Тобы: |
«Мирас» мектепалды даярлық тобы |
|||
Білім беру саласы: |
Таным |
|||
Оқу пәні: |
Жаратылыстану |
|||
Тақырыбы: |
||||
Бөлімі: |
2.Өлі табиғат |
|||
Бөлімше: |
2.1 Өлі табиғат денелері мен заттары |
|||
Оқу мақсаты: |
2.1.1 Өлі табиғатқа жататын денелер мен заттар анықтау. |
|||
ҰОҚ мақсаты: |
Жансыз табиғат, оның тіршілік ортасы және жансыз табиғат қайталанбас құбылыс туралы білімдерін кеңейту. |
|||
Қолданылған әдіс-тәсілдер: |
АКТ,слайд, үлестірмелі материалдар, зерттеуге қажетті құралдар |
|||
Сөздік жұмыс: |
Құм, тас, су, сусымалы, сұйық |
|||
Билингвальды компонент: |
Құм-песок, тас-камень, су-вода, жансыз –не живая |
|||
Күтілетін нәтиже: |
|
|||
ҰОҚ кезеңі |
Педагогтың әрекеті |
Баланың әрекеті |
Ресурстар |
|
Сабақтың басталуы 1 мин |
Психологиялық ахуал. Өлең шумақтарын бірге қайталау. Ширату әдіс: Армысың, ардақты Аспан ата, Армысың, мейірімді Жер ана. Армысың, шуақты Алтын Күн, Күліп шықты күн бүгін, Қайырлы таң, қайырлы күн Қуанатын күн бүгін. |
Балалар, бірге шеңберге тұрып орындайды. |
|
|
Сабақтың барысы
26 мин.
|
Миға шабуыл әдісі : Бейнебаян «Табиғат-адамзатқа аманат» Балалар, бейнебаяннан нені тамашаладыңдар? –Қандай табиғат бейнеленген екен? – Жансыз және жанды табиғат. Бірге ойлау әдісі:жанды және жансыз табиғатты слайд арқылы салыстыра отырып, айырмашылықтары мен ерекшеліктерін атау. -неліктен жанды және жансыз табиғат болып бөлінеді деп ойлайсыңдар? -– Жансыз табиғаттың жанды табиғаттан айырмашылығы қандай екен? - жансыз табиғаттың адамзатқа қажеттілігі неде? Жансыз табиғат деп – өсіп-өнбейтін, көбеймейтін, заттарды айтамыз. «Жансыз табиғатқа не жатады» соған тәжірбие жасап көрейік. Ұжымдық жұмыс: 1-тәжірибе: «Су сұйық, ал құм сусымалы» Енді стақанға құм салу. Ол да стақанның пішініндей. Сонда құм сұйық зат болғаны ма? Осыны тексеріп көз жеткізу. Суды жалпақ табаққа құямыз, су жайылып кетті. Су – сұйық зат. құм, жалпақ ыдысқа төгеміз. Құмды төккенде, ол үйіліп қалды. Құмның сұйық емес, сусымалы зат екенін білдік. Су мен құм әртүрлі заттар екен. Құм – сусымалы зат. 2-тәжірибе: «Құм суда еридіме?» Бір стақанға су құйыпқұмды салу, келесі ыдысқа қант салу. Екі ыдысты да араластыру. Нәтижесінде қанттың суда еритінін және құмның суда ерімей,түбінде тұнып қалады екен. Балалар құмның суда ерімейтіні туралы айтады. Құм – сусымалызат. Су – сұйықзат Балалар құмның пайдасы өте көп екен күн ыстық болғанда құм ыстық болады . Ыстық денсаулыққа пайдалы екен. 3- тәжірбие: Әр баланың қолына айна беріледі.Балалар айнаға үрлеп, ауаның бар екеніне көз жеткіеді 4-тәжірбие: Балалар енді мұрнымызды қолымызбен жауып аузымызды ашпай көрейік. Сергіту сәті: Топтық жұмыс: 1-тапсырма: Пластелинмен сурет салу әдісі: табиғаттың суретін салу 2-тапсырма: Дәптермен жұмыс (38-бет) Коллаж әдісі: жанды және жансыз табиғаттың суреттерін топтастырып фото коллаж жасау. 3-тапсырма:Зерттеу,бақылау әдісі:( тәрбиешінің жетекшілігімен жасайды) 1-тәжірбие — Құм мен балшық Жалпақ тәрелкеге құмды саласыз,келесі тәрелкеге батпақты саламыз қолға жұғама жұқпайма көрейік. Құм жұқпайды ол сусымалы, ал батпақ жұғады. 2-тәжірбие Стаканда су , қасық, әк , сүлгі. Барлық балалар жасайды. Балалар әктің пайдасы да , зияны да бар екен. Онымен әктесе үйдің ауасы тазарады екен. Әктің исі бар екен, түсі ақ екен. Оны жеуге болмайды. Ағашың түбін әктесең ағашты құрт құмырсқа жемейді екен. Белсенді әдісі: Д\о: «Жер,су,ауа» Мақсаты: балаларға берілген тапсырманы тез шешуге,жылдам жауап беруге, ауада,суда не болатынын дұрыс айтуға төселдіру.Қоршаған ортаға қамқорлық сезімін тәрбиелеу.Шапшаң жауап беруге баулу. |
– Дұрыс, табиғаттың бейнесі.
Жанды табиғатқа- адамдар, құстар, жануарлар, ағаштар, өсімдіктержатады.
Жансыз табиғатқа-тас, құм, су, ауа т.б
Жансыз табиғат деп – өсіп-өнбейтін, көбеймейтін, заттарды айтамыз.
-топырақ, су, күннің көзі қажет Қимыл-қозғалыспен келтіріп тұрады
Балалар ойын шартын бұзбай, қызыға ойнады.
Балалардың жауаптары тыңдалынып, толықтырып отырамын.
музыка ырғағымен экранда көрсетілген қимылдарды бірге жасайды.
Балалар топтарға бөлініп берілген тапсырмаларды орындайды.
Ойын шарты: балалар дөңгеленіп тұрады.Бір бала ортаға шығып,баланың кез-келген асықты лақтырып жіпереді де, «жер», «су», «ауа» деген сөздің бірін айтады.Егер бала « жер» десе,асықты қағып алған бала жерде тіршілік ететін құстарды, адамдарды, өсімдіктерді атайды. Ал «су» сөзі айтса балық, балдырлардын аты аталады. Ауа дегенде құстарды айтуы тиіс.Осылай ойын жалғаса береді. |
https://samizdatt.net/uploads/posts/2016-
Суреттер ғаламтор желісінен
|
|
Қорытынды
3 мин |
Рефлексия Сұрақ-ілмегі әдісі: -Табиғатқа жансыз табиғаттың қажеті бар ма, не үшін деп ойлайсыңдар? Тыйым сөздер. «Құм мен тас» аңыз әнгімесін тындатып қорытынды жасау. Кері байланыс: 1 деңгей- ештеңе түсінбедім-қызыл жапырақ. 2деңгей- түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын-сары жапырақ. 3 деңгей- бәрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере аламын- жасыл жапырақ. |
Жауаптары тыңдалынады. -Судыңда сұрауы бар -Түнде су алуға бара ма. -Суға түкірме -Суды лалайлауға болмайды -Судың бетін ашық қалдырма |
|