«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұйымдастырылған оқу – іс әрекеті. Тақырыбы: "Үй жануарлары"

26.01.2021

Білім беру саласы: Қатынас , шығармашылық.

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, сурет салу (мені қызықтыратын жануар)

Тақырыбы: «Үй  жануарлары»

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың үй  жануарлары туралы түсініктерін кеңейту.

 Дамытушылық: Қыс мезгілі, үй жануарлары туралы, олардың төлдері және олардың пайдасы туралы айту,тақпақтар айтқызып,жұмбақ жасырып, сұрақ-жауап арқылы балалардың тілін дамыту.

 Тәрбиелік: Табиғатты сүйе білуге және үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  суреттер, үлестірмелі материалдар, бейнероликтер.

Әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету.

Үлестірмелі материал: әр балаға үлестірмелі материалдар беріледі.

Қостілділік компонент: сиыр-корова,түйе-верблюд,қой-овца,ешкі-коза,жылқы-лошадь.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Мотивациық – қозғаушылық

Шаттық шеңбер:
Білер қазақ баласы.

Сәлем сөздің анасы

Көп танысты көреміз

Алдымыздан кезіккен,

Бәріне де ізетпен

Иіліп сәлем береміз.
Жақсы көңілмен барлығымыз бірігіп сабағымызды бастайық.

•    Қане балалар, есімізге түсірейікші, қазір жылдың қай мезгілі?

•    Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? Біз қыста қалай киінеміз?




 

Балалар тәрбиешінің сұрақтарына толық жауап береді.Сабақты жақсы көңіл күймен бастайды.

 

 

-Қыс мезгілі

 

 

-Қыста дала суық болады, біз жылы киімдермізді киеміз.

-Қар

 

 

Ұйымдастырушылық – ізденістік

1.Балалар мен сендермен оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын бірнеше жұмбақтар жасырғым келіп тұр.

-Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

 - Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

- Басында екі таяғы бар,

Иегінде сақалы бар.

- Көкке жаншып құйрығын,

Шауып келет жүйрігім.

-Төрт бұлағы сүт,

Баққанға ол –құт.

- Жарайсыңдар балалар сендер үй жануарлары туралы өте жақсы біледі екенсіңдер, енді бүгінгі оқу іс-әрекетімізде осы төрт түлік ,яғни үй жануарлары туралы болмақшы.

Үй жануарларының адамға берер пайдасы өте мол. Мінсек көлік,ішсек тамақ, кисек киім екен. Оларға да адамдар сияқты күтім керек. Жылы қора, таза жер керек екен.

2. Балалар енді осы үй жануарлары мен және оның төлдерімен танысайық.

Сиырдың төлі-бұзау.

Жылқының төлі-құлын

Ешкінің төлі-лақ

Қойдың төлі-қозы

Түйенің төлі-бота

Жарайсыңдар балалар!Қазір бейнероликке қарап,маған үй жануарларының дауыстарын тауып бересіңдерші.

Сиыр-мөңірейді

Қой мен ешкі-маңырайды

Түйе-боздайды

Жылқы-кісінейді.

3: Ал балалар  енді екі орталыққа бөлініп, соңғы тапсырмамызды орындайық. Қызыл түс алған топ менімен бірге қалып дидактикалық тапсырмалар орындайды.

Ал, көк түс алған балалар өнер орталығына барып өзіне ұнаған үй жануарының суретін бойайды.

Өнер орталығы: «Мені қызықтыратын жануар» бояу

 

 

Дидактикалық ойын: «Төлін тап»

Шарты: Балалар тақтада тұрған үй жануарларының төлін тауып, қасына орналастыру керек.

2.Дидактикалық ойын: «Үй жануарларын қалай шақырады»

Шарты:Балалар суретке қарап,жануарларды қалай шақыратынын  атап береді.

Сергіту сәті.

Топ-топ етіп басайық,

Ауылға біз барайық.

Қозыларды санайық,

Бір,екі,үш деп,алақанды соғайық,

Төрт,бес,алты деп

Қораларға қамайық.

4.Ал енді балалар енді осы үй жануаралары яғни төрт түлік туралы тақпақтарынды айта қойыңдар.

Валентина:

Мінезім жайлы сиырмын,

Байлығымын бір үйдің.

Етім дәмді, сүтім бал.

Сырымды менің ұғып ал.

Аиша:

Қой баласы қоңырмын.

Қойдан жуас момынмын,

Шопан ата түлегі,

Қошақаным қайдасың.

Айғаным:

Құлдыр-құлдыр құлыншақ,

Тынымсыз бір ұрыншақ.

Ұршықтай боп бұртылдап,

Жұмыр, жоның жылтылдап.

Адия:

Шөре-шөре лағым,

Тентек болма шырағым.

Секектеме деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

Диас:

Айналайын ботам,

Қандай күлте жотаң.

Табандарың жалпақ,

Теріп жейсің жантақ.

 

 

 

 

-қой

 

-түйе

 

-ешкі

 

-жылқы

 

-сиыр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар кезекпен-кезек сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көс-көс-түйе

Құрау-құрау-жылқы

Әукім-әукім-сиыр

Пұшайт-пұшайт-қойды

Шөре-шөре-ешкіні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Тақпақтарын айтады

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялық - түзетушілік

 

-Балалар бүгін біз сендермен үй

жануарлары туралы таныстық. Ал енді осы өткен оқу – іс әрекетімізді бір шолып өтейік.

Қонақтармен қоштасу:

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Бүгінгі келген қонаққа,

Сау болыңыз деп,айтамыз.

Балаларды мадақтау.

 

-Үй жануарларымен таныстық.

 

 

 

-Сау болыңыздар!

 

 

Күтілетін нәтиже:

біледі:  жыл мезгілін,үй жануарларын.

игереді: ұжыммен жұмыс  жасауды.

меңгереді: үй жануарларының тіршілігін,төлдерін.

Тәрбиеші: Азатбек .С

 

 

Просмотров: 547


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст