«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"«Наурызым, армысың!»" -тәрбие сағаты

02.04.2021

«Наурызым, армысың!»

Топ іші ұлттық нақышпен безендірілген.

Әдемі әуенмен қыздар билеп, сосын ұлдар кіреді.

  Тәрбиеші: Армысындар халайық

                      Бармысындар халайық

                      Наурыз тойына жұп жазбай

                      Жылды қарсы алайық.

                      Мереке наурыз жыл басы

                      Наурыз тойы құтты болсын.

                     Жауын жауып жер бетіне көк толсын!

                     Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын.

Наурыз –халықтың көктем мезгіліндегі қазақтың ұлы мейрамы – яғни Жаңа жыл. Халық ет асып, бидай көже жасайды . Олар атқа мініп, ауылдан – ауылға қыдырады . Бірін – бірі құттықтайды. Асқан еттерін жеп, көжелерін ішеді.Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді. Сөйтіп, Наурыз күнін шаттық өткізеді.

Тақпақтар:   

 Айзере:  Уа, ағайын ағайын.

                       Мында назар салайық

                       Мерекесі халықтың

                       Наурыз тойын бастайық

 Кәусар:  Жасыл көктем келеді

                 Самал беттен өбеді.

                 Көкте бұлттар көбейсе

                 Мөлдір тамшы төгеді.

Абдулла: Той думанға келіңіз,

                  Тамашалап көріңіз.

                  Ән айтайық бәріміз.

                 Қол соғайық бәріміз.

Нұрсаят: Наурыз тойы елдің тойы,

                Көктем тойы, төлдің тойы.

                Ән айтатын күні бойы,

               Жақсы көремін Наурыз тойын.

   Омар: Жылдың басы Наурыз,

              Жердің басы Наурыз.

              Мерекеге арналсын

              Бүгінгі жыр әніміз.

Жүргізуші: Ән «Наурыз» (хор)
Наурыз аруы: (Наурыз аруы ортаға билеп шығады)
  Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Уа, жарандар,жарандар,
Көңілің бар алаңдар.
Ата менен анаң бар,
Үлкен – кіші ағаң бар.
Наурыз тойы басталды,
Бәрің бері қарандар!

Наурыз аруы:Балалар сендерді  ауылдағы әжем  наурыз көжеге қонаққа шақырып жатыр.

Сендер соған баруға дайынсыңдар ма?

Тәрбиеші: Балалар, біз енді әжеміздің  ауылына қонаққа   барайық.  Біз әжеміздің ауылына  түйемен барамыз.

Ал кәне барлығымыз түйемізге мініп, жолға шығайық.

Балалар  бізге  Наурыз ару  жол көрсетеді.

Әже: Амансыңдар ма, ұрпақтарым !Ұлыстын ұлы күні құтты болсын, айналайындар. Ал, балалар , Наурыз келді, жаңа жыл келді. Тышқан жылымен қоштасып, Сиыр  жылын қарсы алатын кез де келіп жетті. Сиыр жылы халыққа жайлы болсын.
 (Шашу шашылады)

Тәрбиеші: Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешекті ақ әжеміз наурыз көже әкеле жатыр

Әже: (Қолында тостаған, наурыз көже)
 - Балалар, менің қолымдағы не? Онда не бар деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар. Бұл Наурыз көже. Наурыз мерекесін наурыз көжесіз елестету мүмкін емес.

Сендерге сұрақ:
- Наурыз көжені неше түрлі тағам қосып дайындайды?
- 7 түрлі
- Қане атап беріңдерші?
- Сүр ет, сүзбе, бидай, құрт, тары, май, тұз
- Дұрыс айтасыңдар. Наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды, құнарлы тағамдардың бірі. Ерте кезде үлкен тайқазанға пісірген. Наурыз көже қаншама халықты аштықтан аман алып қалған.
- Ал, балалар   жыл бойы тоқшылық болсын, дастарханымыз кең жайылсын деген ақ тілекпен наурыз көжеден дәм татыңдар.
 Тәрбиеші:  Ал енді балалар, кім қандай мақал – мәтел біледі?

Қане,  
Нұрсаят:  Әдептілік ар-ұят,

                  Адамдықтың белгісі.

Ақансері: Көпті жылатқан,

                  Көп жүрмес

 Бақдәулет: Қорқақтың көзі үлкен,

                    Ақымақтың сөзі үлкен.

 Әже:(Балалардан ұлттық ойындар туралы сұрау)
Ұлттық ойын  (Бәйге, Қыз қуу, арқан тарту, қазақша күрес, асық ойындары, қол күрес, көкпар)

Ойын: «Ханталапай»

Тәрбиеші: Балалар,әжеден  бата сұрайық . Батаңызды беріңіз

 Әже: Ұлыс оң болсын ,
           Ақ мол болсын!
           Ұлыс бақты болсын !
           Төрт түлік ақты болсын. Әумин !

 

 

Просмотров: 310


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст