«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мирас» мектепалды тобындағы Танымдық ойын іс-әрекеті.

15.02.2024

Мақсаты: Танымдық ойындар арқылы балалардың қабілеттерін дамытып санауға үйрету.  Жылдамдық  пен  сәкестендіріп орналастыруға  бейімдеу.

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының базалық оқу жоспарына сүйене отырып, балабақша қабырғасында тәрбиеленіп жатқан ұрпақты оқыту, дамыту, тәрбиелеу басты мақсат болғандықтан. Балалармен оқыту, білім беру жұмыстары үздіксіз орындалып отырады.

Құзыреттілік  ұғымында «нәтижеден» қалыптасатын білім мазмұны интеграциясы; құзыреттіліктер тек білім беру мекемелеріндегі оқыту үдерісінде ғана емес, яғни дәстүрлі және дәстүрден тыс білім алу жағдайында қалыптасады.

      Мектепке дейінгі жаста баланың зейіні қабылдауына тығыз байланысты.

Балалардың зейінін іс-әрекетті ұйымдастыру бейнелерге, дыбыстарға, дауыстың өзгеруіне, ғажайып интонацияға тіреніп ерікті назарды «еріксіз» бейімделуге қызықтырады.

        Мектепке дейінгі жаста барлық үш ойлау дамиды және қызметін атқарады: көрнекі-әрекеттік, бейнелік және сөздік-логикалық. Олардың әр қайсысы өзіндік қарым-қатынас пен байланысты орнатуға, заттардың сипатын жалпылауға көмектеседі.

Ойлау қабілетін дамытуға арналған ойындар:

«Тамшылар» ойыны

Мақсаты: Тамшыларды санау арқылы сандармен сәйкестендіру.

«Түрлі-түсті жұмыртқалар»

Мақсаты: Түсті жұмыртқалардағы нүктелерді санай отырып, сандармен сәйкестендіріп құрастыру.

«Кім жылдам?»

Мақсаты: Карточкалар арқылы суреттермен жұмыс. Амал есептерді шығару.

     Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балалардың     ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді,әрі пысықтауды көздейді.

        Қорыта келе, мектепке дейінгі мекемедегі баланың танымдық құзыреттілігін дамытуда біртұтас кеңістікті қолдану керек. Яғни, балаларды жан-жақты, барлық танымдық қасиеттерді дамытуымыз керек.

Жеке тұлғаның қалыптасуында ең тиімді жол жаңа тұлғаны қамтитын, қабілет, білім, икем, дағды, тәжірибе, көзқарас болып табылады.
Балаларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, олардың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу мақсатында сауаттылыққа баулу – бүгінгі күн талабы. Осыған орай мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде баланың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған болса, тәрбиеші баланы жігерлендіруші, жол көрсетуші, қуат беруші болып табылады.

 

Тәрбиеші: Шакиева Ж.О.

Просмотров: 424


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст