«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

23.01.2017

Ата- ана мен баланың арасындағы қарым- қатынасты жақсарту ережелері.

 

    Мақсаты:

Ата- ана мен бала арасындағы қарым- қатынасты нығайту. Ата-ананың балаға деген

махаббатын, сүйіспеншілігін, жауапкершілігін дамыту.  

   Отбасын бақыт жағалауын бетке

алып, өмір айдынында жүзіп келе жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегін әке

мен ана дер едік. Сондықтан ата-ананың үлкен мақсаты — өз баласын үлкен әріппен

жазылатын АЗАМАТ етіп тәрбиелеу.

Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас Адамзатты тәрбиелеу өте ұзақ және

күрделi процесс. Жеке бастың қалыптасуы, оның рухани жағынан дамуы бала кезден

бастау алады. Жас шыбық иiлуге қандай икем болса, бала да тәрбиенi қабылдауға

сондай бейiм. Отбасы тұлға қалыптастырушы бесік. “Азамат қалыптастырамын

десең, бесігіңді түзе” – деп, ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. 

 Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана

баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға

ұмтылу, халықтың тәлімдік мұрасын сақтауға көңіл бөлу, туыстық, отбасылық

қатынастарды бала кезінен қалыптастыру. Адам қарым-қатынас арқылы

айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына

машықтанады.

  Баланы туғаннан  5 жасқа дейін патшаңдай сыйла .

    Баланы жақсы көріңіз және көмектесіңіз: Бүгінгі

бала – бұл ертеңгі өркениетті қоғам мүшесі. Қазіргі кезде балаға өмір беру –

оны жолбарысы бар торға  лақтырғанмен бірдей.

  Балалар қоршаған ортаны бақылауға қабілетсіз, оларға бұл үшін шынайы мүмкіндіктер жоқ.

Оларға өмір сүру үшін махаббат және көмек қажет. Ең әрекетті құралдың бірі –

бұл тек баланың досы болу. Балаларды бақылаңыз.

Балалардың өз өмірі туралы айтқанын тыңдаңыз. Сіздерге көмектесуіне мүмкіндік беріңіз.

Бақытқа бастар жолдың бір бөлігі – өз бетіндік өмірге

аяқ баспайынша оларға жақсы көретініңізді білдіріңіз және көмектесіңіз.

Егер балаңыздың еңбекқор, еңбексүйгіш болғанын

қаласаңыз мына ережелерді ұстаныңыз:

Балаларыңыздың отбасылық жұмыстардың қандай да бір түрінен аулақтатпаңыз. Еңбек  дағдысы

әдетке айналғанда ғана нәтиже береді. 

Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты әлеуметтік зерттеу және болжам жүргізу жұмыстары 
Адам тәрбиелеу, өзінің туған ұлы мен қызын тәрбиелеу-азаматтың ең бірінші 
аса маңызды қоғамдық қызметі, оның азаматтық борышы. 
В.А.Сухомлинский 

Тәуелсіз еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына

көтерілу болса,оған қол жеткізудің негізгі жолы әлемдік білім кеңестігінен орын

алу болып табылады.  

Отбасы- баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы

қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтарын біліп, өзін қалай ұстау керектігі

туралы алғашқы мағлұматтарды береді және онда басқалармен қарым- қатынас

орнатуында іс жүзінде дағдыланады . Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени, экономикалық

жаңғырулар әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы

мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Отбасы

асыраушы әке ғана емес, ана да оған елеулі үлес қосу себепті олардың рөлдік

қызметі теңеліп, бұнымен байланысты жауапкершілік, сипаты да өзгермелі күйге түсті.

Көп жағдайда әке жауапкершілігі әлсіреп, керісінше аналар отбасы үшін

жауапкершілікті өз мойындарына алуда. 

Ата- ана мен бала арасындағы қарым-қатынас қауіпті күшке ие, көзге көрінбейтін

ықпал, әсер дегенді бала ақылымен пайымдай алмаса да сезініп түйсінеді. Ер бала

болсын, қыз бала болсын әке шешесі не істесе де оған үлгі, өнеге, содан

үйренеді,  көргенін бірде болмаса бірде

қайталайды. Ата- ананың ықпалы өзінен-өзі бола қалмайды, балалар олардың

қылықтарын көздерімен көреді, ал бір көргеннен тағы бір, сосын тағы бір рет

көрген соң, ол есте мәңгі қалып, санасынан мықтап орын алады. Балаға отбасы

мүшелерінің сөзі, мінез-құлқы ғана емес, ондағы қоршаған заттарда әсер етеді.

Үйде кітап көп болса отбасы иелері әкесі мен шешесінің ұстағаны қағаз, қалам,

оқығаны кітап болса, баланың да көз ашып көргенінің қаншалықты әсерлі болатыны

ғылыми- педагогикалық, әдістерде де айтылып келеді. 

Практикалық жұмыстар нәтижесінде ата-ананың балаға ықпал ету әдістерін 

• Ықпал ету арқылы баланың психикасын тежеу 

• Ықпал ету арқылы баланың өзіне сенімін нығайту 

• Ықпал ету арқылы қуаныш сезімін ояту 

• Ықпал ету арқылы теріс әрекеттерге итермелеу- деп топтастырдық 

Ата-ананың балаға ықпал ету әдістерін топтастыру 

1 Ықпал ету арқылы баланың өзіне сенімін нығайту. Нандыру, сендіру, иландыру,

ақыл-кеңес, іс-әрекетін қуаттау, нұсқау, қолдау, орынды көтермелеу  болу. Өзіне сенім артады 

2 Ықпал ету арқылы тежеу. Ата-ананың балаға дегенін күштеп істеуі, қақпайлау,

үстемдік пиғылын көрсету,беделі мен басыну, санаспау.  

Ықпал ету арқылы қуаныш сезімін ояту Орынды мақтау, мадақтау,көңілін

көтеру, демалысын ұйымдастыру, керекті деңгейде қажетін өтеу. Көңілі өсіп

марқаяды, батырлық, өзі-не сенімі,өмірге құштарлығы, қабілеттері ашылады. 

Мақсаты: Проблемалық тақырыпты шешуге ата- ананы да

қатыстыру, оның ізденушілігін, білімділігін зерттеу,  әлеуметтік педагогтың берген бағытымен жұмыс

жасауға қалыптастыру. Сонда ата- ана өз баласының басқалардан төмен болып

қалмас үшін қолынан келген көмегін аямауға тырысады. Ата- ананың жауапкершілігі

артады. 

  Ата-аналарға кеңес:

Егер үнемі баланы сынап отырса, оның оқуға құлқы болмайды;

Балаға үнемі күлсе, ол бұйығы болып өседі;

Баланы үнемі мақтап отырса, ол өз қадірі үшін оқиды;

Баланы қолдап отырса, ол өз бағасы үшін оқиды;

Бала төзімділікте өссе, ол басқаларды түсінуге үйренеді;

Бала адалдықта өссе, ол адал адам болып жетіледі;

Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамдарға сеніммен қарайды;

Бала кекшілдікте өссе, ол қатігез болып өседі;

Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.

Баланы түсінуге тырысу;

Сеніміне қолдау жасау;

Бәрінің өткінші екендігін түсіндіру және тыныштандыру;

Жиі мақтап жаман ойлардан арылту;

Кейімеу, жазаламау;

Өмірін жақсартып,оны жақсы көру;

Қарым-қатынасты қалыпқа келтіру:

Қорқынышты фильмдерге уақытша шектеу жасау.

Жанұяның негізгі міндеттері:

Баланың үздіксіз дамуын қадағалап отыру;

Баланың денсаулығына қамқорлық жасау;

Баланың оқуына көмек беріп отыру;

Еңбек тәрбиесі және мамандық алып шығуына көмектесу;

Баланың жан-жақты дамуына көмектесу;

Баланың қызығушылығын, бейімділігін, шығармашылығын дамыту;

Баланы өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға дайындау;

Балаға жақсы тәрбие беру, болашақ өмірге дайындау

 «Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға,

еңбекке баулы», дейді ғұлама А.Құнанбаев.

  Бүгінде балаларға мейірім төге отырып, биік белестерге жетуіне жауапты екенімді еш

уақытта естен шығармайық.

 

 

 

 

 

Просмотров: 707


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст