«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

05.12.2017

Ойын-бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық           тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшіліктерін қалыптастырады. Бала ойында қоғамдық, Ұжымдық сипат болады. Мәселен,кез -келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір- бірімен өзара қарым- қатынас жасайды. Ойын балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі.Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С. Макаренко былай деп жазады: «Бала ойында қалай болса,өскен сон жұмыста да көп жағынан ұқсас болады.» Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойынның негізгі ерекшілігі-ол балалардың қоршаған ортаны-адамдардың қимылын, іс-әрекетерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме, теңіз де, ұшақ та, темір жол вагоны да болуы мүмкін.Балалар үн -түнсіз ойнамайды,жүреді. Ойын процесінде сөйлеу қарым-қатынасы үлкен  роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысады,ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрымдылық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжетті немесе мазмұны,ойын әрекеттері, рольдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтыннемесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.

Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: «Дүкен», «Дәрігер», «Ұшақтар», «Отбасы», және т.б. болып ойнайды.

Ойынның сюжеті, мазмұны- бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе.

Ойынның мазмұны оны қызықты етеді,ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасуға мүмкіндік алады.

Тәрбиеші балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Ойынның мазмұны мен ережесін, өзіңің ойындағы ролін пайдаланып, ойнаушылардың ынтасын басып тастамай,әдеппен ойынның барысын, олардың өзара қарым-қатысын бағыттап отырады. Өзі де сол ролге қатыса алады. Ойынныңкөп уақыты  серуенде өтеді. Сондықтан аулада арнаулы құрлыстар, ғимараттар (кемелер, автобустар),көптеген құрлыс материалдары күректер,доптар, секіргіштер болуға тиіс. Ойын сонымен бірге оқу үстіндегі оқытумен  же тығыз байланысты. Ойын ешқашанда өзінің қызықшылығын жоғалтпайды, теконың мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай,өзіне тән ерекшіліктеріне қарай сюжетті -рөлді, драматизациялық, дидактикалық  құрлыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.

Сюжетті-рөлді ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі  орын алады. Сюжетті- рөлді ойындардың ерекшілігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта  болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті-рөлді  ойында бейнелеу құралв болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады.

Мысалы, «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып     алушының әрекеттеріне, ал «Аурухана» болып ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді. Педагог өткізілген ойынға талдау жасап,оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалын бағалауға, өз тобындағы сюжетте рольді ойындарына  одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс.

 

 

 

 

 

Просмотров: 1799


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст