Пластилинография мектеп жасына дейінгі тіл кемістігі бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың тиімді құралы
Логопед: Жаксалыкова А.С.
«Баланың тілі –оның саусағының ұшында!»
Соңғы жылдары қазіргі заманғы педагогтар мен ата-аналар ұсақ моториканы және оны дамыту қажеттілігі туралы жиі естіп жүр. Ұсақ моторика дегеніміз не және ол неліктен осыншама қажет дағды болып табылады?
Анатомиялық тұрғыдан бас ми қыртысындағы қозғалыс проекциясының үштен бірін қолдың саусақ проекциясы алып жатқанын ғалымдар дәлелдеп отыр. Саусақ проекциясы сөйлеу аймағына өте жақын орналасқан.
Тілінде кемістігі бар балалардың сөйлеу тілін түзету үшін, тек артикуляциялық аппаратты жаттықтыру ғана емес, яғни оның моторикасында дамыту қажет. Саусақ қимылы жеткілікті дәлдік дәрежесіне жеткенде ғана, баланың сөйлеу тілінің қалыптасуы басталады. Әр саусақтарын жеке қимылдата білген бала – сөйлейтін бала. Саусақтардың қимыл-қозғалысы еркін болмайынша, сөйлеу тілі мен ойлау қабілетін дамыту мүмкін емес. Саусақ моторикасының дамуы- сөйлеу тілінің қалыптасуына негіз болады.
Сондықтан, «Пластилинография» - «графия» - бейнелеу, жасау деген және «пластилин» - ермексаз, яғни жұмсақ материалдардың көмегімен жұмыс жасау дегенді білдіреді.
«Пластилинография» әдісінің басты қағидасы: қатты қағазға ермексазды жапсыру арқылы сурет салу. Мұндай әдіс арқылы салынған суреттер көлденең қағаз бетінде аз дөңестеніп, шығыңқы түрде болады.
«Пластилинография» әдісінде қажетті материал – ермексаз, ал құрал- ол баланың қолы мен саусақтары, яғни, бала өз қолының қимыл- қозғалысын меншіктеу деңгейін, қолдың ептілігін, күш- қуатын, екі қолдың кезек қимылдау реттілігін, саусақ ұшының қимыл-қозғалысын саралап, жіктеу қабілетіне ие болады. Сонымен қатар, баланың қолын, алдағы күрделі жазу дағдысын дайындайды.
«Пластилинография» әдісінің мақсат – міндеттері:
Балалармен жұмыс келесі пластининография тәсілдері бойынша жасалады:
Балалармен осы тәсілдерді меңгеру арқылы керекті пішіндерді жасап, қалыпқа келтіре отырып нәтижеге жетуге болады. Сонымен қатар осы тәсілдерді қолданып, сурет салғанда баланың орасан еңбегін байқауға болады. Бала ойланады, түстерді ажыратады, кеңістікті бағдарлайды, сұраққа жауап береді, өз ойын, қиялын дамытады. Ал бастысы алақандары мен саусақтың ұшындағы нақты нүктелерге массаж жасалып, ол ми қыртысының жұмысын және баланың қабілетін арттырады.