Тақырыбы: «Күзгі ағаш»
Мақсаты: Балаларға жапсырудың дәстүрлі емес түрлерімен, құралдар мен тәсілдермен таныстыру. Эстетикалық сезімін баулу. Күзгі ағаштың әдемілігін сезіне білу, ұсақ қол маторикасын дамыту. Ой,шығармашылық қабілетін дамыту.
Шаттық шеңбері:
Армысың асыл күн!
Армысың асыл досым!
Жылуыңа – жылу қос,
Міне менің қолым!!!
Сабақтың барысы:
Балалар, бүгінгі көңіл күйлерін қалай?
- Сендер бала-бақшаға келгенде ауа-райы қандай болды?
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Жақсы балалар ендеше біз сабағымызды бастайық.
Сары жапырақтар жауғанда
Күзде жауын бұлт, тұман
Сары жапырақ жауады
Сары құйын ұйытқан
Сапырады ауаны
Тапталады табанға
Судыр-судыр жапырақ
Өрттей сары бояуға
Малынғандай атырап.
- Балалар тақтадағы суретке қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?
Күз мезгілінде қандай табиғи өзгерістер болады екен?
- Күн суытады,ағаштың жапырақтары сарғаяды, жазда өсірілген гүлдер күз мезгілінде қурап сарғаяды.
Түрлі жәндіктер жерге тығылады олардың бірі көбелек.
Ендеше балалар, біз осы күзгі ағаштың бейнесін дәстүрлі емес әдісін қолдану арқылы жапсыратын боламыз.
- Ағашты жасау үшін алдарыңдағы үлгіге қараймыз.
- Алдарымызда тұрған желімізді жағып, ақ қағазға бетіне жарманы сала отырып жабыстырамыз.
- Балалар желімен жұмыс жасағанда ұқыпты боламыз, үстімізге стол үстіне жақпаймыз. Қауіпсіздік ережесін сақтаймыз.
Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Үлкен болып өседі.
Ойын: «Жапырақтар жинау».
Ойынның барысы: Балалар музыкалық әуенмен жерге шашылған жапырақтарды жинаулары қажет.
Ендеше балалар Күз туралы тақпақты бірге жаттаймыз. Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жапырлап, Ұшты кенет жапырақ. О,алақай, тамаша,
Шашу шашады жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап!
Қорытынды: Балалар сендер бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатысыңдар, сұрақтарға жауап бердіңдер, күзгі ағашты жақсы жасадыңдар, сол үшін мен сендерге жұлдызшалар таратқым келеді.
Балалардың жасаған жұмыстар бойынша көрме ұйымдастыру.
тәрбиеші: Текен Х.