«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ертеңгілік. Тақырыбы: "Мен Отаныммен мақтанамын!"

23.10.2024

Тақырыбы:  «Мен Отаныммен мақтанамын!»

 

Құрметті ата - аналар, балалар, бөбекжай ұжымы! Баршаңызды 25 қазан Республика күні мерекесімен «Қарлығаш» мектепалды тобы атынан шын жүректен құттықтаймыз! Баршаңызға отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс, мерекелік шат көңіл тілейміз.

 

Ақжайық, Алтай арасы

Қазақтың шалқар даласы

Республикама қарашы!

Жерімнің дәні маржандай

Қырманы асқар таулардай

Республикама қарашы! деп ортаға «Қарлығаш» тобының балаларын шақырамыз.

І. Әнұран.

Бүгінгі біздің 25 қазан Республика күніне арналған «Мен Отаныммен мақтанамын!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

 

ІІ. Хор: «Отан»

 

Жүргізуші:

- балалар, сендер өте көңілді, әрі бақытты көрінесіңдер. Сендердің Отандарың, қасиетті мекендерің қай Республика?

Балалар:

- Қазақстан Республикасы.

Жүргізуші: - Президент кім?

Балалар:

- Қасым - Жомарт Тоқаев

Жүргізуші:- Отандарыңның астанасы қай қала?

Балалар:

- Астана қаласы.

Жүргізуші:

- Еліміздін рәміздерін білесіңдер ме?

Балалар:

- Әнұран, Туы, Елтаңба.

Жүргізуші:

- Өте жақсы. Олай болса кезекті балалардың жыр шумақтарына берейік.Ортаға Айша,Муслим,Медина,Али- Мухаммад,Томиристі шақырамыз.

 

Айша

Республика күні бұл,

Шаттығымды көбейтер.

Қазағымның үні бұл,

Тынысымды кеңейтер.

 

Муслим

Республикам жасай бер,

Атар таңың бақ силап.

Тәуелсіз ел жасай бер,

Қуанышты күй қылып.

 

Медина

Құтты болсын,Қазағым,

Республика күні бұл.

Мерейлі де тәуелсіз,

Қазағымның үні бұл.

 

Али- Мухаммад

Республикам өзіңсің,

Сыйлар бізге гүл бағын.

Бір өзіңе арналар,

Таусылмайды жырларым.

 

Томирис

Республикам киелім,

Соғып тұрар жүрегім.

Республикам жасай бер,

Мықты болып тірегің.

 

ІІІ.  Утинова Айшаның орындауында

       «Туған жер»  әні.

 

Жүргізуші:

- Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті белгілерін біледі екенсіңдер. Онда Отан дегеніміз не?

Балалар:

- Отан дегеніміз біздің әке - шешеміз, туған туыстарымыз, ауыл қалаларымыз, өзіміз туып - өскен жеріміз.

Жүргізуші: Балалар, егер біз Отанымызды сүйетін болсақ, оның мемлекеттік тілін жақсы білуге міндеттіміз. Мемлекеттік тіліміз қай тіл?

Балалар; қазақ тілі

Олай болса кезекті тағы  балалардың жыр шумақтарына берейік.Ортаға Сафия,Сабыр,Әдемі,Айсезім,Айлинді шақырамыз.

 

Сафия

Республика күні бұл,

Құтты болсын Қазағым.

Елім менің тәуелсіз,

Таусылмасын базарың.

 

Сабыр

Жадыратып жанды бұл,

Нұр силасын арай ,күн.

Құтты болсын бүгінгі,

Республика күні бұл.

 

Әдемі

Азаттығы жанданған,

Жасай берсін еліміз№

Республика күнінде,

Гүлдей берсін жеріміз.

 

Айсезім

Балалармыз бақытты,

Мерекені тойлайтын.

Республика күнінде,

Бар жақсыны ойлайтын.

 

Айлин

Жақсы көріп ,сүйетін,

Республикам жаным бұл.

Шуақ берер шырайлы,

Сәтті атар таңым бұл.

 

ІV. Би. «Қазақстаным».

 

Жүргізуші:

- Балалар, халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқан екен: «Отан үшін отқа түс, күймейсің»,- деп. Басқа да батыр ағаларымыз, апаларымыз «Отан» деп жырлаған, қорғаған, қастерлеген және Отан үшін өмірлерін қиған екен.

Біз де осы ата - апаларымыз сияқты Отанымызды қорғауымыз керек. Отан үшін еңбек ету керек.

- Сендердің еңбектерің – сендердің жақсы оқығандарың, тәртіпті бала болғандарың.

- Ал, балалар, біз Отан туралы,мақал-мәтелдер білеміз бе?

 

V. Мақал -мәтелдер.

1. Отан – оттан да ыстық.

2. Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.

3. Отан үшін отқа түс, күймейсің.

4. Өз елің алтын бесік.

5. Халқын сүйген, салтын сүйеді.

6. Туған жердің қадірін шетте жүргенде білерсің.

 

 

Абдурахманның орындауында: «Менің Отаным -Қазақстан.

Жүргізуші

Жақсы көріп,сүйетін,

Республикам жаным бұл.

Шуақ берер шырайлы,

Сәтті атар таным бұл.

 

Хор: «Тәуелсіз ел»

 

Жүргізуші:

Мен қазақпын биікпін, байтақ елмін.

Қайта тудым өмірге қайта келдім

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске

Жаса – жаса мәңгіге туған елім.

Осыменен «Қарлығаш» мектепалды тобының ертеңгілігін аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен - көп рахмет!

 

 

 

 

 

Просмотров: 694


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст