Тәрбие сағаты: «Қауіпсіздіктің қарапайым ережелері»
Мақсаты: Балалардың қауіпсіздіктің қарапайым ережелері туралы білімдерін бекіту. Үйде, көшеде, балабақшада сақтау керек қауіпсіздік ережелерін ұғындыру.
Көрнекіліктер: суреттер, слайд, бейнероликтер
Біз күнделікті неге мән бермейміз?
Төтенше жағдайлардың басым бөлігі қарапайым тұрмыстық қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болады.
Әсіресе, кішкентай балалардың терезеден құлап кетуі, тұрғындардың басына шатырдан мұз кесегінің құлауы, смартфонның жарылуынан зардап шегу деректері жиі кездеседі. Осы тектес қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін қандай ережелерге айрықша мән берген жөн? Бүгін біз сырт көзге қарапайым боп көрінгенімен, сақталмаса, салдары қиын қауіпсіздік ережелерін сөз етеміз.
1-слайд:
Үй ішіндегі қауіпсіздік ережелерін елемегендіктен, жиі қайталанатын трагедияның бірі – балалардың терезеден құлап кетуі. Осындай жағдайды болдырмаудың жолдары да қарапайым. Ең бірінші, бала ешқашан қараусыз қалмауы тиіс. Егер күні бойы қалт жібермей, аңдып отырғанның өзінде, баланың шектен тыс белсенділігінен қорықсаңыз, терезеге арнайы құлып салуға болады. Сонымен қатар, бүгінде терезенің толықтай ашылуына мүмкіндік бермейтін құралдар да ата-аналар арасында үлкен сұранысқа ие. Бұдан бөлек, терезеге темір тор орнатуға болады. Бала қай қабаттан құласа да, қатты зақым алады. Сондықтан, екінші қабаттағы пәтерлерге де темір тор орнату артықтық етпейді.
2-слайд:
"Әрбір батареяның электр сыйымдылығы бар. Мысалы, электронды құрал 2 сағаттан астам қуатталса, батарея ары қарай электр тоғын жинай алмай, атылады. Сол себепті, телефонды түнде қуаттағыш құралға қосып, артынша оны ажыратпай, ұйықтап қалуға болмайды", – дейді сарапшы.
Сондай-ақ, күндіз ток көзіне қосылған телефон қараусыз қалатын жағдайлар да жиі кездеседі. Ондай кезде үйдегі кішкентай бала не ит-мысық оны тістелеп, оларды ток соғуы мүмкін. Сондықтан, қуаттағыш құралдарды электр тоғынан ажыратып жүрген абзал.
3-слайд:
Отшашу кезіндегі қауіпсіздік талаптары қандай?
Жаңа жылға да санаулы күндер қалды. Жасыл шыршаның қарсаңындағы қарбаластың бірі – пиротехникалық заттар таңдау. Алайда көктің көркін келтіретін түрлі-түсті отшашудың пайдасынан зияны көп. Жаңа жылдық түнде жалын шарпып күйік жарақатынан ауруханаға түсетіндердің саны көп дейді сала мамандары.
4-слайд:
Жұмыс орнындағы қауіпсіздік ережелері
Көптеген адамдар күнінің 8 сағатын жұмыста, компьютер алдында өткізеді. Кей қызметкерлер жұмыстан кетерде жеке компьютерін сөндіруді ұмытып кетеді. Егер кеңседе 1 сағаттан көп болмасаңыз, компьютерді өшіріп кеткен дұрыс. Жұмыста компьютерден бөлек, шәйнек, қысқатолқынды пеш, кофе қайнатқыш пайдаланылуы мүмкін. Сондай-ақ, кейбір кеңселер салқын болғандықтан, қызметкерлер қосымша жылытқыш құралдарды қосуға мәжбүр болады. Тіпті кей кісілер "таңертең бөлме іші жылып тұрсын" деген мақсатпен жылытқыш құралдарды алдын-ала қосып кетеді. Бұл дұрыс емес, электр құралдарын қараусыз қалдыруға болмайды. Осы тұста ескеретін бір нәрсе, қосымша құралдар іске қосылған сәтте электр желісіне қатты салмақ түседі. Ол қатты қызған кезде өрт шығуы мүмкін.
5-слайд:
Көлік жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Әкемнің тор тайы,
Май жалап, су ішсе,
Тоқтамай тартады. (Машина)
Көпшілік елей бермейтін, бірақ, маңызды ереженің бірі – көлікте қауіпсіздік белдігін тағу. Көлік жүргізушісі өзі де белдік тағып, басқа жолаушылардан да соны талап етуі тиіс. Жүргізуші егер сіз белдікті тақпасаңыз, мен орнымнан қозғалмаймын" деген принципті ұстануы керек.
6- слайд:
Қала ішінде серуендеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Қала көшелерінде бағдаршам жанында тура көліктерге тақалып тұратын жолаушыларды жиі байқауға болады. Мұндай жаяу жүргіншілердің бағдаршамның жасыл түсі жанғанша жолдан бірнеше метр алыстау тұрғаны абзал. Тіпті жасыл түс жанғанның өзінде, көліктердің тоқтағанына көз жеткізіп барып, жолдан өткен жөн. Сонымен қатар, көпір не жерасты өткелін пайдаланбай, жолды кез келген жерден кесіп өте салатын жолаушылар өзінің де, өзгенің де өміріне қауіп төндіреді.
Сондай-ақ, жаңадан салынып жатқан ғимараттардың жанынан абайлап өтуге кеңес береді:
Әрбір адам өз қауіпсіздігі үшін жауапты. Сондықтан, сақ болыңыз, құрылыс нысандарының маңайын, ой-шұңқыры көп жерлерді айналып өтіңіз".
«Мирас» мектепалды тобы
Тәрбиеші: Шакиева Ж.О.