Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық».
Бөлімі: «Жаратылыстану», «Аппликация».
Тақырыбы: «Қыс мезгілі», «Ұлпақар».
Мақсаты: Қыстың өзіне тән белгілерімен, қардың қасиетімен, қыстың өзгерістерімен таныстыру. Табиғат құбылыстары туралы түсініктерін толықтырып, жетілдіру. Балалардың сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: Мазмұнды қыс туралы суреттер, қуыршақтың суреті, ұлпақар.
Әдіс –тәсілдер: Әңгімелесу, жұмбақ, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті.
Қармен тәжірибе жүргізуге арналған материалдар: Қарға арналған әр түрлі ыдыстар-стақандар, клеенка, лупа, бояу, қылқалам, қант, тұз.
Билингвалдік компонент: Қыс-зима, қар-снег.
Оқу іс әрекетінің қызметі |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивациялық –қозғаушылық
|
-Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті шаттық шеңберге тұрып, қонақтармен амандасайық. Шаттық шеңбері |
Балалар қонақтарға назар аударады
-Балалар шаттық шеңберге тұрып, қимылдарды қайталайды. |
Ұйымдастырушылық ізденістік
|
-Балалар бүгін біздің іс әрекетін тақырыбын білу үшін жұмбақтың шешуін табайық. Жұмбақ Шанамен зырғып желетін Коньки,шаңғы тебетін Аққала жасап ойнайтын Қай мезгіл деп ойлайсың? -Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар? -Дұрыс айтасындар жұмбақтың жауабы қыс мезгілі. Қазір біз суреттер арқылы қыс мезгілі туралы білімдерін есімізге түсірейік. (суретпен жұмыс) 3.Ауа райы қандай болады? 4. Қандай ойындар ойнаймыз?
-Балалар орыс тілінде қысты-зима деп айтамыз -Балалар қыс мезгілініңең басты бір ерекшелігі бар. Ол не балалар? -Дұрыс айтасындар. Қане, барлығымыз қарды қолымызбен ұстап көрейікші. - Қар қандай екен? -Ұлпақардың түрлері әр түрлі болады. - Қардың түсі қандай? Ал орыс тілінде қарды-снег деп айтамыз - Балалар, қардан қандай мүсін жасауға болады? Ғажайып сәт:(Аққала келеді қонаққа). -Балалар, қарандаршы мен куыршақтың суретін алып келдім, маған қуыршақты қысқы серуенге киіндіруге көмектесесіңдер ме? Мақсаты: Суреттегі қуыршақты далаға қысқы серуенге киіндіру. Аққала:-Рахмет, балалар тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Мен өте ризамын. -Аққала, сіз бізге қыс мезгілі жақсы тапсырма алып келдіңіз, ал біздің балалар, қыс мезгілі туралы тақпақтарды да біледі. Тақпақтар Айым Н.: Қыс мезгілі көңілді, Шанамен біз ойнаймыз, Шаңғы теуіп зырлаймыз. Эльдар:Далада қар борайды, Айым Ж. Қыстың күні көңілді, Көп қызықты көреміз. Шығып алып далаға, Сырғанақты тебеміз Аққала:-Рахмет балалар, қандай ақылды екенсіңдер. Менің де кететін уақытым келді, жылы жерде маған көп болуға болмайды. Сау болындар! -Өте жақсы, балалар шаршап қалған шығарсыңдар, бәріміз шенберге тұрып сергіту сәтін орындаймыз. Сергіту сәті Тоңса біздің басымыз - құлақшын киіп аламыз Тоңса біздің денеміз – тон киіп аламыз Тоңса біздің аяғымыз – пима киіп аламыз Тоңса біздің қолымыз – қолғап киіп аламыз -Балалар бүгін біз қыс туралы көп білдік, енді белсенділік орталыққа барып, фишкалар арқылы орталықтарға бөлініп, оқу іс әрекетімізді әрі қарай жалғастырайық. «Ғылым» орталығы көк фишка алғандар ғылым орталығына барып қармен тәжірибе жасаймыз. «Өнер» орталығы қызыл фишка алғандар өнер орталығына барып дәстүрлі емес тәсілді қолдана отырып, ұжымдық жұмыс жасап, ұлпақарларды жапсырамыз. Қауіпсіздік ережелерді айтып өту. 1 ғылым орталығы: - Қазір жылдың қай мезгілі дедік? - Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атайықшы? - Қардың түсі қандай? - Ендеше осы қарға тәжірибе жасап көрейік. Тәжірибе жүргізу: Тәжірибе 1. Қарды ұстап көру, ол туралы әңгіме жүргізу. - Қар неге ұқсайды? Қар қандай? Тәжірибе 2. Қар көптеген ұлпалардан тұрады. -Балалар лупа арқылы біз казір карды жақындап көрейік, карандаршы қар көптеген ұлпалардан тұрады. Тәжірибе 3. Қар түрлі пішінін қабылдай алады. -Балалар қар әр түрлі пішінді кабылдай алады, казір біз бәріміз істеп көрейік. Балалар қарды бояуға болады, осы пішіндерді бояп көрейік. Тәжірибе 4. Жылы жерде қар ериді. -Балалар жылы жерде қар еріп кетеді. Казір бір ыдысқа таза қар саламыз, екіншіге қарға тұз қосып саламыз, және бақылап көрейік қай ыдыста қар тез ериді. -Балалар бүгін біз осындай тәжирибе жүргіздік. Ендеше бәріміз орындарымызға барып отырамыз. 2 өнер орталығы: Дәстүрлі емес тәсілді колдана отырып мақта арқылы ұлпақарды жапсырады. -Өте жақсы балалар жұмыстарынды аяқтадық, ендеше барлығымыз ортаға жиналып, ойын ойнап алайық. Дидактикалық ойын. «Сәйкесін тап» Мақсаты: Суреттерден қыс мезгілі ерекшеліктерін білдіретін суреттерді тауып тақтаға орналастыру. |
Қыс мезгілі
Қыс мезгілі
Қар жауады Аяз, суық, боран болады. 3 ай бар Желтоқсан, қаңтар, ақпан
Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз Шана тебеміз, сырғанаймыз, ұлпа қар ойнаймыз Қыс-зима
Қар жауғаны.
Балалар қарды қолмен ұстап көреді. Суық
Ақ Қар-снег Аққала
- Сәлеметсізбе Аққала.
Қуыршақты киіндіреді
Тақпақтарды айтады
Сау болыңыз
Сергіту сәтін орындайды
Орталықтарда жұмыс жасайды
Қыс Қар жауады. Ақ
Қант, тұзға ұқсайды. Ақ, суық, жеңіл
Балалар лупа арқылы қарды бақылайды
Балалар қарды әр түрлі пішін ыдыстарға салып, кардан пішіндерді шығарады. Бояйды.
Тәжірибені жүргізеді
Балалар ұлпақарды жапсырып отырады
Ойын ойнайды |
Рефлексиялық- түзетушілік |
-Балалар бүгін сендер екі орталықта жұмыс жасадыңдар. Ғылым орталығында балалар сендер не жасадындар? -Дұрыс әр түрлі тәжірибе жасадық. Өнер орталығында балалар не жасадыңдар? -Қандай әдемі сурет болды. Осы суретте қандай жыл мезгілі бейнелеген? -Жақсы балалар. Сендерге оқу іс әрекет ұнады ма? Осымен біздің оқу іс әрекетімізді аяқтаймыз. Рахмет сендерге. |
Қарды бақылау, қарды боядық.
Ұлпақарды жапсырдық
Қыс
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар қыс мезгілі туралы жалпы мағлұмат біледі.
Үйренді: Қармен тәжирибе жасауға және дәстүрлі техника арқылы ұжымдық
жұмыс жасауға үйренді.
Білді: Қысқы ауа райы туралы көп білді.