Текст
«Жас мамандар» мектебі онкүндік аясында көптеген жұмыстар атқарды. Педагогтарымыз балабақшаішілік ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысып, өзара пікір алмасып іс тәжірибелерімен бөлісті. Жас мамандармен сауалнамалар жүргізіліп, жаднамалар ұсынылды. Болашақтарына сәттілік тілей отырып, әр педагог өз ісінің білікті мамандары болады деген сеніміміз мол. Апта соңында жұмыстарымыз қорытындыланып, ұжым атынан жас мамандарға шағын естеліктер табыс етілді.