«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баяндама. Тақырыбы: "Бала тәрбиесі- басты мақсат"

24.11.2017

  Отбасы мен балабақша арасындағы бала тәрбиесі педагогикалық мақсаттар арқылы жүзеге асады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Сіздермен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы

адамзаттық, қадір-қасиеттердің мән маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза,

білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» - деп айтқандай бала

біздің болашағымыз, бала тәрбиесі еліміздің әлеуметтік дамуының, құрылымының

келешегін айқындаушы деп есептейміз. Егемен еліміздің көк туын желбіретер

ертеңгі болашақ, яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса ауқымды, назар салатын

басты мәселелердің бірі.

Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы

қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса,

жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады.

Сәби өседі, уақыт өткен сайын оның айналасындағы кеңістігі де күннен күнге

өзгеріп, ұлғая береді. Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса,

екінші жағынан – тәрбиелік орта. Бүгінгі таңда жас сәбидің өмірін толыққанды

ұйымдастыру үшін балабақшаның да орны ерекше. Бала тәрбиесіне тек балабақша,

мектеп, оны қоршаған орта ғана емес, сонымен қатар отбасы, яғни, әкесі, атасы,

әжесі, ағасы, әпкесі де әсерін тигізеді. Отбасы – қоғамның алғашқы ұясы

болғандықтан, оны нығайту, оның тәрбиелік мәнін арттыруға сол қоғамның басты

назарында болуы керек. Баланың дұрыс тәлім - тәрбиесі, ең алдымен ата - ананың

және тәрбиешілердің еңбексүйгіштігі мен беделіне тікелей байланысты. Бала

тәрбиесі – атам заманнан бастап адамзатты толғандырып келе жатқан өмірдің

өзекті мәселесі.

Бала тәрбиесінде кездесетін сәтсіздіктер ата-аналардың  немесе педагогтардың педагогикалық

сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің

жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата-аналарға

көмектесу тәрбиешілердің бірден бір міндеті болып табылады. Баланың тәрбие

алуына қоғамнан өз орнын табуына жағдай жасауына әрбір ата-ана

педагогика-психологиялық әдіс-тәсілдерге сүйенгені дұрыс. Ата-аналардың барлығы

да жақсы, алайда тіпті нағыз керемет адамның өзі де өмірдегі ойлау стерео

типіне байланысты білімінің жетіспеушілігінен (мысалы, жас ерекшеліктері),

тәжірбиесінің аздығынан қателесуі мүмкін. Сондықтан, кейбір жағдайларда

ата-аналар өздерінің пікірлерін жалғыз дұрыс пікір деп санап, ешкімді тыңдағысы

келмей, қателесіп жатады. Алуан түрлі ата-аналар кездеседі, сол себепті олармен

өзара қарым-қатынас құру барысында тәрбиешіге қиындықтар тууы мүмкін. Бала

балабақшаға жалғыз келмейді, олар бізге ата-аналарымен және жақын туыстарымен

келеді. Көптеген ата-аналардың баланы әкелгенде, үндемей келіп, амандаспай қабағы

түнерген күйі баланы итере салуы ықтимал. Балабақшаға келген кезде әрбір ересек

адам кездейсоқ жүрген адам емес. Ол бала үшін белгілі бір ақпарат көзі болып

табылады. Балабақша жайында ересектердің балаға айтқан ақпараты жағымды болған

сайын педагог пен бала арасындағы өзара іс-әрекет үйлесімді болады. Мектеп-балабақшаның

арнайы күн тәртібі бойынша мезгілінен кешіктірмей әкеліп,уақытында әкетіп

отырған дұрыс. Мезгілсіз уақытта келіп күн тәртібін бұзып тәрбиешіні

алаңдатып,терезеден суретке түсірген секілді артық істермен айналысудың қажеті

жоқ. Ата-ана балабақшаға жұмыс пен үй, тірлік пен қамқорлық әлемінен келеді,

алайда оның көңіл күйі әрқашан да шаттықта бола бермейді.Солай дегенмен баланы

әкелгенде тәрбиешімен қарым қатынаста әрбір ата-ана өзін дұрыс ұстай білгені

жөн. Жалпы отбасы болсын, мектепке дейінгі тәрбие беретін мекеме болсын

тәрбиеленуде мынадай тәсілдерді қолданған жөн: ақыл - кеңес беру, үлгі - өнеге

көрсету, үйрету, түсіндіру, жадында қалдыру, жаттықтыру, салыстыру,

ынталандыру, мадақтау, талап қою, жазалау. Әр ата - ана өз баласына ұстаз

екенін ұмытпауы тиіс.

Тәрбиеші әр баланы жеке - жеке ата - ана арқылы білуі қажет. Ата - ананың

күнделікті өміріндегі еңбегі, мінез - құлқы, балаға қарым - қатынасы баланы

тәрбиелеп отырған тәрбиешіге де аян болуы қажет.  Баланы сонда барып дұрыс тәрбиелей аламыз.

1. Баланы сәби ол әлі ештеңе білмейді, ұқпайды деп жәй көзбен қарамау керек,

өйткені ол да жетіліп келе жатқан тұлға.

2. Баланы әр уақытта шындыққа үйрету. Еш уақытта алдамай ащы болса да шындықты

ашып айтып, сол жағдайға дұрыс көзқараспен қарауға жағдай туғызу.

3. Баланың әрбір ісін уақытымен істеуге күнде қадағалау.

4. Баланың әрбір ісін қадағалап, оған деген көзқарасыңызды қалай болса да

нәтижеге жеткізуіңіз керек.

5. Баланы өз бетімен жұмыс жасауға және өзге баланың жұмысын бағалауға үйрету

керек.

Мектепке дейінгі тәрбие беретін мекеме халықтық білім беру жүйесінің алғашқы

баспалдағы. Бұл ортада бала бұйығылықтан арылып, көпшіл, ұйымшыл болып өседі.

Тәрбиеші өз қарауындағы әр баланың әрқайсысына мейірім нұрын сыйлай, ана орнына

ана болуы қажет. Отбасындағы тәрбие педагогикалық тәрбиемен ұштасуы қажет.

Отбасының мектепке дейінгі мекемелерімен байланыстылығы өте маңызды.

Мұндай байланыссыз жас ұрпақты жақсы тәрбиелеу мүмкін емес.

Бала тәрбиесі жөніндегі сұрақтың ата - анамен яғни отбасымен байланысты болуы

педагогикалық ұжымның ең негізгі міндеті.

Мектепке дейінгі ұйымы мен отбасы ынтымақтастығын нығайту үшін тәрбиеші мен ата

- ана арасында үлкен байланыс болуы қажет.                                                                                         

Өзара қарым-қатынастың тағы бір маңызды элементі – бұл тәрбиешінің де ата-ананың да, жағымды ойды пайдалану қабілеті, яғни кез келген қалыптасқан жағдайдан жағымды нәрсе көру. Кез келген жағдайда көңіл

қоя тыңдау арқылы мейірімділік, жарқын жүзділік және құрмет таныта отырып, бір-бірінің

 алдында жағымды қасиеттерін ашу. Бұл күнделікті мына қарбалас өмірде оған

әдемілік пен жарқындықты көруге, кез келген қиын жағдайда пайдалы тәжірбие алуға, жылдам өтіп бара жатқан күндерден қуаныш пен бақытты сәттерді табуға және ләззат алуға мүмкіндік береді. Осындай

іс-әрекетпен баланың сүйіспеншілік пен қолдау, түсіністік

пен табыстылыққа деген сенімнің қоршауында өсіруіне жағдай жасаймыз.

«Болар елдің баласын сәнінен емес сәлемінен танимын» деген екен қариялар,

сондықтан да әр баланы елдің үлкен беделі зор азаматы етіп тәрбиелейік, ағайын!

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 556


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст