Киккаринова Ш.Б.
«Ақжелкен» тобының тәрбиешісі
Білім беру саласы: «Әлеумет» «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру, Сурет салу
Тақырыбы: «Көңілді қыс» «Аққала»
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту. Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге, табиғаттың ерекшелігін сезіне білуге, қоршаған ортамен танысу арқылы баланың ой - өрісін дамыту. Сурет салуға деген қызығушылықтарын дамыту.Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Оқу іс- әрекетінің түрі: Кіріктірлген сабақ.
Қолданылатын типі: дамыта оқыту, «Тәй-тай» технологиясы
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,әңгімелеу,ойын ,сұрақ-жауап т.б.
Билингвальді компонент: Қыс – зима-,қар – снег-,аққала- снеговик.
Көрнекіліктері:видо,қыс мезгілінің ерекшеліктері бейнеленген суреттер,ойынға қажетті құралдар:мүсіндері,шелек,күрек және т.б.
Іс- әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Шаттық шеңбері: Арайлап атқан таңға сәлем! Жылуын шашқан күнге сәлем! Жайнап өскен бізге сәлем! Білім беріп тәрбиелеген Апайларым, сіздерге сәлем! |
Шаттық щеңбер жасайды. |
Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі
Сұрақ-жауап.
Билингвальді компонент:
Сергіту сәті. |
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғып келіп тұр, сендер сол жұмбақтардың жауаптарын табуға тырысыңдар.
Жұмбақ Ұшқан теңіз, қалың қар. Жерді басып жабады, Мұздай демі бет қарып, Аяз аузын ашады. (қыс) Қолы жоқ сурет салады? Тісі жоқ, тістеп алады? (аяз)
Қыста ғана болады? Ұстасаң қолың тоңады? (қар) Шелек қалпақ басында, Сәбіз екен танауы. Қыста қолдан жасалған, Тауып көрші сен оны. (Аққала)
Жарайсыңдар бұл қай кезде болады? Ендеше бүгінгі тақырыбымыз қыс туралы болмақ .
Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады? Онда балалар ,боран соққанды қимылмен қалай көрсетеміз? Қатты аязда,тоңғанда не істейміз? Ал,шуағын шашып күн шыққанда не істейсіңдер?
Қыс мезгілінде неше ай бар?
Желтоқсан,қаңтар,ақпан. Желтоқсан-жылдың аяғы,қыстың басы.Ол суық ызғарлы болады. Қаңтар-жыл басы,қыстың ортасы,қар көп жауатын ай. Ақпан-жел мен боран болатын ай,аяз қатты болады.
Қыста қандай ойындар ойнаймыз? Қыста дала қандай түске боялады? Қыс мезгілінде адамдар қалай киінеді? Мінеки, балалар мына суретке қараңдаршы, дала аппақ, қар жауып тұр, балалар таза ауада серуендеп жүр екен. Олар өздеріне ұнайтын ойындарды ойнап жүр. Сөздік жұмыс:Қыс – зима, қар -снег,аққала- снеговик. Сергіту сәті Шынығамыз бәріміз,
Балалармен іс-тәжірбиені бақылау. 1.тапсырма: Аққаланы құрастыр. Балалар, мынау ненің суреті? -Аққала неден жасалады? -Қане, барлығымыз қарды қолмен ұстап көрейік. -Қардың түсі қандай? -Қар мұздай ма, жылы ма? -Аққала неше бөліктен тұрады? -Оның бөліктерінің пішіндері қандай?
2.тапсырма: Орталыққа бөлінеміз. -Қардың еруі бақылау. Қарды бақылау. -Балаларға қардан әр түрлі пішіндер жасау керек. - Аққаланы суретін салу. 3. тапсырма : Аққаланың суретің салу. Балалар аққаланың суретің салуға кіріседі: Жарайсыңдар, балалар! Сендер аққала туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер. Бүгін біз сурет сабағында аққаланың суретін саламыз. Бірақ күндегідей қарындаштармен емес, шашырату тәсілмен саламыз. Ол үшін бізге щетка керек, аққаланың үлгісі, қылқаламдар бояулар және ақ қағаз.Ал енді балалар жұмысқа кірісейік аққаланың үлгісін аламыс, ақ қағазға қоямыз, щетканы алып бояуға батырамыз және шашырату арқылы суреті саламыз. -Балалар, шаршадыңдар ма? Олай болса ойын ойнайық!
4.тапсырма: Ойын. Ойынын шарты: «Қар жинау» ойыны. |
Жаңа тақырыпен танысады.
Қыс мезгілі.
Қар жауады.Аяз,боран соғады. (қолдарын көтеріп гуілдейді) (қолдарын қусырып,аяқтарын топырлатады) (Алақай!деп қолдарын көтереді)
3 ай бар. Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.
Қар лақтырып,аққала жасап,шанамен сырғанаймыз.Шаңғы тебеміз
Қар жауады.Дала аппақ болады.
Адамдар жылы киінеді.
Жылы киінеміз.(телпек,тон,етік,қолғап)
Балалар қайталайды.
Аққаланың суреті.
Қарды қолымен ұстау.
Тапсырмаларды орындау.
|
Қорытынды: |
Балалар, сендерге ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұнадыма? |
Балалар өз ойларымен бөліседі. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Қыс мезгілінде неше ай бар екенін білді.
Нені игерді: Сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды ынтамен орындайды.
Білу керек: Қыста қандай өзгерістер болатын білу керек.