Білім беру саласы : Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Өтпелі тақырып: Техника және біз
Апта тақырыбы: Техника әлемнің тірегі
Тақырыбы: «Әнші болғым келеді»
Түрі: Дәстүрлі емес оқу іс – әрекеті
Мақсаты:
Білімдік міндеттері: Балалардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту, сөздік қорларын, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру.
Дамытушылық міндеттері: Өнерпаздарды жан жақты зерттеп әнді көпшілік алдына қысылмай еркін орындауға бейімдеу, заманауи музыкалық аспаптармен, музыкалық техикамен танысытру, кәсіптік шеберлігін шыңдау.
Тәрбиелеушілік міндеттері: Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жұмыс мазмұны: «Әнші болу арманым» сөзі, нақыл сөздер, тақпақтар.
Сабақ әдіс тәсілі: көрсету, әңгімелеу, айтып түсіндіру
Құрал – жабдықтар, көрнекі материал: Слайд, бейне экран, үнтаспа, пианино, әншілердің суреті, электро музыкалық аспаптар.
Оқу іс-әрекеттерінің кезеңдері |
Музыка жетекшісінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық
|
«Марш» әуенімен балаларды қарсы алып, ырғаққа ілесе, жеңіл марш екпінмен орындарына келеді.
Сәлеметсіздерме балалар?
Балалар оқу іс – әрекетін бастамас бұрын біз дауыс жаттығуын жасаймыз. Дауыс жаттығуы біздің даусымыз анық шығуға, ноталарды таза ұстауға, екпінге ілесіп ән айтуға көмектеседі. Бәріміз біркелкі музыкамен даусымызды жаттықтырамыз!
«Балдырған» мектеп – балабақша әнұраны «Балдырғандар» әнін орындаймыз.
Балалар экранға мұқият қараймыз, бүгінгі оқу іс – әрекетінің тақырыбы: «Әнші болғым келеді» |
Әнді тыңдай жүріп, ырғақты сезіне шеңбер бойымен жүреді.
Сәлеметсізбе?
Дауыс жаттығуын бір келкі дауыстап айтып жаттығады
Балалар әнді орындайды.
Балалар мұқият қарап, әнді тыңдайды.
|
Ұйымдастыру – Іздестіру
|
Балалар сендер әнші болғыларың келеме? Қандай әншілерді білесіңдер? Қандай әндерді жақсы көресіңдер?
Балалар қазір біз Қазақстанға белгілі өнер қайраткері Роза Қуанышқызы Рымбаева әншімізбен танысамыз. Роза Қуанышқызы Рымбаева (28 қазан, 1957 жыл, Семей облысы, Жарма ауданы, Жаңғызтөбе станциясында туған) — кеңестік және қазақ эстрада әншісі (сопрано), Қазақстанның халық әртісі (1986), халықаралық конкурстардың лауреаты. Құрмет және Парасат ордендері марапаттың иегері. Қырғызстанның (2000) және Өзбекстанның (1984) еңбек сіңірген әртісі. Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған. Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында атанды. Балалар Роза Рымбаеваның орындауындағы «Әлия» әнін тыңдаймыз.
«Әлия» әні Ұлы Отан соғыс ардагері Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова апамызға арнап шығарылған ән. Әлия апамыз Отанымызды жаудардан қорғаған қазақтың батыр қызы.
Балалар әннен қандай әсер алдыңдар?
Осындай әнші болғыларың келеме?
Олай болса арманымызды орындап «Әнші болу арманым» атты музыкалық ойын ойнаймыз.
Ойын шарты: кез келген бір әнді тыңдап, құлаққа наушник киіп сол әнді бірге ілесіп айтамыз.
Балалар енді бәріміз «Әнші болу арманым» әнін жаттаймыз.
Балаларға әннің әуенін тыңдатып содан сөзін жаттату.
«Сергіту сәті»
Балалар бүгінгі оқу іс – әрекетіне жаттап келген тақпақтарыңды тыңдайық!
Ақылға сап ойлашы Жоқ демеңдер пайдасы Әнші елдің мақтаны Әнші елдің айнасы
Шуақ шашқан шаққандай Дүние ән сап жатқандай Әнші болғым келеді Роза менен Мақпалдай
Әсем ән ғой керегі Жаныңа нұр себеді Мейрамбек пен Тоқтардай әнші болғым келеді |
Сұрақтарға жауап береді.
Балалар фотоға және экранға қарап Роза Қуанышқызы Рымбаева өмір жолымен танысады.
Әнді тыңдап әннен алған әсерін айтып береді.
Әлия апамыздың фотосын көріп танысады.
Балалардың жауабы
Балалар ойын шартымен танысады. Музыкалық ойынды белсене ойнайды.
Балалар әннің сөзін жаттайды.
Балалар экранға қарап сергіту сәтін қайталап жасайды. Балалар тақпақтарын айтады. |
Рефлексивті- түзетушілік
|
Балалар бүгінгі оқу іс – әрекетіне белсене қатыстыңдар жарайсыңдар! Әнші болу кез келген баланың арманы болу керек! Ән көңілдің ажары, ән айтқан бала жүрегі таза, көңілі ақ, оқуда озат болады!
|
Қорытынды. Білімдерін бекіту
|
Күтілетін нәтижелер:
Білуі керек: ән туралы, әнші туралы біледі есту, есте сақтау қабілеті дамиды.
Болуы керек: Музыкалық есту қабілеттері. Толықтай жауап беру қабілеттері артып, әңгіме барысында көп нәрсені түсініп, білді.
Істей білуі керек: жаңа сөздер қолдану арқылы дағдылары мен іскерліктері артты