«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық ұйымдастырылған оқу – іс әрекеті. Тақырыбы: «Жабайы аңдар»

10.02.2021

Білім беру саласы: Таным, Шығармашылық

Тақырыбы: «Жабайы аңдар»

Мақсаты:

Білімділік: Жабайы аңдар туралы түсінік беру.Жабайы аңдарды бір-бірінен ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.

 Дамытушылық: Қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту.Әрбір аңның  атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ортасы туралы түсініктерін бекіту.

 Тәрбиелік: Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып,оларға қамқорлықпен қарауға,жабайы аңдар туралы түсініктерін молайту, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  сандық,суреттер, үлестірмелі материалдар, бейнероликтер.

Әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету.

Үлестірмелі материал: әр балаға үлестірмелі материалдар беріледі.

Билингвальды компонент: қасқыр-волк,түлкі-лиса,аю-медведь,қоян-заяц

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Мотивациық – қозғаушылық

Шаттық шеңбер:
Күніміз ашық болсын!

Түніміз тыныш болсын!

Ауамыз таза болсын!

Суымыз мөлдір болсын!

Жақсы көңілмен барлығымыз бірігіп сабағымызды бастайық.

• Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

• Қыс мезгілінде неше ай бар?

 • Қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?

• Балалар сендер орманда мекендейтін қандай жануарларды білесіңдер?

• Дұрыс айтасыңдар,орманда мекендейтін жануарларды жабайы жануарлар деп атаймыз.

Жануарларды сипаттау.

  Аю - жыртқыш аң, бірақ ешкімге тиіспейді. Аюдың екі түрі болады ақ және сұр. Ақ аю суда, салқын жерлерде мекендейді. Сұр аю орманда мекендейді. Жазда жеміс - жидек тереді. Аюлар күзде май жинайды, ал қыс бойы апанда, алақанын сорып ұйықтайды. Аюлар тоңғандықтан емес, жейтін қорегі таусылғаннан кейін ұйықтайды.
- Аю туралы қандай ертегі білесің?
 Түлкі - ақылды, жыртқыш аң. Түлкінің терісі бағалы. Терісінен тымақ тігеді. Оны «түлкітымақ» дейді. Түлкі қыста ұйықтамайды. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Тістері өткір, көздері қырағы жақсы көреді, сезімтал. Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан ақ иісінен сезеді. Ол жүрген ізін құйрығымен сүртіп кетіп отырады. ол кез келген қиыншылықтың бәрінен аман есен құтыла алады. Сондықтан түлкіні қу дейміз. Түлкі інде тұрады. орманда мекендейді.
- Тиін орманда тіршілік ететін кішкентай ғана жануар. Ол ағаш қуысында тұрады, жаз бойы қуысына жаңғақтар, саңырауқұлақтар жинайды, қыс болғанда жинаған азығымен қоректенеді. Тиіннің балаларын тиін деп атайды. Тиынның отызға дейін ұясы болуы мүмкін, әр ұяға ол жаңғақ, саңырауқұлақ шыршаның бүршіктерін жинайды. тиін қыста ұйықтамайды.
 Қоян - қорқақ аң, орманда мекендейді. Қояндардың жауы көп. Сондықтанда қояндар күзде түлейді сұр жүні түсіп орнына ақ жүндер өседі себебі, қыста жылы аппақ үлпілдек тон киеді. Сол жылы тонының арқасында суыққа тоңбайды. Оларды қыста ақ қардан ажырату қиын - ақ. Қояндар өздеріне үйшік дайындамайды, қысқа азық жинамайды.
Қоян ағаштардың қуысында қыстайды.
- Қоян нені жақсы көреді?
 

Балалар қол ұстасып,шеңберге тұрады.Сабақты жақсы көңіл күймен бастайды.

 

 

-Қыс мезгілі

-Үш ай.Желтоқсан,қаңтар,

ақпан

-Қыста су қатады,боран соғады,аяз болады.

-Аю,қасқыр,тиін,түлкі

 

 

Ұйымдастырушылық – ізденістік

1.Балалар мен бүгін балабақшаға келе жатып,сандық тауып алдым.Ол сандықтың ішіне ормандағы аңдарды сиқырлап салып қойыпты.Оларды сандықтан шығару үшін жұмбақтарды  шешуіміз керек.

- Өзі бір қу

Жүрген жері айқай  шу

 - Қыс бойына жатады

Тәтті ұйқыға батады

- Көлеңкесінен қорқып безектейді,

Ал оның баласын көжек дейді

- Ит секілді пішіні

Бірақ адамдарды ұнатпайды

 -Жарайсыңдар балалар! Сонымен қатар аңдарды аңдар саябағынан көруге болады.

2. Балалар енді осы жабайы аңдар туралы бейнероликке назар аударайық.

Енді осы аңдарды қазақша – орысша айтып корейік.

Ойын: «Балаларын ата»

-Балалар,енді жабайы аңдардың баласын атап көрейік.

Қасқырдың баласы- бөлтірік

Түлкінің баласы-мыршай

Қоянның баласы-көжек

Аюдың баласы-қонжық

Ойын жануарды ата

Шарты: балалар шаршыда бейнеленген жануарларды атын атау қажет.

3.Ал енді балалар енді осы жабайы аңдарға байланысты тіл ұстарту жаттығуымызды қайталайық:

Я-ян-ян секеңдеген ақ қоян

Ю-ю-ю қорбаңдаған аю

Кі-кі-кі  бұл айлакер түлкі

Қыр-қыр-қыр бұл көкжал қасқыр

4.Ал балалар енді жабайы аңдар туралы тақпақтарыңды айта қойыңдар.

Мадияр:

Ақ қоян-ау ақ қоян

Үркек қоян сақ қоян

Дыбыс шықса қашасың

Белден бірақ асасың

 

Айлин:

Қасқыр орманда жортады,

Аяздан ол қорқады,

Аспанға қарап ұлиды

Ауылда малды ториды

Айсауле:

Мен тиінмін,тиінмін

Қысқа жылы киіндім

Қоймам толы жаңғаққа

Іші толы үйімнің

5.Балалар енді белсенділік орталығына бөлінейік. Қызыл түс алған балалар менімен бірге мозайка арқылы аңдарды құрастырады.

Ал көк түс алған балалар өнер орталығына барып,түлкінің бейнесін жапсырады.

Сергіту сәті:

Көлбең көлбең көбелең  аю қалай жүреді?

Көлбең көлбең көбелең түлкі қалай жүреді?

Көлбең көлбең көбелең қоян қалай жүреді?

Көлбең көлбең көлбең  қасқыр қалай жүреді?

6.  Дидактикалық ойын.«Мекенін тап»

Шарты: Балалар үй жануарлары мен жабайы аңдардың мекенін тауып,ажырату керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-түлкі

 

-аю

 

-қоян

 

-қасқыр

 

 

 

Қасқыр-волк

Қоян-заяц

Түлкі-лиса

Аю-медведь.

 

 

 

Балалар жабайы аңдардың балаларын атайды.

.

-Балалар жануарлардың атын атайды.

 

-Балалар тіл ұстарту жаттығуын қайталайды.

 

 

 

 

 

Жабайы жануарлар туралы тақпақтарын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қимылмен қайталайды

 

 

 

 

 

 

-Балалар жануарлардың мекенін табады.

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялық - түзетушілік

 

-Балалар бүгін біз сендермен жабайы аңдармен таныстық.Бүгінгі іс-әрекетіміз сендерге ұнады ма?

Ал аңдар сендерге құтқарғандарың үшін сендерге рахмет айтып,сыйлық қалдырып кетіпті.

Қонақтармен қоштасу:

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Бүгінгі келген қонаққа,

Сау болыңыз деп,айтамыз.

Балаларды мадақтау.

 

 

 

-иә

 

 

 

-Сау болыңыздар!

 

 

Күтілетін нәтиже:

біледі:  балалар жабайы аңдар туралы біледі

игереді: Олардың түрлерін  бір-бірінен ажыратуға игереді

меңгереді: жабайы аңдар туралы түсініктері кеңейді.

Просмотров: 322


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст