Білім беру саласы: Денсаулық.
Бөлімі: Қауіпсіз мінез құлық негіздері.
Тақырыбы: Сезім мүшелері.
Мақсаты:
1. Сезім мүшелерінің адам ағзасында атқаратын қызметі туралы түсінік беру.
2.«Сезім мүшелері» арқылы заттарды таныта отырып, ой- өрістерін , сөздік қорларын , тіл байлықтарын дамыту.
3. Сезім мүшелерін күтуге ,жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.
Қолданылған әдіс – тәсіл: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс, көрнекілік, слайд, ойын.
Көрнекіліктері: Сезім мүшелерінің суреттері және жеміс- жидектер..
Іс – әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
Шаттық шеңбері. Достарым бері келіңдер, Қолдарыңды беріңдер. Шаттық толы шеңберге, Қуанышпен еніңдер! Олай болса жақсы көңіл – күймен сабағымызды бастайық. |
Балалар ортаға шығып қимыл іс- әрекетпен орындайды. |
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
Тәрбиеші: Біз көреміз , естиміз , әр түрлі иістерді, дәмді, ыстық пен суықты сезе аламыз. Осы бір ғажайып қабілеттер бізге 5 сезім мүшесі арқылы беріледі. - Олай болса , сезім мүшелерінің қызметімен танысайық. (Балаларға экраннан видео көрсету)
Тәрбиеші: Балалар, қарандаршы бізге суретші аяқталмаған сурет беріп жіберіпті, қазір біз сендермен бірге осы суретті аяқтаймыз. Мен сендерге әр сезім мүшесіне байланысты жұмбақ жасырамын. Сол жұмбақтардың жауабын тапсақ суретті аяқтауға болады. 1Жұмбақ Көреді бәрін өзгенің, Көре алмайды өздерің: Көз- глаза-еуеs
Сұрақ: Көз адамға не үшін керек? -Көз балалар адамның негізгі мүшесі. «Көз адамның айнасы». Көзді шаршаудан және зақымданудан сақтау керек. Еге көзге шаң немесе топырақ түссе тез арада жылы сумен жуып тастау керек.
Тәжірибе: Балаларға жазылған сөздерді оқыту. ( Ана, ата, ара)
2Жұмбақ Күмбір- күмбір қарағым, Қартайғанша жарадың. ( Құлақ- уши-
Балалар, бұл адамның қандай мүшесі?
Құлақты аса қатты шудан , дыбыстан қорғау керек. Желден қорғау керек. Су кіргізіп алмау керек. Дұрыс тазалау керек. Құлағын ауырса міндетті түрде дәрігерге көріну керек.
Тәжірибе: Бала көзін жұмады келесі бала оның атын атайды.
3Жұмбақ Пұшық келсін, Дөң келсін, Жаманы жоқ, Дем берсін. (Мұрын- нос- )
Мұрын адамға не үшін керек? Мұрын- иіс сезу мүшесі. Адам әртүрлі иісті мұрынымен сезіп, ажыратады. Сонымен қатар мұрын « тыныс алу» қызметін атқарады.
Тәжірибе: Бір баланы ортаға шығарып, көзін байлап, алам мен апельсинді иіскеу арқылы ажыраттыру .
4 Жұмбақ: Дәм сезетін жүйрік, Денесі жұмсақ сүйрік ( Тіл- язык- )
Балалар тіл туралы не білеміз? Тіл- дәм сезу мүшесі. Тілді қалай күту керек? -Өткір затты ауызға салуға болмайды, себебі тілді кесіп алуың мүмкін. -Тамақты асықпай жеу керек, себебі тілді тістеп алуын мүмкін. -Ыстық тамақты суытып ішу керек, себебі тіл күйіп қалады.
Тәжірибе: Лимон дәмін сездірту.
Сергіту сәті. Бейне жазба арқылы.
5. Ал, балалар мен келесі сезім мүшесімен таныспас бұрын мен сендермен ойын ойнағалы тұрмын.
Ойын «Сипап сезу» деп аталады.
Ойын шарты: Жәшікке кез келген затты салу . Балалар сипап сезу арқылы заттарды табады.
Балалар тері - сипап сезу мүшесі.
Тері адам денесінің сыртқы жабыны.
Теріні күту: Теріні жарақаттардан ,күйіктен , үсіктен сақтау керек.
Денені таза ұстау керек. Қолымызды сабынмен жуу керек.
Ойын: Суретті сәйкестендір. Балалар мен сендерге сурет бөліктерін беремін. Сендер сол сурет бөліктерін сәйкестендіресіндер. Сонда сезім мүшелері шығады.
(Сезім мүшелері)
|
Жауабын тапқан бала көздің суретін жапсырады.
Сұраққа жауап береді.
Жауабын тапқан бала құлақтың суретің жапсырады.
Есту мүшесі.
Балалар кімнің дауысы екенің ажыратады.
Балалар мұрынның суретін жапсырады.
Балалар сұраққа жауап береді.
Балалар тілдің суретін жапсырады.
Балалар сұраққа жауап береді.
Балалар бейне жазба арқылы сергіту сәтін қайталайды .
Балалар заттарды ұстап көріп не екенің ажыратады.
Балалар шашылған бөліктерді сәйкестендіреді. |
Рефлекстік - үйлесімділік |
|
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар адамның 5 сезім мүшелерін біледі және ажырата алады..
Игереді: Өздерінің сезім мүшелерін күте алады.
Меңгереді: Тәжірибе жасау арқылы сабақты жақсы меңгерді.