Білім беру саласы: Коммуникация.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: “Қандай құсты білесің ” Р. Зайтов
Мақсаты: Құстардың тіршілігі туралы білімдерін кеңейту. Қыстап қалатын және жылы жаққа ұшып кететін құстарды ажырата білу, бибітшілік құсы деген мағлумат беру.
Балаларға тақпақты есте сақтапқалуына көмектесу, тілін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Құстарға деген сүйіспеншілікті, қамқорлықты тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Сүйіспеншілік, қамқор.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ағаштар, ойыншык үй, құстардың суреттері қаропша, семішке, тары, жемсалғыш.
Билингвальдық компонент: құс –птица, көгершін – голубь.
Қызметтің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс -әрекеті |
Балалардың іс -әрекеті |
Мақсатты -түрткі болғыш
|
Шаттық шеңбер: Қайырлы таң құсқа, аңға да, Қайырлы таң жайдары жаңға да, Қайырлы таң алға ассын, Кешке дейін жалғассын!
Балалар сендер ойнағыларың келеме? Жақсы олай болса жүріңдер ойнайық. Ойынның аты «Өз мекенін тап» Ойынның шарты: үстел үстінде үй құстардың және жабайы құстардың суреттері. Сол құстарды тұратын мекендеріне апарып қою, ажырату. Жарайсыңдар балалар сендер құстарды дұрыс ажыратты. Есікті біреу қағады. Топқа хат тасушы(почтальон) кіреді. Хат тасушы:
Тәрбиеші:
Балалармен бірге ашады қаропшаны.
|
Шеңберге тұрып сөздерді қайталайды.
Салеметсіз бе. бұл «Балдырған» балабақша бұл «Ертөстік» тобы. Балалар қызығушылық танытады. шекілдеуік, бидай . Білмейміз.
|
Іздестіру- ұйымдастыру |
Ал енді қазір оны білуге тырысайық. Біріншіден орынымызға жайғасып отырайық. Балалар қане ойлайықшы шекілдеуікті, бидайды нелер жақсы көреді? Нелер осылармен қоректенеді?
Билингвальдық компонент: құс –птица, Балалар бүгінгі оқу іс әрекетінде біз Р. Зайтов деген жазушының «Қандай құсты білесің» өленмен танысамыз.
Тіл жаттығу: Қарға біздің қар-қар, Сауысқаным сауқ-сауқ, Торғайларым шик-шик, Жапалағым уқ-уқ, Көккек, Көккек, Көккек, Ұшады екен желпілдеп.
Өленді оқып беру. Сұрақ-жауап:
Өленді тағы оқып,есте сақтапқалуына көмектесу.
Сөздік жұмыс: сүйіспеншілік, қамқарлық. Сергіту сәті: Тырна келді тыраулап, Тіліп өтіп аспанды, Қаздар көлде жүр ойнап, Көктем айы басталды. Қыста құстар немен қоректенеді?
Тыйым сөздер: Құс ұясын бұзбаңдар, Жұмыртқасын алмаңдар, Құстар біздің досымыз, Құстардың біз досымыз! Балалар екі топқа бөлінеді: «Шығармашылық» орталығында балалар құстарға жемсалғыш жасайды да шекілдеуік пен бидай салады. «Кітап» орталығында көгершін туралы әңгімелеседі. Балалар біз жуырда серуенге шыққанда қандай құстарды көрдік? Билингвальдық компонент: көгершін – голубь.
Көгершіндер әр түсті болады. Көгершін – көп халықтарда бейбітшіліктің белгісі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады.
Ағаш бұтағына жем-суы бар жемсауытты іліп қою. Осы астаушадан құстар келіп жем жеп, су ішіп жүреді. Жақсы, балалар, сендер құстарға қамқоршы бола алатын ақылды балалар екендіктеріне мен қуаныштымын. |
Балалар орындарына отырады. Құстар жақсы көреді . құс –птица, балалар қызығушылық танытады. Қыс жыл мезгілі. Жылы жаққа ұшып кетеді. Жоқ кей біреулері қалады: торғай, қарға, сауысқан, көгершін, шымшық, тоқылдақ, т.б
Тіл жаттығу жасайды
Өленді тындайды.
Сұрақ-жауап: Құстар туралы. Жабайы құстар туралы. Торғай Томпиып Сақ отыр. Балалар атайды.
Сөздік жұмыс
Сергіту сәтін жасайды.
тақпақтарды айту хормен
балалар екі топқа бөлінеді
көгершін – голубь
|
Рефлексті – дәлелдеу |
Балалар біз бүгін не туралы әңгімелестік? Қандай өлеңмен таныстық? Құстардың қандай пайдасы бар? Құстар немен қоректенеді? Құстарға қалай қамқор бола аламыз Өте жақсы, балалар, барлығымыз тұрайық Қол ұстасып тұрайық, Көріскенше күн жақсы, Шеңберді біз құрайық, Сау-саламат болайық.
|
Сұрақ – жауап
Барлығы бірге тұрып жаттығу жасайды. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Қыстап қалатын және жылы жаққа ұшып кететін құстарды ажырата, бибітшілік құсын білдеі.
Игереді: тақпақты есте сақтауды.
Меңгереді: Құстарды қорғауды, қамқорлық жасауды.