"Жол картасы" жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған мобильді топ жоспарына сәйкес құзыреттілік орталығы болып табылатын «Балдырған» бөбекжайында «Мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық» тақырыбында аудандық семинар-практикум өткізілді. Семинар- практикумға мектепке дейінгі мекеменің мектепалды топ тәрбиешілері, қала мектептерінің мектепалды сынып тәрбиешілері және 1 сыныптың әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілері қатысты. Семинар- практикумда мектепалды топтар мен бастауыш сынып сабақтастығы бойынша мәселелер талқыланды.
Семинарды бөбекжай әдіскері Нургалиева З. К. ашып, семинарға қатысушыларға жұмыстарына табыс тілеп, семинар жұмысымен таныстырды.
Практикалық бөлімде құзыреттілік орталығының мектепалды тәрбиешілері Қожабергенова Б.Е. және Тулебаева А.Т. кіріктірілген ҰІӘ көрсетсе, тәрбиеші Шакиева Ж.О. мектепалды топ бүлдіршіндерімен интелектуалды сайыс ұйымдастырды. «Солнышко» және «Снежинка» бөбекжайының педагогтері шебер- сыныптар көрсетт.Теориялық бөлімде Вознесенко мектебінің мектепалды топ тәрбиешісі мониторинг жүргізу жайлы ақпарат берсе, қаламыздың мектеп- гимназия мен Балуан Шолақ атындағы мектеп- лицейінің 1 сынып мұғалімдері балалық шақтан жүйелі оқытуға кедергісіз көшу және бүлдіршіндердің мектепке бейімделуі бойынша іс- тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында аудандық білім бөлімінің әдіскері Джамбасова Г.Т. қорытынды сөз айтып, ұсыныстар шығарылды.