«Назар аударыңыз, Бағдаршам!» атты іс- шарасы
2020-2021 оқу жылы
Тәрбиеленушілерді жолда жүру ережесімен таныстыру, жол қауіпсіздігін есте сақтауға, көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін білуге тәрбиелеу мақсатымен іс-шаралар жоспар бойынша өтті. Сынып сағаттарында оқушылар көшедегі болатын жағдаяттарды сомдап ойнап берді. Бағдаршам туралы білетін тақпақтарын айтып, өз ойларын әңгімелеп берді. Топтағы тәрбиешілер тәрбие сағатында балалардың назарын қызықты бейне таспаларға аударып өткізген болатын.Сонымен қатар жұмбақтарда шешіліп, мақал-мәтелдер жатталып, ойындар ойнатылды. Мектеп-балабақша бойынша «Бағдаршам біздің досымыз» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге мектепалды даярлық топтар тәрбиеленушілердің салған суреттері өте тартымды, тақырыпқа сай болды. Жол қауіпсіздігі ол өмір қауіпсіздігі, сондықтан баланы ерте жасынан ережелерді білуге тәрбиелеу біздің міндетіміз.