«Педагогикалық озық тәжірибелер» тақырыбында семинар- практикум.
"Жол картасы" жобасын іске асыру шеңберінде құзыреттілік орталығы болып табылатын бөбекжайымызда «Педагогикалық озық тәжірибелер»
облыстық деңгейде іс- тәжірибелерін жалпылаған педагогтердің тәжірибелерін тарату мақсатында семинар- практикум өтілді. Семинарға қала балабақшалары мен аудан шағын орталықтарының педагогтері қатысты. Әдіскер Шакиева Ж.О. «Педагогикалық қызметтегі шеберлік пен шығармашылық» тақырыбында ұйымдастырылғңан көрмемен таныстырды. Педагог- психолог Бекбаева З.Д. «Танысу», «Амандасу» шаттық шеңбері мен тренингісін өткізді. Әдіскер Нургалиева З.К. қатысушыларға «Балдырған» бөбекжайының білім беру жүйесінде озық педагогтердің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау» тақырыбында қысқаша ақпарат берді. Семинардың практикалық бөлімінде облыстық деңгейде озық тәжірибелерін жалпылап, таратқан педагогтер Нургалиева З.К., Жаксалыкова А.С., Тулегенова Ж.К. және Шакиева Ж.О., өз іс- тәжірибелерімен таныстырып, таратты, шебер- сағаттар көрсетіп, әріптестерімен бөлісті.