«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұйымдастырылған оқу – іс әрекеті. Тақырыбы: "Үй құстары"

26.01.2021

Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Үй құстары
Мақсаты:
1.Балаларға үй құстары және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру;
2.Үй құстарының тіршілігі жайлы сұрақтарға жауап бергізу арқылы ойлау,есте сақтау қабілеттерін,қол моторикасын жетілдіру.
3.Құстардың адамға келтіретін пайдасына тоқтау,үй құстарына қамқор болып,оларды күте білуге тәрбиелеу.
Түрі,типі:Кіріктірілген оқу іс-әрекеті.
Әдіс-тәсілдері: Шаттық шеңбері,көрсету,түсіндіру,әңгіме,сұрақ-жауап,
дидактикалық ойын.
Билингвальді компонент:Тауық-курица;балапан-цыплёнок.
Көрнекіліктер: Әтеш,балапан,тауықтың,жұмыртқа суреттері,желім,қол сүрткіш,тауық мүсіні.
сөздік жұмыс:Шиқ-шиқ,құт-құт.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық
қозғаушылық кезең

Балалармен амандасу.
Сәлеметіміздер ме,балалар!Бүгінгі сабағымыз қызықты өтеді.
Балалар орындарыңнан
тұрып,амандасып,шаттық шеңберін жасайық.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң достарым,
Сендерді көрсем қуанам.

Балалар амандасады,шаттық шеңберін жасайды.

Ұйымдастыру-
ізденушілік кезең
 

Балалар орындарыңа отырып,суретке назар аударайық.
Мына суретте не көріп тұрсыңдар?
Иә балалар,бұл үй құстары.
Ал қандай құстар екен?Кәнекей атайық,сендер қайталаңдар.
Тауық,әтеш,қаз,үйрек,балапан.
Осы құстардың ішінен тауықпен танысамыз.Тауықтың суретін кім көрсетеді?Иә бұл тауықтың суреті.
Тауық-курица.
Олардың пайдасы көп:жұмыртқа-
сын,етін адамдар тағам ретінде пайдаланады.Адамдар үй құстарына қамқорлық көрсетіп, асырайды.Олар қайда  тұрады?
Иә,қорада.
Тауықтың баласын не деп атайды екенбіз?
-Иә,балалар,дұрыс айтасыңдар балапан деп атайды екенбіз.
Кім  балапаннын суретін көрсетеді.
Балапанның түсі қандай болады?
Иә дұрыс.
Балапан-цыпленок.
Оларға біз не береміз?
Иә,тауықтар бидайды жақсы көреді. Тауықты сипап көрейік(тауықты көрсету).Ол қанатының астына балапандарын алып қорғайды. Аяғында тырнағы бар екен.Онымен жер тырналап, балапандарына жем тауып береді.

Үй құстары қалай дыбыстайды?
Сендер қайталаңдар:Шиқ-шиқ-шиқ,құт-құт-құт-құт-құт-құт.
Балалар сергіту сәтін жасап алайық.
Сергіту сәті:
Бала-бала-балапан,
Кәне қайсы алақан?
Саусақтарың әйбәт,
Олай-бұлай ойнат!
Жақсы,балалар,ойын ойнағыларың келе ме?
Ойын:«Орнын тап»
Шарты:Берілген кестедегі әр түрлі пішінге қиылған құстардың суретін,пішіні бойынша орналастыру.
Балалар,сендерге ойын ұнады ма?
Балалар,балапан қалай пайда болады?
Балалар қараңдаршы( суретте жұмыртқа мен балапан суреті болды.)
Мінекей,балапан жұмыртқадан шығады.
Енді біз жұмыртқаның суретін жапсырайық.(ұжымдық жұмыс)
Қауіпсіздік ережесін сақтайық.
Суретті бізқағаз бетіне желіммен жапсырамыз.
Жарайсындар,тапсырманы орындадыңдар.

Бұлар үй құстары

 

 

Тауық, әтеш,қаз, үйрек,балапан.

Бір бала шығып,көрсетеді.

Тауық-курица.

 

Назар салып тыңдайды.
Қорада.

 

 

 

 

Балапан.

 

Балалар шығып көрсетеді.
Сары

 


Балапан-цыпленок

Жем,су.

Тыңдайды

Балалар,тауықты ұстап,сипайды.

 

 

 

Шиқ-шиқ-щиқ,
Құт-құт





Сергіту сәтін орындайды.

 

 

Иә,ойнайық.

Балалар ойынды ойнайды.

 

Иә,ұнады.

 

Балалар суретке назар аударады,қарайды.

 

 

Жұмыртқа суретін жапсырады.
 

Рефлексті - коррекциялау

Балалар бүгін біз немен таныстық?
Олар немен қоректенеді?
Олар неден пайда болады?
Сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!

Балалар жауап береді.
Үй құсарымен.
Жем,су.
Жұмыртқадан.

Күтілетін нәтиже.
Біледі: Үй құстарының аттарын ажыратуды;
Игереді: үй құстары және олардың пайдасы туралы білімді.
Білу керек:Желімді қолдана біледі.
Толтырған тәрбиеші:Д.О.Женбаева.
 


Просмотров: 591


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст