мезгілі туралы білімдерін есімізге түсірейік. (суретпен жұмыс)
1. Балалар мына суретте қандай мезгіл бейнеленген?
2. Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
3.Ауа райы қандай болады?
-Жарайсыңдар балалар! Қыста неше ай бар? Қыс айларын атайықшы.
Желтоқсан - қыстың басы ол, суық, ызғарлы.
Қаңтар - қыстың ортасы, ол ең қарлы ай, бұл айда қатты суық, аяз болады.
Ақпан - жел мен боранның айы.
Балалар, біз тоңбау үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?
4. Қандай ойындар ойнаймыз?
-Балалар қыс мезгілініңең басты бір ерекшелігі бар. Ол не балалар?
-Дұрыс айтасындар. Қане, барлығымыз қарды қолымызбен ұстап көрейікші.
- Қар қандай екен?
- Жауып тұрған қарға алақанымызды тоссақ ол алақанымызда осындай ұлпақар көрінеді.(ұлпақарды көрсету)
-Ұлпақардың түрлері әр түрлі болады.
- Қардың түсі қандай?
Ал орыс тілінде қарды-снег деп айтамыз
- Балалар, қардан қандай мүсін жасауға болады?
Тапсырма:
-Балалар, қарандаршы мен куыршақтың суретін алып келдім, маған қуыршақты қысқы серуенге киіндіруге көмектесесіңдер ме?
Мақсаты: Суреттегі қуыршақты далаға қысқы серуенге киіндіру.
Аққала:-Рахмет, балалар тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Мен өте ризамын.
-Аққала, сіз бізге қыс мезгілі жақсы тапсырма алып келдіңіз, ал біздің балалар, қыс мезгілі туралы тақпақтарды да біледі.
Сергіту сәті
Тоңса біздің басымыз - құлақшын киіп аламыз
Тоңса біздің денеміз – тон киіп аламыз
Тоңса біздің аяғымыз – пима киіп аламыз
Тоңса біздің қолымыз – қолғап киіп аламыз
Қауіпсіздік ережелерді айтып өту.
Тәжірибе жүргізу:
Тәжірибе 1. Қарды ұстап көру, ол туралы әңгіме жүргізу.
- Қар неге ұқсайды? Қар қандай?
Тәжірибе 2. Қар көптеген ұлпалардан тұрады.
-Балалар лупа арқылы біз казір карды жақындап көрейік, карандаршы қар көптеген ұлпалардан тұрады.
Тәжірибе 3. Қар түрлі пішінін қабылдай алады.
-Балалар қар әр түрлі пішінді кабылдай алады, казір біз бәріміз істеп көрейік.
Балалар қарды бояуға болады, осы пішіндерді бояп көрейік.
Тәжірибе 4. Жылы жерде қар ериді.
-Балалар жылы жерде қар еріп кетеді. Казір бір ыдысқа таза қар саламыз, екіншіге қарға тұз қосып саламыз, және бақылап көрейік қай ыдыста қар тез ериді.
-Балалар бүгін біз осындай тәжирибе жүргіздік. Ендеше бәріміз орындарымызға барып отырамыз.
Дидактикалық ойын. «Сәйкесін тап»
Мақсаты: Суреттерден қыс мезгілі ерекшеліктерін білдіретін суреттерді тауып, тақтаға орналастыру.
Тәрбиеші: Кусаинова Гульмира Аиповна