«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Кіші топтар арасында баланың балабақшаға бейімделуі»

14.09.2021

Каменова Ж.З.

Педагог-психолог

«Кіші топтар арасында

баланың балабақшаға бейімделуі»

            Кез-келген жастағы бала өмірінде балабақшаға бару – өте маңызды және қиын кезең. Өйткені бала танымайтын бейтаныс адамдардың ортасында алғаш рет қалып жатыр және өзге талаптармен танысуда. Отбасында ол, барлық жақындарының назарында, ал балабақшада көптің бірі болады. Бұл, бала ұшін өмірінде, мінез-құлқында қатты психологиялық өзгерістерін орнықтыруға біраз уақыт талап ететін кез. Жаңа жағдай, бейтаныс адамдарды балалардың барлығы бірдей қабылдай бермейді. Болып жатқан өзгерістерді бірте- бірте қабылдау, бейімделу – деп аталады.

    Өмірге жаңа туған сәбидің, мына жарық дүниеге де бейімделуі біраз айларға да созылады. Сол себептен баланың балабақшаға бейімделуі қиынға соғып жатса, ашуланып баланың мазасын алудың қажеті жоқ. Балалар өздерінің үйренген анасының жатырынан, мына жарық дүниеге келеді, осы өмірге бейімделдім деген кезде, ата-аналар, яғни біз оларды  ата-анасының қасынан алып басқа ортаға жібереміз, ол орта «Балабақша» деп аталады. Балабақшаға да бала бірте-бірте бейімделеді. Балабақшаға бейімделуі бірінші ата-ананың кейін мамандардың көмегімен бала балабақшаға, өзге ортаға бейімделеді.

         Бейімделу үрдісін толығырақ қарастырып көрейік:

  • Бейімделу үрдісі қалай өтіп жатыр?
  • Бейімделу қанша уақытқа созылады немесе бейімделу үрдісі қашан аяқталады?
  • Бейімделу үрдісі қандай факторларға байланысты болады?
  • Тәрбиеші, баланың бейімделуін қалай жеңілдете алады?
  • Неге бейімделу кезінде, кейбір балалар жылайды, ал кейбіреулері жыламайды?

БАЛА. Кез келген жастағы балаларға, балабақшаға бару өте қиынға түседі.  Олардың өмірінде бәрі түбегейлі түрде өзгереді. Балабақшаға дейінгі үйреншікті, қалыптасқан өмірлерінің тәртібі өзгереді, баланың өміріне мүлде басқа төмендегідей тәртіп енеді:

  • нақты күн тәртібі;
  • туыстарының жанында болмауы;
  • құрдастарымен ұзақ қарым-қатынаста болуы;
  • өзге ұлкен адамдарды тыңдауы және бағынуы;
  • өзіне деген адамдар назарының күрт азаюуы;
  • кеңістіктің өзгеруі, қолданатын заттарының болмауы;

МДБ баланың бейімделу кезінде физиологиялық және психологиялық түрлі келеңсіз өзгерістер болады.

Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері:

  • кері эмоциялар, соның ішінде қорқыныш;
  • басқа  адамдармен бұрын қалып көрмегендіктен
  • өзіне өзі қызмет көрсету дағдыларын жоғалтуы;
  • ұйқының бұзылуы;
  • тәбеттің төмендеуі;
  • сөйлеу кезіндегі агрессиялық кезі;
  • қозғалыс белсенділігінің өзгеруі, не мүлдем басылып қалуы (тежелу) немесе гипербелсенді болуы;
  • иммунитеттің төмендеуі және көптеген аурулардың пайда болуы салдарынан  күйзеліске түсуі;
  • дәретке өзі отырып үйренбегендіктен;
  • кейбір  тағамдарды жеу дағдысы жоқтығына;

Әр баланың балабақшаға бейімделуі әр түрлі болады

Бейімделу үш дәрежеге бөлінеді:

Жеңіл түрі- баланың мінез- құлығы 10-15 күнде қалпына келеді

Орташа ауырлық бейімделу- 1 айдың ішінде

Ауыр бейімделу- 2 айдан 6 айға дейін өтеді. Кей жағдайда 11-12 айға дейін.

Ертеңгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері:

  • Баламен тез қоштасып үйреніңіз. Қоштасуды созбаңыз.
  • Балаңыз сізге сенсін десеңіз, балабақшаға әкеліп, көрінбей қашып кетпеңіз.
  • Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және соны қатал ұстаныңыз.
  • Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып алып, балаңызды алдамаңыз.
  • Баланы балабақшаға әкелгенен кейін, мен қазір тез келемін деп алдамаңыз.Себебі күні бойы балаңыз балалармен ойнамай сіздің тез келем деген сөзіңізге сеніп, ойы бәрі есікті аңдумен болады.

Осылайша  әр балаға бейімделу парағын толтырып балалардың балабақшаға бейімделуін бақылаймын. Кіші топтарға жаңадан келген балаларды бақылап, олармен ойындар жүргізіп, балабақшада өздерін еркін ұстауына психологиялық жағдай жасаймын. Ал балалардың ата –аналарына балалардың жеңіл бейімделу үшін қандай көмек көрсетілуі керек екендігі жайлы кеңес буклетін беремін.

 

  1. Ата-ана тәрбиешінің және медбикенің үйге берілген тапсырмалар мазмұнымен, күн тәртібімен, тамақтану мәзірімен, ойын алаңымен, т.б. танысу;
  2. Тәрбиешілерге бала туралы толық мәлімет беріп, оның ерекшеліктерін айту, оларға сенім білдіріп, бірлесе әрекет ету, ата-аналар жиналысына қатысып отыру;
  3. Баламен әңгімелесу және ойнау (балабақшаны мақтау, яғни онда қызықты танымдық сабақтар болатынын, би билеп, ән салумен қатар суреттер салатынын айту, басқа балалар арасында ойнаумен, тәтті ботқалар жеумен қызықтыру, арнайы киімдер, кеңсе заттарын әперу арқылы қызығушылығын арттыру, балабақша жағдайын үйде ойнау, әсіресе балаға тәрбиешінің рөлін беру, т.б.);
  4. Балабақшаға түсудің алғашқы күндері баланы серуендеуге қатыстырып, екі-үш сағаттан қалдырып, ойнау әрекетіне тарту, үйренуін қадағалап отыру, күнде топта болған жағдайларды сұрастырып, айтылған жайттарды үйде қайталап, өрісін кеңейту, жағымды сәттерге баса назар аудару, таңертеңгі уақытта баланы балабақшаға әкелгенде қолға ұстамау, жетектеу, топқа жіберер алдында көп әңгімелеспеу;
  5. Бала үйде болғанда махаббат пен қамқорлыққа бөлеу (жылы сөйлеу, зейінді тыңдау, тактильді және көздік контакт жасау) және қауіпсіздікті қамтамасыз ету (міндетті түрде балабақшадан алып кететінін айту, белгіленген уақытта келіп отыру, балабақшаны жағымсыз бейнеде танытпау);
  6. Демалыс күндері күн тәртібін сақтау, баланың тұру уақытын 30-40 минутқа ғана кешеуілдету, үйде дербестікті қолдау, өз бетінше әрекет етуге ынталандыру.
  7. Баланы балабақшаға әкелгенде шешіндіріп, тәрбиешісіне тапсырып топтан тез арада шығып кету, тәрбиешімен сөйлесетін маңызды әңгіменізді топтан шығып сөйлесу. Балңызбен ұзақ қоштасу, бейімделуінің қиын болуы ұзаққа созылады.
  8. Балаға өтірік уәде берудің қажеті жоқ. (Алтыным, мен сені түскі ас ішкесін алып кетемін, ұйықтамайсың –деп , айтудың қажеті жоқ. Балаңыз сізді тосып ұйықтамайды. Сізді тосып, алаңдап балалармен де ойнамай, терезеге немесе есікке қараумен күнін өткізеді).

      Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса балабақшаға келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз. Баланың балабақшаға бейімделу уақытында психологпен балабақшаның медбике қызметкерлері бақылауға алады.

Просмотров: 1811


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст