Білім беру саласы:Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Жаратылыстану, Жапсыру.
Тақырыбы:«Қыс мезгілі »
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту. Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге, табиғаттың ерекшелігін сезіне білуге, қоршаған ортамен танысу арқылы баланың ой - өрісін дамыту.
Көрнекіліктері:видо,қыс мезгілінің ерекшеліктері бейнеленген суреттер,ойынға қажетті құралдар:мүсіндері,шелек,күрек және т.б.
Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру,әңгімелеу,ойын,ғажайып сәт,сұрақ-жауап,сергіту жаттығулары т.б.
Билингвальді компонент:Қыс – зима-,қар – снег-,аққала- снеговик.
Іс- әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Шаттық шеңбері:Балалар күн суық болсада жүрегіміз жылы.Қане,жылулық шеңберін құрып,келген қонақтарымызбен амандасайық. Арайлап таң атты, |
Шаттық щеңбер жасайды. |
Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі
Сұрақ-жауап.
Билингвальді компонент: |
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміздің жаңа тақырыбы «Қыс мезгілі » деп аталады.
Балалар мен сендерге бір өлең жолдарын оқып беремың сендер мұқият тыңдандар. Сұрақ-жауап: Шанамен зырғып желетін, Коньки,шаңғы тебетін, Аққала жасап ойнайтын Бұл қай мезгіл?- деп ойлайсыңдар. Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады? Онда балалар ,боран соққанды қимылмен қалай көрсетеміз? Қатты аязда,тоңғанда не істейміз? Ал,шуағын шашып күн шыққанда не істейсіңдер? Жарайсыңдар!
Қыс мезгілінде неше ай бар?
Желтоқсан,қаңтар,ақпан. Желтоқсан-жылдың аяғы,қыстың басы.Ол суық ызғарлы болады. Қаңтар-жыл басы,қыстың ортасы,қар көп жауатын ай. Ақпан-жел мен боран болатын ай,аяз қатты болады.
Қыста қандай ойындар ойнаймыз? Қыста дала қандай түске боялады? Қыс мезгілінде адамдар қалай киінеді? Мінеки, балалар мына суретке қараңдаршы, дала аппақ, қар жауып тұр, балалар таза ауада серуендеп жүр екен. Олар өздеріне ұнайтын ойындарды ойнап жүр. Сөздік жұмыс:Қыс – зима, қар -снег,аққала- снеговик. Сергіту сәті Қар жауады,оң жақтан, Қар жауады,сол жақтан Қар лақтырып ойнасақ Су болады қолғаптар. Балалар, мынау ненің суреті? -Аққала неден жасалады? -Қане, барлығымыз қарды қолмен ұстап көрейік. -Қардың түсі қандай? -Қар мұздай ма, жылы ма? -Аққала неше бөліктен тұрады? -Оның бөліктерінің пішіндері қандай? Ғажайып сәт: Аққала қоңырау шалады. Балалар сәлеметсіңдер ме! Маған шұғыл сендердің көмектерің керек. Мені сиқыршы сиқырлап тастады. Сиқырды бұзу үшін тапсырмаларды орындау керек, ал мен жалғыз өзім ол тапсырмаларды шеше алмаймын. Көмектесесіңдер ме?! 1.тапсырма аққаланы құрастыр.
2.тапсырма орталыққа бөлінеміз. -Қардың еруі бақылау. Қарды бақылау. -Балаларға қардан әр түрлі пішіндер жасау керек. - Аққаланы жапсыру. 3.тапсырма ойын. Ойынын шарты: «Қар жинау» ойыны. |
Жаңа тақырыпен танысады.
Қыс мезгілі.
Қар жауады.Аяз,боран соғады. (қолдарын көтеріп гуілдейді) (қолдарын қусырып,аяқтарын топырлатады) (Алақай!деп қолдарын көтереді)
3 ай бар. Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.
Қар лақтырып,аққала жасап,шанамен сырғанаймыз.Шаңғы тебеміз
Қар жауады.Дала аппақ болады.
Адамдар жылы киінеді.
Жылы киінеміз.(телпек,тон,етік,қолғап)
Балалар қайталайды.
Аққаланың суреті.
Қарды қолымен ұстау.
Аққалаға көмектесу.
Тапсырмаларды орындау. |
Қорытынды: |
Балалар, сендерге ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұнадыма? |
Балалар өз ойларымен бөліседі. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Қыс мезгілінде неше ай бар екенін білді.
Нені игерді: Сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды ынтамен орындайды.
Білу керек: Қыста қандай өзгерістер болатын білу керек.