«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Тіл -халық мұрасы». Танымдық сайыс

28.11.2024

Тақырыбы: «Тіл  -халық мұрасы» танымдық  сайыс 

 

Ең алғашқы бақытым тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Дүниеден кейде мен түңілсемде,

Қасиетті тілімнен түңілмедім - дей келе «Тіл  -халық мұрасы» атты ата-аналар  арасындағы  сайысымызға  хош  келдіңіздер.

Бұл сайыс бөбекжайдағы ересек топтарының арасында жүріп жатқан

«Мектеп жасына дейінгі балаларды халық ауыз әдебиеті арқылы дамыту» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.

 Негізгі мақсатымыз: бөбекжай мен ата-аналар  арасындағы байланысты әрі қарай нығайту және де тілдік мәртебемізді көтеру. Сайысты бағалау үшін алдымен әділ қазылар алқасымен таныс  болайық.

Жүргізуші:

Сегіз қырлы ,бір сырлы сайысқа қатысушы «Тұлпар» тобы  мен «Қыран » тобын  ортаға шақырамыз. Сайысымызды  бастамас  бұрын  қай  топтың алғашқы болып бастайтынын анықтау  үшін, сандықтан  асықты алып, реттік нөмерімізді анықтап алайық.

«Тіл  -халық мұрасы» атты сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

 Сайыс шарттары: 5 кезеңнен тұрады.

    1.  Топты таныстыру кезеңі (аты, ұраны, эмблемасын )

    2.  «Бәйге»  

    3.  «Өнер алды қызыл тіл»

    4.  «Жұмбақ- сөздің қазығы»

    5.  «Алтын сандық»

    6.  «Біздің бақытты болашақтағы балабақшамыз» класстер жасау.

  

Жүргізуші:  Асық жерге тасталды, сайыс бізде басталды ,

1ші-кезең айналымын  Тұлпар тобы бастаймыз.

 Топтың аты, ұранын, эмблемасын таныстырасыздар.

 «Тұлпар» тобы  

 Ұраны:

Тұлпар тобы алға,

 Биіктерге самға.

Достығымыз барда

Жүреміз тек алға.

2. «Қыран » тобына кезек берейік. Топтың  аты, ұранын ,эмблемасын таныстырасыздар.  

     

 

 

 Жүргізуші: 2ші- кезең.  

«Білекті бірді жығады,  Білімді мыңды жығады»   демекші

 Сайысымыздың  ең қызықты  2ші- кезең кезеңі   «Бәйге»ойыны

Ойын шарты: Ұяшықтағы сандарды таңдаймыз, сол ұяшықта жазылған мақал-мәтелдердің ұйқасын табамыз. Дұрыс тапсақ бәйге алдыға қарай  бір қадам қозғалып отырасыздар 

«Тұлпар» тобы . «Қыран» тобы.  

1. Ана сүті бой өсіреді, (ана тілі ой өсіреді     

2.Тілмен байланған ...( тіспен шешілмес).

3.Тіл - адам ойының ... (айнасы)

4. Тіл қылыштан... (өткір)

5. Бал тамған тілден ... тамар (у)

6. Көп сөз - күміс, аз сөз - ... (алтын)

7.Жеті жұрттың тілін біл,...(жеті түрлі ілім біл)

8. Ана тілі- бәріміздің анамыз, өйткені......(ол- ұлтымыздың анасы)

Жақсы рахмет, орындарыңызға отырыңыздар.

Жүргізуші:   3ші кезең.

 Сайысымыздың келесі тамаша кезеңі 

 «Өнер алды қызыл тіл» ойыны

Ойының  шарты:  Бір   музыка  аспабының   атын  атайсыздар, сол аспапта жасырылған   сұраққа жауап бересіздер.

Әр топқа үш сұрақтан беріледі.

 1.Адамның бойында қандай қасиет болуы керек деп ойлайсыздар?

2. Отбасыңыздағы ең басты құндылықтар қандай?

3.Балдан тәтті не ? (бала)

4.Бес асылды атаңыздар?  (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым.)

5. Жеті қазынаны атап берсеңіз?(Ілім - білім,  Ер жігіт, берен мылтық, қыран бүркіт,  жүйрік аты,  құмай тазы, сұлу әйел).

6 . Қазақ ертегілердің түрлерін атаңыздар? (Қиял-ғажайып,тұрмыс - салт, хайуанаттар жайлы)

7. Ата- бабаларымыз жас  ұрпақты жастайынан  қалай тәрбиелеген? 

8. Отбасында  бала тәрбиесіне кері әсер беретін  жағдаяттарды атаңыз?

                       

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүргізуші: 4 –кезең.

«Туған елім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы» демекші 

Сайысымыздың келесі кезеңін Тұлпар тобы бастаймыз.

« Жұмбақ -сөздің қазығы » ойынын   ойнаймыз

Ойын шарты: Қызықты оюлардың үстіне  кубикті  тастаймыз, сол оюда  жасырынған жұмбақтың шешуін табамыз?.

Әр топқа үш жұмбақ беріледі.

 

1.Бірде тәтті, бірде ащы (тіл)

 

2. Саусақ батпас түтіктен,

 Сандуғаш құс сайрайды.(сырнай)

 

 3.Ансамбльге сылдырлап,

  Қоңыраулатып үн қосты,

  Тыңдаған жан елітіп,

  Мейірлене үн қосты.(асатаяқ)

 

4. Қарсы келген жауым састы,қағып едім. ( Дауылпаз)

 

5. Есігі біреу

   Бөлме бесеу(қолғап)

 

 6 Бұралып қос құлағы

   Күмбір қағып тұрады.(домбыра)

 

Жүргізуші: 5 кезең.  «Өнер таусылмас азық, Сарқылмас байлық»дей  отырып сайысымыздың келесі 5ші керемет бір  кезеңін Тұлпар тобы бастайсыздар.  

 «Алтын сандық» ойыны

 Ойын шарты: Сандықтың ішінде жасырылған құпия хаттар бар, хаттардың, тапсырмасын орындайсыздар?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүргізуші: 6 кезең.

«Сенде –бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тапта бар қалан»- дей отырып, сайысымыздың келесі қызықты кезеңінде қатысушыларымызға

 «Болашақтағы бақытты біздің балабақшамыз» тақырыбында класттер жасайсыздар.

 Шарты: Қатысушыларға қажетті  барлық құрал берілген,керемет жақсы  өз идеяларыңызбен  класстер жасайсыздар.Өз жұмыстарыңызды қорғайсыздар.

Регламент: 3 мин.

Жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,

тәтті әнмен тәтті күй»- дей отырып Айдана, Аяла, Аяжан қыздарымыздың орындауындағы «Біз бақытты баламыз »атты  ән шашуын қабыл алыңыздар . 

Жүргізуші:  топтар дайын болса өз жұмыстарын қорғауға ортаға шақырамыз.

  «Тұлпар» тобы:

 «Қыран » тобы

 Жүргізуші: құрметті ойынға қатысушылар, бүгінгі «Тіл  -халық мұрасы» атты  ата-аналар арасындағы танымдық сайыс  ойынымыз   өз мәресіне келіп  жетті.

 Әділ қазылар өз шешімдерін шығарғанша, Қуанышбек Айкөркем балапанымыздың «Отанның  жас өркені» атты ән шашуын бірге тамашалайық.

Жүргізуші: сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Марапаттау кезеңі

Жүргізуші:

 Тілім барда тілім менен тіліп өтем,

Жырым барада жырымменен жырлап өтем.

Мен қазақпын өйткені қаным қазақ,

Қазақ тілін мәңгілікке жырлап өтем!                                               

-дей келе бүгінгі  «Тіл  -халық мұрасы» атты  ата-аналар арасындағы танымдық сайыс  ойынымызға алтындай уақыттарыңызды бөліп келіп қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз .Сіздерге зор денсаулық қажымас қайрат тілеміз.

Просмотров: 895


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст