«Балдырған» бөбекжайында 13.11.2024ж. «Ойын арқылы ұйымдастырылған іс-әрекетті ұйымдастыру» тақырыбында аудандық ашық есік күні өтті. Іс-шараның ашылуында аудандық әдістемелік кабинеттің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдіскері Джамбасова Гульнар Тулегеновна сөз сөйледі. Семинарға аудандық мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. Педагогтер арасында іс-тәжірибемен алмасу мақсатында кіші топтардың педагогтері «Ұлттық нақыштағы дамытушы ойындар» тақырыбында көрме ұйымдастырып, өз жұмыстарымен таныстырды. Ашық есік күнінде ортаңғы топ, ересек топтары мен мектепалды топтарының тәрбиешілері әріптестермен іс-тәжірибелерімен алмасты. «Құлыншақ» ортаңғы тобының тәрбиешісі Алматова Қ.Ж сурет салудан «Сиқырлы оюлар» , «Ботақан» ортаңғы тобының тәрбиешісі Даниярова Б.С математика негіздерінен «Геометриялық пішіндер», «Балапан» ортаңғы тобының тәрбиешісі Тастубаева А.С жапсыру іс-әрекетінен «Ойыншықтар», «Балдәурен» ересек тобының тәрбиешісі Наурызбаева А.Н математика негіздерінен «5 көлеміндегі сандарды тура және кері санау», «Еркетай» тобының тәрбиешісі Кусаинова Г.А «Ұлттық ойындар», «Арман» ересек тобының тәрбиешісі Тагыбаева Н.Е «5 ке дейінгі сандарды сану », «Ертөстік» тобының тәрбиешісі Хумар Е «Геометриялық пішіндер», «Құлагер», «Жауқазын» мектепалды тобының тәрбиешілері Этнопедагогика кабинетінде «Ұлттық құндылықтарды дәріптейміз» тақырыбында кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекеті, «Мирас», «Қарлығаш» мектепалды топтарында «10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру. Сапқа бір , екі, үш қатармен тұру» тақырыбында кіріктірілген оқу іс-әрекетін көрсетті. Семинар соңында қатысушы әріптестер алған әсерлерімен бөлісіп, пікірлерін білдірді.