Қазақстандағы
білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-
экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Оның мақсаты- мүмкіндігі шектеулі
жандардың оқып, кәсіптік даярлықтан өтуі үшін кедергісіз орта құру. Елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы
ресми дерек «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында» көрсетілген болатын.
Осы бағдарламада аталған мәселелер
жыл кезегін күтпей-ақ біртіндеп
шешіліп келеді.
Бұл өзгерістер мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде де жүріп жатыр. Мектепке
дейінгі мекеме басшысы ретінде мен де
өзім басшылық жасайтын Бұланды ауданы Макинск қаласы «Балдырған» мектеп-
балабақшасында бірте- бірте инклюзивті
білім беруді енгізуге байланысты әртүрлі жұмыстар мен қолайлы жағдайлар жасай
бастадым.
Негізгі мақсатымыз: инклюзивті білім беру
кезінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасының қолжетімділігін
қамтамасыз ету.
Міндеттер:
1. Мекемеде инклюзивті
ортаны бейімдеу;
2. Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-
педагогикалық қолдау үшін пункттер құру;
3. Педагогтардың
инклюзивті білім беру беру бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтулерін
ұйымдастыру;
Мектеп- балабақшада осы міндеттерді орындау
бойынша қандай жұмыстар жасалды? Инклюзивті білім беру жүйесі қалай іске асып
жатыр? деген сұрақтарға жауап беріп көрейін.
1-міндетті орындау бойынша,
мектеп-балабақшада талапқа сай жақсы жабдықталған спорт залы, һауыз, музыка залы, аулада спорт және ойын алаңдары бар. Ғимараттың 2
негізгі есіктерінде 2-пандус орналасқан. Жақтаулар (поручни) - 80см. Пандустардың
ұзындығы 12 м , ені1,20 м, биіктігі-1,08 м. Сонымен бірге 2 шақыру нүктесі бар.
2-міндетті орындау бойынша, мектеп-балабақшамызда Ақмола облысы Бұланды ауданы
білім бөлімінің № 295 бұйрығы
негізінде 2014 жылдың 4 мамырынан бастап Логопедтік пункт
ашылды. Мектеп- балабақшада тәрбиеші
қызметін атқарып жүрген Жаксалыкова Анар Сабитқызы 2014 жылы Алматы қаласындағы Түзету педагогикасының
Ұлттық ғылыми-практикалық орталығында «Мектеп жасына дейінгі сөйлеу тілінде
бұзылыстары бар балалармен түзету педагогикалық жұмысын ұйымдастыру» тақырыбы
бойынша курстан өтті.
Қазіргі кезде логопунктта Мусалимова Мөлдір Арыстанбекқызы «Мектепке дейінгі жастағы жалпы тілі дамымаған балаларды
оқыту мен тәрбиелеудің арнайы типтік бағдарламасы» мен «Фонетикасы мен
фонематикасы толық дамымаған балаларды оқыту мен тәрбиелеу» бағдарламаларын
басшылыққа ала отырып қызмет етуде.
3-міндетті орындау бойынша, мектеп- балабақшада педагогтарымыздың
біліктіліктерін жоғарылату бойынша да жұмыстар жүргізіліп тұрады. Атап
айтсам, педагог- психолог Каменова Жанар
Забиноллақызы мен логопед Анар Сабитқызы 2014 жылы маусым айында «Технология
инклюзивного образования для педагогов, специалистов образовательных
учреждений» тақырыбындағы тренингке қатысып,
Сертификатқа ие болды.
Биылғы оқу жылында логопед - Мусалимова
Молдір Арыстанбекқызы 2017 жылдың 20 ақпанынан 01 наурызға дейін Алматы
қаласындағы Түзету педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығында
«Арнайы МДҰ-дағы тіл кемістігі бар аутизмге шалдыққан және кохлеарлы
имплантация жасалған балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету»
тақырыбында біліктілік арттыру курсынан өтті және «Кемеңгер» оқу- әдістемелік
орталығында 2016 жылы 288 сағат көлемінде «Логопед» қайта даярлау курсынан өткені жайлы құжаты
бар. Тәрбиеші Тастубаева Әсел Серікқызы Омск қаласында сырттай дефектолог
мамандығына жоғары білім алуда.
Бұдан басқа да әртүрлі инклюзивті білім беру
бойынша мекемеде әртүрлі жұмыс түрлері жүргізілуде. Мекемеде түзету және
инклюзивті білім беру барысында
балалармен және
ата-аналармен бірлесіп жұмыс
жасайтын мамандар тобы да бар:
-Педагог- психолог
- Музыка жетекшісі
- Дене шынықтыру нұсқаушылары
-Медбике
-Тәрбиешілер
-Әлеуметтік педагог
-Логопед
Әрбір педагогтың инклюзивті білім беру бағытында жүргізетін жұмыстарының
маңызы зор.
Психолог маманымен жүргізілетін психологиялық жүктемені анықтау және тіл
мүкістігінің бұзылуын түзету жұмыстары балаларды мектепке дейінгі
мекемеде оңай бейімделуіне, дамуына және білім алуына көмектеседі. Тәрбиешілермен жүргізілетін өзара байланыс балалардың бойында бастапқы сөйлеу дағдыларын
қалыптастыруға көмектеседі.
Мектеп-балабақшамызда логопедиялық қызмет жүйесі балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарын түзету үрдісінде
маңызды орынның бірін алды. Логопедиялық қызмет жүйесінің негізгі мақсаты- сөйлеу тілінің әртүрлі ауызша бұзылыстары бар мектепке
дейінгі балаларға логопедиялық көмек көрсету, сонымен қатар олардың тілдік
дамуының ерекшеліктеріне сәйкес даму мүмкіндігі шектеулі балаларды
оқыту, тәрбиелеу және әрі қарай
әлеуметтік бейімдеу мен қарым-
қатынасының жағымды әрі тиімді жағдайларын құру болып табылады.
ПМПК-ның қорытындысы бойынша логопунктке
қабылданған сөйлеу тілінде мүкістігі бар
балалардың саны:
2014-2015 оқу жылында. 2015-2016 оқу
жылында
27 –тәрбиеленуші қабылданды. 18 –тәрбиеленуші қабылданды
19- тәрбиеленуші шығарылды 15- тәрбиеленуші
шығарылды
8-тәрбиеленуші әрі қарай
жұмыс 3- тәрбиеленуші әрі
қарай жұмысты жалғастырамыз
жалғастырамыз
2016-2017 оқу жылында.
21 –тәрбиеленуші
қабылданды
16 –тәрбиеленуші шығарылды
5- тәрбиеленуші әрі қарай
жұмысты жалғастырады.
Логопункттен басқа мектеп-балабақшадағы қарапайым 15 топтың 2-уіне дене дамуы бұзылған 2 бала тәрбиеленуде.
Логопед маманының ең басты мақсаты ауызша сөйлеу кемшіліктерін жою және
алдын алу жөнінде балалармен түзету сабақтарын жүргізу. Сөйлеу картасы арқылы
баланың сөйлеу кемшіліктерінің құрылымы мен деңгейін, оларды түзетудің
әдістерін анықтайды, дамудағы сөйлеу кемшілігін, сөйлеу қызметінің бұзылуын
түзету үшін топтық және жеке жұмыстар өткізеді. Айна алдында артикуляциялық жаттығулар жасайды. Логопед
дыбыстардың айтылуын жөндеп қана қоймайды, сонымен қатар дұрыс сөйлеу, ырғақпен
сөйлеу мәнерін қалыптастырады. Балалардың тіл кемістігін жою жолдарында
артикуляциялық аппаратына, тыныс алуға және қол моторикасына арналған, көзге
арналған жаттығулар өткізеді. Балалардың тіліне және бетіне массаж жасайды.
Мектеп- балабақшада ұйымдастырылған Балалар хоры да балалардың дұрыс сөйлеуі,
дыбыстарды дұрыс айтуына, тыныс алуына
жақсы әсер етіп, Логопед жұмысына көп көмек тигізеді.
Музыка жетекшілері балалардың музыкалық және сөйлеу
дағдыларын дамытады; музыканың, қозғалыстың, сөйлеудің ырғақтық
жағын қабылдау қабілетін дамытады; дұрыс фразалық демалуды
қалыптастырады; дауыстың күші мен үнді
дамытады.
Педагог- психолог маманы Каменова Жанар
Забинуллақызы баланың психологиялық даму
деңгейін зерттеп, танымдық, тұлғалық, эмоционалды-еріктік қабілеттерін дамытуға
бағытталған түзету-дамыту жұмыстарын жүргізеді: баланың өзіне деген қатынасты
жақсарту, өз эмоциясын басқара алу, қоғамда өзін еркін ұстау, танымдық қызығушылығын арттыру, өзін-өзін бағалау.
Тренингтер, танымдық ойындар мен жаттығулар, релаксация арқылы баланың
психологиялық дамуына жағдай жасайды. Ата-ана мен педагогтарға кеңестер береді,
топта, жағымды атмосфера орнатады.
Дене шынықтыру нұсқаушылары баланың дене бітімінің дамуына, жетілуіне арналған
жаттығулар, ойындар өткізу арқылы баланың ірі және ұсақ моторикасын дамытады,
қозғалыс координациясын түзейді, бұлшық еттерін қатайту және босата алу қабілеттерін
дамыту бағытында түзету жаттығуларын өткізеді.
Балалардың денсаулығын қалыптастырып, шынықтыруда, түзету-дамыту жұмыстарын жүргізуге суда жүзудің де
пайдасы көп. Суда жүзуден нұсқаушысы білікті маман І санатты педагог Галина
Иосифовна балалармен тиянақты түрде жұмыс істеп, балаларға жүзудің алғашқы дағдыларына үйретуде. Һауызда
балалармен шынықтыруды жүйелі өткізу баланың теріс эмоциясын (жылау, қорқу,
мазасыздық) тудырмайтын және біртіндеп үйрету үшін нұсқаушымен бірге медбикелер
және тәрбиешілер қадағалап тұрады.
Балалардың қимыл іс-әрекетін жетілдіру, қозғалыс координациясын қалыпқа келтіру тек дене шынықтыру сабақтарымен шектелмейді.
Би қимылдарын, музыкалық ойын әрекеттерін орындауға талпындыру үшін
мектеп-балабақшамызда І санатты би
жетекшіміз Ильмира Жұмабайқызы би үйірмесін жүргізуде.
В. А. Сухомлинский «Тек ата- аналармен бірге жалпы күш- жігерді біріктіру арқасында педагогтар балаларға
үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін» деген. Сондықтан, мектепке дейінгі ұйымның
ең негізгі жұмыстарының бірі –ата- аналармен жұмыс болу қажет деп ойлаймын. Психикалық
дамуы тежелген баланы психологиялық- педагогикалық қолдау қызметінде ата-
аналарға кеңес беру, оларды бала дамуының мазмұнымен ақпаратттандырып отыру өте
маңызды.
Мектеп- балабақшада ата- аналармен жұмыстың бірі- мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылмаған балалары бар ата- аналар үшін 2013-2014 жылы ашылған консультациялық пункт жұмысы.
Бұл пунктте мектеп- балабақшаның педагогтары ата- аналарға жеке және топтық кеңестер береді. Ата-
аналарды толғандырған сұрақтар бойынша төмендегі мамандар кеңес береді:
-әдіскер
-педагог- психолог
-логопед
-медбике
-тәрбиеші
Консультациялық пункт жұмысы бойынша бұйрық шығарылып, жылдық жоспары жасалған, консультациялық пункттің жұмыс кестесі, ондағы қызметкерлердің жұмыс кестесі, ұйым мен ата- ана
арасындағы келісімшарт, тіркеу журналы т.б. құжаттар жинақталған.
Инклюзивті білім беру- күрделі мәселе. Ол 1-2 жылдың ішінде атқарылған жұмыспен шектеліп қойылмауы керек.
Сондықтан алдағы уақытта да осы бағытта жұмыстар жоспарланып, жүргізіледі.
Алдымызға қойылған міндеттер:
1. Мекемеде инклюзивті ортаны бейімдеу жұмыстарын жалғастыру, соның ішінде
топтардағы санитарлық- гигиеналық орындарда жақтаулар орналастыру.( поручни)
2.Педагогтардың білімдерін көтеру жұмысын жалғастыру. 2018 жылдан бастап
дефектолог мамандығын штатқа енгізу.
Сөзімнің соңында елімізде «инклюзивті білім
беру машинасы» іске қосылған болса, ол міндетті түрде мәресіне жетеді дегім келеді.
Сол жолдың қысқа болуы үшін әрқайсымызға
мүмкіндігінше күш салуымыз керек. Бала- ата-ана- педагог - отбасы және білім беретін ұйымдар арасындағы
сабақтастықтың ойдағыдай жүзеге асуы тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің алғы
шарттарының бірі болмақ. Біз бала өз әрекетінің қатысы мен керектігін
сезінетіндей жағдай жасауымыз керек.