«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Салт - дәстүрім – таусылмайтын байлығым" тақырыбындағы сайыс

01.04.2019

Тақырыбы: Салт - дәстүрім – таусылмайтын байлығым.
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық, мерекесі халықтың наурыз тойын бастайық. Құтты болсын мереке, болсын думан береке.
Наурыз келсе құт келгені халайық
Есік ашып, шашу шашып ел болып қарсы алайық
(Ортаға шашу шашып шығады)
Жүргізуші:
Наурыз қыз сөзі
Ашық болсын күніміз
Ашылады нұрымыз
Бай – тұлғалы өмірде айтылады жырымыз.
жайнатады гүл - гулді
Сайратамын бұлбұлды
Мерейлі жұрт тойласын
Мейрам етіп бұл күнді
Ән шырқайық бәріміз

Ән орындалады: «Домбырам»
Жүргізуші:Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда наурыз сөзі жаңа күн деген мағынаны білдіреді.  Оны барлық түркі халықтары атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз  көктемнің ең көркем  айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі.
 

Жүргізуші:Наурыз келіп көктем сазы білінді,
Ойнап күлген жас балалар жүгірді.
Жаңа жылы қазақ деген ұлы елдің,
Наурыз айы шаттықпенен гүлденер.
Армысыздар, құрметті  балабақша қызметкерлері, балалар!Наурыз мерекесі құтты болсын!Еліміз тыныш болсын,деніміз сау болсын!

Наурыз мерекесіне арнап «Салт – дәстүрім - таусылмайтын байлығым» балабақшаішілік топтар арасындағы сайысты  бастауға рұқсат етіңіздер
Сайысымыз келесі кезеңдерден  тұрады:

  1. Бірінші кезең :«Сәлем беру». Өздерін таныстыру.
  2. Екінші кезең: « Салт-дәстүр» (үй тапсырмасы)
  3. Үшінші кезең: «Әдеп-ғұрыптар»  Сиқырлы дорбадан нөмірленген асық алып, тапсырма беру.
  4. Төртінші кезең: Ұлттық өнер (ұлттық нақыштағы өнер)
  5. Қорытынды.

Енді қатысушыларды сараптаушы әділ-қазылар алқасымен таныстырып алайық: «Балдырған» мектеп-балабақшаның директоры Акпентаева Р. З.; директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Нургалиева З. К.

  1.  

    Жүргізуші:
Жиналдық Наурыз тойға бәрімізде
Үлкен – кіші жасымыз да
Өнерлерін көрсетуге келді міне
Енді ортаны баршаңызға ашайық
Ән мен биді, салт-дәстүрімді шалқытып
Өнерменен інжу - маржан шашайық

Жүргізуші:  Бүгінгі сайысқа қатысатын ауылдармен таныс болыңыздар: «Тойбастар» ауылы; «Абай» ауылы; «Кабанбай» ауылы; «Ынтымақ» ауылы; «Балуан Шолақ» ауылы. Қатысушылар өнерлерін көрсетпес бұрын әр ауылдан бір мүшесін ортаға шақырып,  асық алу  арқылы  кезектерін біліп алайық.

Бірінші  кезең :«Сәлем беру». Өздерін таныстыру.

Жүргізуші:

Екінші кезең: «Салт-дәстүрім-таусылмайтын байлығым»  Үй тапсырмасы

Жүргізуші:

Үшінші  кезең: Сиқырлы дорбадан нөмірленген асық алып, тапсырма беру.

Жүргізуші:

Төртінші  кезең: Ұлттық өнер нақыштағы өнер) 

Жүргізуші:

Қорытынды. Енді әділ-қазылар сіздердің ұпайларыңызды, есептеп, санағанша біз сіздермен ,  ұлттық биді тамашалайық.

жұмбақ шешіп біраз серігіп алайық:

1.Алға жайып тұз-дәмін,

Келтіреді үй-сәнін (дастархан).

2.Төрт бұрышты,бір ауызды.(сандық).

3.Шыр көбелек айналар,

Беліне жіп байланар(ұршық).

4. Әжем уыстап сығып кептірген,

Қатты, әрі тәтті делік,

Кім бар жеп көрген? (Құрт)

Жүргізуші: «Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар»- демекші, сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз. (Марапаттау)

Жүргізуші: 
Ал, құрметті қонақтар!
Айналайын балалар!
Жеп - ішсін деп, тамсанып,
Жеті түрлі дәм салып,
Наурыз көже пісірдім.
Тойға қазан түсірдім!
Құйдым алтын табаққа,
Құлшыныңдар тамаққа
Көжеге жас - кәріңді,
Шақырамын бәріңді- дей отырып, баршаңызды Наурыз көжеден дәм татуға дастарқанға шақырамыз. Келесі Наурызға уайым-қайғысыз, аман-есен жетейік! Қане бәріміз «Қара жорға» биін билейік.Баршаңызды ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен шын жүректен  құттықтаймыз. Жер жаһанға шуағын ала келген наурыз мейрамы елімізге береке мен құт болып дарысын. Дүниені жандандырып жарқыраған кезі ұлыстың ұлы күнімен барша адамзатты қуана құттықтаймыз!

 

Просмотров: 2055


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст