«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мирас" мектепалды тобындағы ата-аналар жиналысы

20.09.2024

Баяндама: «Бала тәрбиесі баршамызға ортақ»

 

 «Адамның адамшылығы ақылы, ғылымы,

  жақсы ата, жақсы ана,жақсы ұстаздан бол                              

Адам баласын бауырым деу жүректің ісі»

 

 

Баланың жақсысы- әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы. Қоғамның болашағы мен беделіне айқын жол ашар өскелең ұрпақ. Тал бесіктен басталар тәрбиенің тереңді меңзейтіні осында.

 

Ата- ана өз баласын махаббатың нұрына бөлеп,қуанышына, бақытына бөлейді. «Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе»-деп бабымыз айтқандай баланыбесіктен, тіпті бала тәрбиесі туралы сөз ете қалғанда, алты айлық баласын тәрбиешіге әкелген ата-анаға «Сіз балаңызды 1,5 жыл тәрбиесін өткізіп алдыңыз, баланы іште тәрбиелеу керек» деген еврей халқынын мысалын келтіріп жатады.

 

Баласының жақсы болғанын армандамайтын ата-ана жоқ. Тіпті баласының болашағы үшін отқа да,суға да түсетін ата-аналар бар. Бала тәрбиесі- қиында күрделі процесс. Біз баламыздың тәрбиелі де өнегелі болып өсіп, өз қатарының алды болғаның қалаймыз. Бірақ баламызды осы мақсаттарға тәрбиелеу үшін үлкен еңбек, күш –жігердің қажет етеді.

 

Бала тәрбиесін ойлайтын ата- ана ең әуелі өзін тәрбиелегені жөн болар еді деп ойлаймын. Балаға дұрыс тәрбие берудің өзекті бір саласы жас жеткіншекті еңбекке деген әлеуметтік көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Бұны тек тәрбиеші ғана емес әрбір ата-ана қолға алып, өз балаларының гүл, ағаш егіп, көгаландыру сияқты игілікті іске қатысуын қадағалап отыру. Сонда ғана еңбексүйгіштік қасиет берік дағдыға айналады.

 

Тәрбиенің от басынан басталатыны сөзсіз. Күнделікті « беті қолыңды жу, тісіңді тазала, өтірік айтпа, біреудің затын рұқсатсыз алма т. б» деген сияқты сөздерді айтуға жеңіл болғанмен, осы сөздердің тәрбиелік мәні зор екенін естен шығармау керек. Осыдан бала тазалыққа, шыншылдыққа, ұқыптылыққа үйренеді. Адам баласының шыр етіп өмірге келгенде көретіні ата - ана, ал ата - ана өмірінің жалғасы - бала. Баланы тәрбиелеуде ата – ананың бір – біріне деген қарым - қатынасы, қалай сөйлесетіндігі, туған – туыспен, көрші - көлеммен қалай араласатындығы, келген қонақты қалай сыйлайтыны, тіпті ұсақ-түйек болса да қалай тамақтанатыны, дастархан басындағы әдептілігі, қалай киінетіні бұның барлығы балаға әсер етеді. Бала үлкенге қарап өседі. Баланы үнемі ұрып - соғып, қателескен жерінде қатаң жазалап тәрбиелеудің қажеті жоқ. Ақылмен, мысал келтіре отырып түсіндіру керек.

 

Тәрбиенің мақсаты пәнді керемет меңгерген оқушы тәрбиелеу емес, ең бастысы Адамды тәрбиелеу. Шәкәрімнің: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл саналар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді»- деген сөзі бар. Адамгершілікке тәрбиелеу ісі білім берумен ғана шектелмейді. Бұл баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады.

Ана - тілінің тағдыры отбасынан басталады. Рухани байлық дүниетаным, түсінік, рух, иман отбасынан осы түсініктерді ана - тілі арқылы халықтың сарқылмас мол рухани қазынасынан сусындаса, өзіміздің дәстүрлі ұлттық дүниетанымымыздың арнасында әлемдік өркениет жетістіктерін игеріп терең меңгерсек, ешкімге есемізді жібермейтін дәрежеге жетсек, онда дербес ел ретінде нық тұрамыз. Қазақ халқы баланы дүниедегі барлық асылдан жоғары бағалаған, болашағына, арманына бағалаған. Сондықтан да халқымыз «Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар» деп асыл сөзін арнаған.

Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез - құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл - қыздармен үй шаруасында жүріп - ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа.

Балаға уақытым жоқ деп тиып тастамай, сұрақтарына жауап беріп өз пікіріңізді ортаға салсаңыз ол баланың ойында дұрыс пікір қалыптастырады. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»- дейді Әл - Фараби. Сонымен қорыта келе, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата - аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды отансүйгіштікке, ата - баба салт - дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу баршаға бірдей міндет.

 

Просмотров: 662


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст