Білім беру саласы:«Таным» «Шығармашылық»
Бөлімі:Жаратылыстану, Сурет
Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктері» «Күн».
Мақсаты: Бөлме өсімдіктер туралы түсінік беру. Гүлдердің атауларын, сырт келбетін, жеке бөлшек атауларын дұрыс айтуын , оларды баптап, күту ережелерімен таныстыру,гүлдердің түрлерімен таныстыру.Өсімдікті отырғызу жолын көрсетіп, табиғатты аялауға, сүюге үйрету.
Оқу іс- әрекетінің түрі: Кіріктірлген сабақ.
Қолданылатын типі: дамыта оқыту, «Тәй-тай» технологиясы.
Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру.
Билингвальді компонент: Гүл-цветок, өсімдік-растенье.
Көрнекіліктер:Суреттер, гүлдердің суреттері, схема.
Қызметтің кезең |
Тәрбиеші әрекеттері
|
Балалардың әрекеттері
|
Мотивациялық - түрткі болатын
|
Сәлеметсіздер ме балалар апайлар!Балалармен таңғы шаттық шеңберін жасау. Шаттық шеңбері: Қуанамын мен де, |
Шаттық шеңберін құрады.
|
Ұйымдық – іздену
Билингвальді компонент
Слайд.
Схема.
Осы мезетте Карлсон ұшып келеді.
Карлсон келеді: |
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер оның жауабын шешуге тырысыңдар. Жұмбақ Адамдардың бәрі қызығады, су құймасаң сәні бұзылады. Бұл не?
-Осы гүл және өсімдікті екі тілде айтып көрейік. Гүл-цветок Өсімдік-растения Жарайсыңдар, ендеше бүгін біздің тақырыбымыз бөлме өсімдіктерімен таныс боламыз. Өсімдік өмір сәні, табиғат көркі, дәрі-дәрмек. Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп көрік бере қоймай, бөлменің, үйдің ауасын тазартады. Бізге қуаныш сыйлайды, көңіліміз көтеріңкі болады екен. Гүлдер үш топқа бөлінеді: дала гүлдері , бөлме гүлдер, емдік гүлдері. Дала гүлдері: бәйшешек, раушан, қызғалдақ, бақбақ. Бұл гүлдер көктемде, жазда өседі. Раушан гүлі - хош иісті гүл. Бұл гүл далада өседі, бөлмеде өседі. Бөлме гүлдері: әйел бақыты, доллар гүлі, кактус, фикус. Бұл гүлдер жылдың төрт мезгілінде бөлмеде өседі. Гүлдің жақсы өсуі үшін жарық, ылғалды ауа және бөлме температурасы бірқалыпты, яғни жылы болу керек. Емдік гүлдері: алоэ, анис, адыраспан, түймедақ, қалампыр. Бұл гүлдер бөлмеде де, далада да өседі Алоэ гүлі - оның жапырақтары тікенекті болғанымен қолымызға кірмейді. Алоэның емдік қасиеті бар, егер де жүгіріп бара жатып, жарақат алған жағдайда осы алоэ кескінін кесіп алып, жарақат алған жерге тигізіп біраз уақыт ұстап тұрсақ, жара жылдам жазылады. Міне, өсімдіктердің осындай адамға деген пайдасы бар екен. Балалар, ендеше осы айтып отырған гүлдеріміз біздің бөлмемізде бар ма? Мұқият қарайықшы, кім көріп тұр? Енді, гүлдің сырт келбетімен танысайық. Тамыры – сабағы – жапырағы – гүлі. Сергіту сәтті. Карлсон: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Үйіме, үйдің шатырына ұшып бара жатып сендерді көріп қалдым. терезелеріңнен өте әдемі бөлме өсімдіктерін көріп, жақынырақ көруге келдім. Мен де үйіме гүл өсіргім келеді, бірақ мен күту, баптау ережелерін білмеймін. Тәрбиеші: Карлсон, сен мұңайма. Балалармен бірге отырып көріп,үйренуіңе болады. Балалар кім айтып берді Гүл өсу үшін не керек? Жақсы балалар ендеше Карлсонға көрсетейік, өсімдіктерді күту жолдарын. Екі орталыққа бөлінеміз, мен белгі бергенде, сендер белсенділік орталықа барып фишканы таңдандар. Қызыл фишка алған балалар Ғылым орталығына барасындар, ал сары фишка алған балалар Өнер орталығына барасындар. Өнер орталығы: Күнің көзін суретін салады. Ғылым орталығы: Гүлдің отырғызу жолдарын көрсетеміз. Практикалық әрекет: Гүл отырғызу үшін ең әуелі бізге ыдыс қажет. Ыдысты алып, ішіне жай даладағы топырақ емес, құнарлы топырақ саламыз, жақсы өсу үшін. Содан соң, топырақ ортасына құдықша жасап, гүл өсіндісін отырғызамыз. Енді, осы гүлімізді біз күтіп-баптаймыз. Сұрақ- жауап:Балаларға сұрақ: Балалар, гүл отырғызып, тек осылай қоямыз ба екен?. Күту ережелері: Ж. Айым Жапырақтары ұсақ өсімдіктерді су шашатын ыдыспен бүркеп-шашып жуамыз. Карлсон: рахмет балалар, сендер әдепті, білімді екенсіңдер. Бөлме өсімдік туралы көп мағлұмат алдым, рахмет сендерге, ал мен бұл гүлді анама сыйлаймын. Сау болыңдар!
Д/Ойын: Гүлді құрастыру және атын атау. Шарты: Бөлшектелген суреттерді сәкестендіріп құрастырп, аттарын атайды.
-Жарайсыңдар орындарымызға отырайық. Қане кім гүл туралы тақпақ біледі? Өте жақсы балалар
|
Гүл дұрыс, жауабын таптыңдар.
екі тілде айтады
Табиғат бұрышынан, раушан,алоэ өсімдіктерді тауып көрсетті Балалар таңғалады.
Күн сәулесі, су, т.б
-
Жоқ, гүлге су құю керек.
Гүліміз ауырып қалады.
Н. Айым Қызыл – жасыл гүл егіп, Айлин Арасында гүлдің, Малика Үйде тұрып өсетін, |
Рефлекстік – Түзету |
-Жарайсыңдар! Бүгінгі сабақ ұнадыма? |
Балалар: — Раушан, алоэ өсімдігімен — Тамыры – сабағы – жапырағы – гүлі болады — Бізге қуаныш сыйлайды. |
Күтілетін нәтиже
Біледі:өсімдіктердің құрылысын,олардың айырмашылығын көріп,айтып беруді,өсімдіктің өсуіне не қажет екендігін.
Игереді: өсімдіктерінің құрылысын,олардың айырмашылығын,өсімдіктердің өсуіне жарық,ылғал,ауа,қалыпты температура және адамдар күтімінің қажеттілігін
Меңгереді:бөлме өсімдіктерін күтіп баптауды,оларға қамқорлықпен қарауды,өсімдіктерді күтіп-баптау кезінде ересектермен,құрдастарымен жағымды қарым қатынас орнатуды.