Мақсаты: Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұлттық ойындарды жаңғыртып, бала бойына сіңіріп, достыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне аса зор мән беріп, олардың жауынгерлік рухта ержетуін ұқыптылықпен қадағалаған.
Жалпы баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті ойын арқылы басталады. Ойын баланың негізгі іс - әрекетінің бір көрінісі болып табылады. Қазақ халқының ұлы ойшылы А. Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болама?» деп айтқандай ойын бала өмірінде ерекше орын алады. Ойынды көркемдік іс - әрекетінің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойынға шартты түрле мақсаттар қойылады, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс - әрекет бала үшін қызықты. Ойын балаларға ақыл - ой, адамгершілік дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі. Балалар ойын барысында өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Ұлттық ойын үстінде өнеге алып, мінез қалыптастырады, өзіндік ерекшелік қасиетін айқындай бастайды. Тәрбиеші ұлттық ойын үстінде әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбітуге, өзіндік мінез – құлқын қалыптастыруға аса көңіл бөлгені жөн.
Ойын 3-5 жас аралығындағы балаларға арналған.
Ойын шарты : балалар асықты түсіне қарай шерту қажет. Бала асықты шерткенде дәл түссе, асықтың түсі жолаққа сай түссе өзіне сол асықты жинайды немесе сонша ұпай алады.
Тәрбиеші: Апсаметова М.А.