«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баяндама: «Ата-аналар жиналысы –мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың негізгі формасы»

19.11.2021

«Ата-аналар жиналысы –мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың негізгі формасы»

Тәрбиеші Киккаринова Ш.Б

Ата-аналардың көпшілігі мектеп жасына дейінгі балаға білім берудің маңыздылығын сезінеді, бірақ мектепке дейінгі ұйым қызметіне белсенді түрде араласпайды. Оның негізгі себебі, ата-ананың көпшілігі баланың дамуы мектеп жасына дейін қалыптасатынын толық біле бермейді. Осы тұста, ата-аналардың мектепке дейінгі ұйыммен тікелей жұмыс нәтижесінде не алғылары келетіні, мектепке дейінгі білім берудің мақсатын және оны жүзеге асыру тәсілдерін түсінуі маңызды болып саналады. Мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесіне ата-аналарды тарту міндеті негізгі үш бағытта шешіледі:

1. Отбасымен ықпалдастықты ұйымдастыру бойынша балабақша ұжымымен жұмыс, педагогтерді ата-аналармен жұмыстың жаңа түрлері жүйесімен таныстыру.

2. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру,балаларды тәрбиелеу және оқыту саласымен хабардар болу деңгейін анықтау, білім беру қызметіндегі ата-аналардың қажеттіліктерін айқындау.

3. Ата-аналарды мектепке дейінгі ұйыммен ықпалдастыққа тарту. Балабақшаның отбасымен жұмысын жоспарлауда келесі ерекшеліктерді:

- ата-аналардың білім деңгейлері, олардың әлеуметттік қажеттіліктері;

- балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейі;

- мектепке дейінгі ұйым жұмысының басым бағытын ескеру керек. Мұның барлығы балабақша мен отбасында баланың дамуына бірыңғай тәсілдер құруға негіз болады.

 

Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналардың арасындағы ықпалдастықты тиімді іске асырудың негізгі жағдайлары баланың отбасын, оның жағдайын, мүмкіндіктерін зерделеу. Мектепке дейінгі ұйым бүгінгі күні үнемі дамуда, жүйелі икемделгіш, ата-аналардың әлеуметтік құрамының өзгерісін, олардың білімдегі қажеттіліктері мен тәрбиедегі сұраныстарын жылдам сезінетін болуы тиіс. Осыған байланысты балабақша мен отбасының арасындағы жұмыстың түрлері мен формаларын өзгеріп отыруы қажет. Ата-аналармен жұмыста жобалық қызметке қатысу жақсы нәтижелер көрсетеді. Әдеттегідей, кез келген жоба отбасымен жұмыстың топтамасын қамтиды. Оған отбасымен жұмыстың барлық түрлерін (көрмелер ұйымдастыру, экскурсиялар, ата-аналар жиналыстарын, стендтерді безендіруді, бос уақытты тиімді өткізу және т.с.с.) жатқызуға болады. Осындай кешенді тәсілдер қолданғанда ата-аналар педагогтердің белсенді серіктестері бола отырып, міндеттердің табысты шешімін қамтамасыз етеді.

     Осы балабақшада тәрбиші болып жұмыс атқарып келе жатқаныма біраз уақыт болды, ата-аналармен жүргізілетін жұмыс жоспары бойынша үнемі жиналыстар, дөңгелек үстелдер өткізіліп отырды. Мына індетке байланысты ата-аналармен жиналысымыз онлайн түріне ауысқалы ата-аналармен жұмыс жасау қиындау болды, балалармен бірлескен жұмыстардың өзі онлайын болып кетті. Ал, індетке дейін ата-аналар балаларының өміріне және балабақша жұмыстарына белсене қатысып отырды. Ашық ұйымдастырылған іс –әрекетке де топтан 1-2 ата –ана қатысып, балаларының жетістіктеріне қуана білді. Айта кететін болсақ, «Денсаулық күні» отбасы бірігіп қатысып, жұмысымыз тиімді өтетін. Жаңа жыл қарсаңында ата-аналар балабақша ауласын безендіруге белсене қатысып, өз ойларымен бөлісіп балабақшаның тәлім-тәрбиесі жылдан –жылға жақсарып жатқанынан хабардар болатын.

     Қазіргі кезде ата-аналармен бірлесіп жұмыс жасаудағы түрлі онлай формаларды қолданып жатырмыз. Мысалыға: «Біз біргеміз, біз үйдеміз», «Отбасы суреті», «Алтын күз», «Менің бақытты отбасым» тағы сол сияқты апталық жобалар,челенждер өткізіліп тәрбиеленушілердің ата-аналарын балабақша өміріне араластырып отырамыз. Қорыта кететін болсам ата-аналармен жұмыс түрлерін қолдану мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелерінде өзара қарым-қатынастың жақсаруына ықпал етеді. Өз баласын үйден ерекше жағдайда көру мүмкіндігі ата-аналарға өздерінің тәрбиелеу әдіс-тәсілдерін қайта қарауға ықпал етеді. Ата-ананың балабақша өміріне қатысуы педагогтың қалауы үшін емес, өзінің баласына маңызды екеніне ата-аналар біртіндеп көз жеткізеді.

 

Просмотров: 741


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст