«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Менің Отаным-Қазақстан!" ертеңгілігі. "Құлагер" мектепалды тобы

24.10.2024

"Менің Отаным-Қазақстан!"
Балалар зал музыка әуенімен кіреді. Қолдарында жалауша, гүл, шарлар ұстап шығады. Би қимылдарын орындайды.

Жүргізуші: - Құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер және бөбекжай бақша ұжымы! Баршаңызды 25 қазан Республика күні Ұлттық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс, мерекелік шат көңіл тілейміз.
Ақжайық, Алтай арасы
Қазақтың шалқар даласы
Республикама қарашы!
Жерімнің дәні маржандай
Қырманы асқар таулардай
Республикама қарашы!
Шолсаң да биік аспаннан
Қарқырар кені тастардан
Республикама қарашы!
Шырқаған сайын тірегі
Республикама қарашы!
Қазақстан Республикамызда 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Ия Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін атап айтты.

Бақыт бірлік күн талабы,

Тоқтамайды  дүбір әні.

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика Гимні!

ҚР. Гимні орындалады.

Балалар Гимнді орындап болғаннан кейін отырады.

Жүргізуші: :- Қасиетті Қазақстан мекенім, 
                       Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. 
                       Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, 
                       Болашағым, өнер - білім, өркенім.-  

  Ән: «Отаным» (Аспаптармен)

Осы кезде ортаға саяхатшы кіріп келеді.

Саяхатшы: - Өзі бұл жер қай ел екен, жөн сұрап білейін?!
Жүргізуші: - Сәлеметсіз бе? Сіз кім боласыз? Қателеспесем, біздің елге басқа жақтан келгенсіз - ау деймін.
Саяхатшы: - Мен ел аралап жүрген саяхатшымын . Сыңғырлаған балалардың күлкісін естіп, қай елдің бақытты балалары екенін білейін деп келдім.
Жүргізуші: - Олай болса, қош келдіңіз! Қазір бізде 25 қазан Республика ұлттық мекреке күніне арналған ертеңгілік  өткелі жатыр. Балалардан сұрап біліңіз.
Саяхатшы:- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер өте көңілді, әрі бақытты көрінесіңдер. Сендердің Отандарың, қасиетті мекендерің қай Республика?
Балалар: - Қазақстан Республикасы.
Саяхатшы: - Президенттерің  кім?
Балалар: - Қасым-Жомарт Тоқаев.
Саяхатшы:  -Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?

Балалар: - Ашық аспандай көгілдір туымыз бар,

               Мағыналы ән ұранымыз бар,

              Қасиетті бой тұмар елтаңбамыз бар.

Саяхатшы: - Өте жақсы. Осы елдің бақытты ұл - қыздары екендеріңді қалай дәлелдейсіңдер?
Жүргізуші: -Біздің балалар тақпақтар арқылы айтып дәлелдейді.
Тақпақтар:Ажар,Ақжар,Абдурахим,Алихан,Самира,Амир,Қ.Әмина

1.Жақсы көріп сүйетін,

   Республикам жаным бұл.

   Шуақ берер шырайлы,

   Сәтті  атар таңым бұл.

   Ақжар

   Республикам  киелім,

   Соғып тұрар жүрегім.

   Республикам жасай бер,

   Мықты болып тірегің.

  Абдурахим

 Азаттығы жанданған,

 Жасай берсін еліміз.

 Республика күнінде.

 Гүлдей берсін жеріміз.

 Алихан

 Республикам жасай бер,

 Атар таңың бақ сыйлап.

 Тәуелсіз ел жасай бер,

 Қуанышты күй сыйлап.

 Самира

 Мен бақытты баламын,

 Айтқан тілді аламын.

 Республика күнінде,

 Жұлдыз болып жанамын.

Амир

Республика күні бұл,

Мерекеміз  мерейлі.

Тақпақ айтып жаттаймыз.

Қ.Әмина

Республика күні бұл,

Құты болсын қазағым,

Елім менің тәуелсіз,

Таусылмасын базарың.

 Жүргізуші:-  Балалар мерекемізді әрі қарай жалғастырайық.  

    Ойын: «Басқа әуендердің ішінен әнұранды тап»

                   «Біз сыйқыршымыз»

 

 

Жүргізуші:

              Күлімде күн, күлімде!

              Күлсін барлық бала шат.

              Берекелі бүгіндей,

              Бейбіт болсын болашақ!-  Кәусар мен Әминаның  «Отанның жас  өркені» әнін  қабыл  алыңыздар.

   Саяхатшы: - Жарайсыңдар балалар, өркендерің  өссін, талаптарың оң болсын. Енді меніңде қайтатын уақытым болды.Сендерге тілейтінім  білімді, ақылды, елін қорғайтын азамат болыңдар. Жігіттер ер жүректі батыр болсын, қыздар  көрікті, сұлу-сымбатты, абыройлы болсын. Көріскенше сау болыңдар балалар!

Балалар- Рахмет сізге  Саяхатшы  аға, сау болыңыз!

(Саяхатшы балалармен қоштасып шығып кетеді.)

Жүргізуші:  Балалар арайлаған таңды сүйетін кім?
-Мен
Алтын сәулені сүйетін кім?
-Мен
Жарын даланы сүйетін кім?
-Мен
Ата-ананы сүйетін кім?
-Мен
Досын сүйетін кім?
-Мен
Болашағы елімнің кім?
-Мен
Кәне балалар Отан деген не?

Балалар: - Отан дегеніміз біздің әке - шешеміз, туған туыстарымыз, ауыл қалаларымыз, өзіміз туып - өскен жеріміз.

Тақпақтар: Кәусар,Абдилбоки, Т.Әмина,Төреғали,Назира,Виктор,Ерсұлтан.

Республикам өзіңсің,

Сыйлар бізге гүл бағын.

Бір өзіңе арналар,

Таусылмайды жырларым.

Абдилбоки

Республикам  ғажабым,

Артсын даңқың, ажарың.

Қазақ елі жанданып,

Таусылмасын базарың.

Т.Әмина

Республикам  әнімсің,

Жүрерімде тербелер.

Ел жоқ шығар өзіңе,

Республикам  тең келер.

Төреғали

Әсем  байтақ даламыз,

Сұлу көркем қаламыз.

Туған жерде ер жеткен,

Біз бақытты баламыз.

Назира

Балармыз  бақытты,

Мерекені тойлайтын.

Республика күнінде,

Бар жақсыны ойлайтын.

Виктор

Отан анамда  сенсің,

Мәңгі санамда сенсің.

Орман даламда сенсің,

Қорған панамда сенсің.

Ерсұлтан

Республика күні бұл,

Шаттығымды  көбейтер.

Қазағымның үні бұл.

Тынысырды кеңейтер

Жүргізуші:  

Біз кішкентай әншіміз,
Таңғы мөлдір тамшымыз
Гүл еркінен жаралған
Әніміз бар бал шырын 

 Ән: «Кішкентай торғайлар»                 

Жүргізуші: - Балалар, халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқан екен: «Отан үшін отқа түс, күймейсің»,- деп. Басқа да батыр ағаларымыз, апаларымыз «Отан» деп жырлаған, қорғаған, қастерлеген және Отан үшін өмірлерін қиған екен.
Біз де осы ата - апаларымыз сияқты Отанымызды қорғауымыз керек. Отан үшін еңбек ету керек.

Сендердің еңбектерің – сендердің жақсы оқығандарың, тәртіпті бала болғандарың.
- Ал, балалар, біз Отан туралы мақалдар білеміз бе?

Отан елдің анасы,
Ел ердің анасы.

Отан қадіріне жетпеген

өз қадіріне жетпейді.

Отан от басынан басталады.

Отан оттан да ыстық,
жалыны бар шоқтан да ыстық.

Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

Отансыздың оты жанбайды.

Отан үшін еңбек етсең
халқыңның сүйген ұлы боласың.

Отан үшін күрес — елге тиген үлес.

 Жүргізуші:- Сән  салтанат жасайық,
                        Күйсандықты ашайық.
                        Бұл мереке, бұл тойға,
                        Бимен шашу шашайық – деп балалардың «Көк ту»  тамашалайық. 

 Жүргізуші:       

        Отан деген атамекен
        Отан деген туған жер.
        Отан ана, Отан үлкен
        Қазақстан туған ел.  

      Ән: «Отан»                 

Жүргізуші:- Бүгінгі мерекемізді  аяқтай отырып, бүкіл дүниежүзіне бейбітшілік тілейміз,  аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын - дейміз! Сау болыңыздар!!!(Балалар музыка әуенімен залдан шығып кетеді)

 

Просмотров: 704


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст