Мақсаты: Балалардың ағаш туралы білімдерін бекіту. Сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын ,ой –өрісін дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларға ермексаз арқылы ағаштардың жапырақтарын жасауға үйрету. Қызығушылығын ояту.
-Балалар, біз серуенге қайда шықтық? ( таза ауаға шықтық).
Олай болса таза ауамен тыныстап алайық. Мұрынмен жұтып,ауызбен шығарамыз.
Серуен кезінде мынандай қауіпсіздік ережерін сақтауымыз керек:
Тәрбиешіден қашпау.
Бөтен заттар ұстамау.
Жүгірмеу, төбелеспеу,бір-бірін итермеу.
Ауызға ештеңе салмау.
Бөтен адамдармен сөйлеспеу.
Биіктіктерден секірмеу.
Көркем сөз:
Күздің қазан айында, (Айлин)
Алма алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр –сыбдыр түседі.
Сұрақ –жауап:
-Қазір жылдың қай мезгілі? (Күз мезгілі)
-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады? (Балалар өз ойларын айтады)
-Бүгін ауа райы қанда
2. Балалар екі-екіден қол ұстасып бөбекжай маңындағы ағаштарға барады.
Айналадан не көріп тұрсыңдар? (Ағаштар көріп тұрмыз.)
Тәрбиеші:Қандай ағаштар өсіп тұр?
-Күзгі ағаштардың түсі қандай?
-Мына ағаш қалай аталады? (Қайың ағашы). (Қайың ағашына жақындау)
-Оны қандай белгілеріне қарап білдіңдер? ( қайынның діңі тік әрі ақ, жапырағы жалпақ, өте сүйкімді ағаш).
— Мынау қандай ағаш? шыршалар
Шыршаның түсі жасыл, қылқан жапырақты. Жазда шыршаның түсі қандай еді?
-Ағаштардың адамға қандай пайдасы бар? (Демалу үшін таза ауа береді.) Осындай әсем табиғатты, ағаштарды біз аялап күтіп, қамқор болуымыз керек.
Дидактикалық ойын: «Аталған ағашқа қарай жүгір»
Мақсаты:ойын ережесін орындай білу,ағашты дұрыс таба білу, ептілікке тәрбиелеу.
1,2,3 қайыңға қарай жүгір.
1,2,3 маған қарай жүгір.
1,2,3 шыршаға қарай жүгір.
1,2,3 маған қарай жүгір.
Дұрыс жүгірдің дерме?
Жапырақтармен тыныс алу жаттығуын жасау.
Еңбек: Күзгі ағаштардан түскен жапырақтарды жинап,тазалап тастайық . Келісесіңдерме ?
Құрал—жабдықтарды таратып беремін.
—жарайсыңдар ,балалар! Сендер бүгін үлкен іс атқардыңдар. Сендерге ағаштар рахметін айтып жатыр.
Ендеше топқа кіріп, серуенде байқаған ағаштарымызды мүсіндеп көрейік.
Қорытынды
— Сонымен балалар,бүгін серуенде нені бақыладық?
-Ағаштар қандай түске боялған?
-Сендерге не ұнады?
–Жарайсыңдар, барлығың серуенде өздеріңді тәртіпті ұстап, жақсы еңбек еттіңдер. Жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.
Тәрбиеші:Даниярова Б.С.